Алматы энергетика


дәріс. Жобалық талдау. Энергетикадағы техника-экономикалық



Pdf көрінісі
бет24/28
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#50834
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
ЭЭ Саласыны4 экономикасы

8 дәріс. Жобалық талдау. Энергетикадағы техника-экономикалық 
есептеулер
 
Дәрістің мақсаты: қолданыстағы және де жобаланатын объектілерді 
экономикалық бағалаудың дәстүрлі және қазіргі әдістері туралы білімдерді 
қалыптастыру.
Дәрістің мазмұны:
1) Энергетиканың дамуындағы инвестицияның экономикалық маңызы 
және оны қаржыландыру көздері.
2) Техника-экономикалық есептеулердің мақсаттары. Салыстырылатын 
нұсқалардың салыстырылымдық шарттары.
3) Капиталды салымдардың экономикалық тиімділігін есептеу әдістері.
4) Инвестициялық жоба кезеңдерінің сипаттамасы. 
5) Инвестиция тиімділігін есептеу.
 


48 
8.1 Энергетиканың дамуындағы инвестицияның экономикалық 
маңызы және оны қаржыландыру көздері 
 
2030 жылға дейін инвестицияның жалпы көлемі 9,5 трлн теңге 
деңгейінде жоспарлануда. Қазақстанда 2015 жылы электр энергиясын тұтыну 
көлемі 100 млрд. кВт·сағ, 2030 жылы – 145 млрд. кВт·сағ деңгейінде болады. 
Электр энергиясын өндіру көлемі 2030 жылға қарай 150 млрд. жетеді. 
экспорттық әлеуетті, сондай-ақ, жүйе қуатының қажетті қорларының болуын 
қамтамасыз етеді. Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, 
2030 жылға қарай экспорт әлеуеті де артады.
Болашақта қолданыстағы қуаттарды қалпына келтіру және жылу 
стансаларының орнатылған қауаттарын көмір технологиясын қолданып 7,2 
ГВт-қа, су электр стансаларын қолданып 0,7 ГВт-қа, жаңартылған көздерді 
қолданып 3,4 ГВт-қа арттыра отырып, жаңа қуаттарды қосу жоспарлануда.
Қазіргі заманғы жабдықтар негізінде энергетика кәсіпорынын табиғи 
дамыту және жаңарту инвестиция формасында көрініс табатын едәуір 
қаржылық ресурстарды талап етеді.
Инвестиция – қоғамның электр энергиясына қажеттіліктерін толық 
қанағаттандыру және пайда алу мақсатында электр стансалары мен электр 
желілерінің жаңа жабдығын жасауға және қолданыстағы жабдығын жаңартуға 
бұл ұзақ мерзімді қаржы салу.
Жалпа жағдайда инвестицияларға тек капиталды құрылыстың алдын ала 
төлемін төлейтін қаржы ғана емес, сондай-ақ, құнды қағаздарға салынатын 
(акциялар, облигациялар) және басқа да ұзақ мерзімді мақсаттардың 
қаржылық салымдары да жатады.
Дегенмен, инвестициялық қызметтің бірінші бағыты басым маңызға ие 
және саланың және оның құрамына кіретін ұйымдардың инвестициялық 
қаржысының құрылымында ең көп үлес салмағын алады.
Сондықтан да «инвестиция» ұғымын сала дамуындағы капиталды 
салымдармен теңестіреміз.
Капиталдық салымдар – жаңа кәсіпорындарды құруға, әрекеттегі 
энергокәсіпорындарды және олардың өндірістік және бейөндірістік бағыттағы 
негізгі қорларын кеңейтуге, қайта құруға және техникалық қайта 
қаруландыруға кеткен шығындардың жиынтығы.
Байланыстағы инвестициялық қызметті қаржыландырудың негізгі 
көздері болып табылады: 
- меншікті қаражат; 
- несиелік/қарыздық және тартылған қаражат; 
- бюджеттен қаржы бөлу; 
- шетелдік инвестициялар. 
Байланыс құралдары мен желілерін дамытуға және жаңғырту/жаңартуға 
бағытталған капиталдық салымдардың жалпы көлеміндегі ең жоғарғы 
меншікті/үлес салмақты негізгі және ұйымның иелігінде қалатын басқа да 
қызметтерден 
түсетін 
пайдадан, 
амортизациядан 
тұратын 


49 
энергобірлестіктердің меншікті қаражаты, акцияны сатудан түскен қаражат 
құрайды.
Жалпы инвестицияны қаржыландырудың меншікті қаражатының басым 
бөлігін энергобірлестіктердің амортизациялық аударымдары мен таза 
пайдасын құрайды.
Несиелік/қарыздық және тартылған қаражат ретінде энергетикада 
дәстүрлі түрде банктік несиелер қолданылады, бірақ та ә лизинг және құнды 
қағаздарды сату сияқты қарызға алу формалары лдеқайда белсенді рөлді 
ойнайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет