Алматы облысы, Талғар ауданы, «Т.Рысқұлов атындағы №9 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде өткен
«Цифрлы әлемге – кемел біліммен» политехникалық пәндер онкүндігінің анықтамасы
06 желтоқсан мен 15 желтоқсан аралығында мектепте 1-11 сыныптар арасында «Цифрлы әлемге – кемел біліммен» политехникалық пәндер онкүндігі өткізілді. Онкүндіктің мақсаты, жаңа технология элементтерін тиімді қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын, оқып үйренудегі белсенділігін арттыру, логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оларды оқу іс-әрекетінде жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру, ал мұғалімдер арасында өзара тәжірибе алмасу, цифрлық құзіреттіліктерін артыру мақсатында ұйымдастырылған сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жорағы деңгейде өткізіліп, тиісті дәрежеде бағаланып, кері байланыс жасалынды.
Бірлестіктің онкүндік жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні «Цифрлы әлемге – кемел біліммен» деген тақырыпта онкүндіктің ашылуы өткізілді. Пән болып киінген мұғалімдер математика, физика, информатика саласында ғылымға өз еңбектерімен танымал еліміздің және шетел ғалым, академиктерімен таныстырып, олардың еңбектеріне тоқталды, олар жайлы қызықты деректермен көрермендерді таң қалдырды. Сонымен бірге қазіргі кездегі соцсеттер мен танымал Messenger (ағылш. messenger – курьер, хабаршы) – мәтіндік хабарламалар, аудиожазбалар, фотосуреттер және басқа мультимедиалық құралдармен лезде алмасуға арналған бағдарлама түрлерімен таныстырып, олардың жақсы және тиімсіз жақтары туралы ақпараттар берілді. Кеш өте қызықты өтті. Қатысушы ұстаздар онкүндіктің ашылуын жоғары бағалады.
Апта бойы атқарылатын жұмыстар әр сыныпқа бөлініп берілді. Жоспар бойынша математика, физика және информатика пәндерінен ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізілу жоспарланды.
07.12.2022. күні «Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға есептер шығару»тақырыбында 9 "В" сынбымен Базилов Б. Ж. Сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларды тізбектер мүшелері арқылы топқа бөліп, функционалдық сауаттылыққа қатымты есептер шығартты. Әсіресе қаржы пирамидасының құрылымы геометриялық прогрессия екендігін пирамиданың матрицасына қарап оқушылардың өздері дәлелдеп шықты. Сонымен қатар оқушыларға қаржы пирамидасының құрбаны болудың алдын алу, қаржы сауаттлығы туралы қысқаша бейнеролик көрсетіліп өтті. Сабақта бұдан басқа бактериялардың көбеюі геометриялық прогрессия екендігін және дәрумен қабылдау кезіндегі рецептің заңдылығы арифметикалық прогрессия бағынатындығын түсініп, қажет дәрумен мөлшерін алдын ала болжап есептеді. Plickers бағдарламасында QR кодты пайдаланып элективті тест тапсыру арқылы оқушыларды сабаққа қызықтыра білді. Оқыту материалының мазмұны сынып ерекшелігіне сай сауатты жоспарланған. Оқушылардың математикалық тілдерін дамытуда да мұғалім жақсы жұмыс көрсете білді.
07.11.2022 ж. күні «Математикалық шоу» 5 сыныптар арасында оқушылардың ауызша есептеу қабілетін ойын арқылы жетілдіре отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың есте сақтау, ұйымдастыру, оперативтік ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, байқампаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында сыныптан тыс іс- шараны пән мұғалімдері Қуанышбаев Т., Әбіләкім А. өткізді /денсаулығына байланысты Т.Қуанышпаев қатыспады/. Сайыс таныстыру, логикалық сұрақтар, капитандар сайысы, әртүрлі танымдық ойындардан және үй тапсырмасынан тұрды. Топтар өз тарапынан білімдері мен зеректілігін көрсете отырып осы турлардан сүрінбей өтті. Екі топ та білімдерінің бірдей екенін көрсетті.Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Екі топ жақсы дайындықпен келген.
08.12.2022 ж. күні «Оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін мектеп педагогінің құзыреттілігі» тақырыбында мектепішілік семинар өтті. Семинар өткізуші осы бірлестіктің жетекшісі Х.А. Сагиндикова семинарына презентация жасап, өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарға қатысушы мұғалімдерге аналитика түсінігімен және мазмұнымен таныстырды, білім берудегі аналитиканың мақсаттары мен міндеттерін мен аналитикалық жұмыстың принциптері мен құралдарын түсіндірді. Пән бойынша оқу сапасының деңгейін анықтау үшін деректерді талдау әдістерін қалай қолдану және білім беру деректерін талдауда цифрлық құралдарды (MS Excel, MS Power BI, т.б.) қолдану керектігіне тоқталды. Семинарға қатысушылар өз ойларымен, алған әсерлерімен бөлісті, қатысушылар семинарды өте жоғары бағалады.
08.12.2022ж. күні физика пәні мұғалімі Әкиза Қ. "Механикадағы күштер" тақырыбында 9 « А» сыныбымен мақсаты: ауырлық күші, серпімділік күші және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру сабақ өтіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Оқушыларды «Формулалар» әдісі арқылы топқа бөліп, түрлі-түсті стикерлерге ауырлық күшінің, серпімділік күшінің және үйкеліс күшінің формулаларын жазып, оларды кері аударып тақтаға ілінді, оқушылар таңдап алған стикерде жазылған формулалар арқылы 3 топқа бөлінді. «Веер» әдісі арқылы үй жұмысын тексерді. «Ойлан, Жұптас, Бөліс» әдісі әр топқа өз атауларына сәйкес тақырыпшалары беріліп, оқулықтан оқып, сосын «Bilimland» - тен өз тақырыптары туралы толық мәлімет алды. Аталған әдіс барысында оқушы ең бірінші тақырыбы туралы бейнефильмде көргені мен оқулықта оқығандағы түсінгенін жұптасып түйінді ойларын жазады, сосын оны топта талқылады. Ең соңында әр топ өз тақырыптары туралы сыныпқа жариялап айтып шытқы. «Кім тапқыр» әдісі арқылы деңгейлік есептер жеке орындалып,нәтижелерін топта тексереді. Әр тапсырмадан кейін оқушылардың жұмыстары бағалаланып отырды. «Фигуралар» әдісіарқылы геометриялық фигуралармен оқушылар өздері жасаған жұмыстарына байланысты өз-өздерін бағалады. Сабақ өз дәрежесінде өтті.
09.12. 2022ж. күні информатика пәнінен Құдайбергенова Ш. 5 "Б" сыныбында «Векторлық суреттерді құру» деген тақырыпта ашық сабақ векторлық суреттер жасау және өңдеу мақсатында өтті. Сабақ қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтаны қолданумен өткізілді, сабақта Мәтіндік процессор word туралы оқушыларға көптеген түсініктер берді. Сабақты мұғалім бейнекөрсетілім арқылы түсіндірді, векторлық кескіндерді салу және өңдеу үшін Photo-Brush графикалық редакторымен таныстырып, сурет салғызып оқушылардың қызығушылықтары мен Photo-Brush пен PaintNET. графикалық редакторларының айырмашылықтары мен артықшылықтарыноқушылар өз ойларымен түсіндіре алды. Сабақ өте қызықты әрі тартымды өтті. Қатысушы ұстаздар өте жоғары баға берді.
Сабаққа бірлестік мұғалімдері қатысып талдау жасады. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті, қатысушы ұстаздардың көңілінен шықты.
12.12.2022 ж. күні 10 - 11 сыныптар арасында математика пән мүғалімдері Базилов Б.Ж. және Сагиндыкова Х.А."Қызық екен...." интеллектуалдық сайысын өткізді. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Тапсырмалардың әртүрлілігі мен мазмұны, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға арналған және сайыс тақырыбына сай дайындалған. Бір қызығы 10-11 сыныптан ерікті оқушылар таңдап алынды. Тапсырмалардың әрқайсысының жауаптары видеотүсіндірме арқылы көрсетіліп отырды. Сайыс сабақ өте тартымды әрі қызықты өтті.
15.12.2022 ж Әбіләкім А.С. 6 «А» сыныбымен «Айнымалы.Айнымалысы бар өрнек» тақырыбында ашық сабақ өтті . Сабақ барысында qaz.math.net сайты арқылы топқа бөлінді. Сонымен қатар сабақ барысында топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс қамтылды. Оқыту материалының мазмұны сынып ерекшелігіне сай сауатты жоспарланған. Өмірде кездесетін алгебралық өрнектерді жазып үйренуге бағытталған «Ой тастау» әдісі, топтық, жұптық жұмыстар орындалды. Оқушылардың математикалық тілдерін дамытуда да мұғалім жақсы жұмыс көрсете білді. Жалпы сабақ өз мақсатына жетті
12.12.2022 ж. күні келесі зерттеу сабағымызды геометрия пәнінен «
Достарыңызбен бөлісу: |