Морфология (гр. morf - myp,myrza, logos - соз, ілім) -дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін,грамматикалык сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылыктарын зерттейтін тіл ғылымынын бір сапасы. Морфологияның негізгі материалы- морфема.
Профессор Қ. Жубанов морфологияны «сөз құрылысы» деп алып, «сөз-сөздің қалай құралатынын жалқы түрде қарайтынз ғылымды жалпы морфология дейміз.
Түбір морфема және сөздің негізі.
Грамматика саласындағы ең маңызды мәселелердің бірі - сөздің морфологиялық құрылымы. Сөздің морфологиялық құрылымын дұрыс талдау жасау үшін ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын-ала айқындап алу қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түрлері түбір морфема (немесе негіз морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфема) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді. (Аханов, 1978,271-6.).
Сөздің құрамындағы морфемалар білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметі жағынан және түрған орнына қарай біркелкі болмайды. Мысалы, сүйемін және тілін деген сөздердегі сүй, тіл және е, мін, і, н, морфемаларын салыстырайық. Сүй, тіл бөліктері сөздегі негізгі лексикалық мағынаны, сол арқылы сөздің қандай тұлғада айтылса да жалпы грамматикалық мағынасын білдіреді, басқа түрлі мағыналы сөз жасауға ұйытқы бола алады және басқа формалар бұларға келіп жалғанады. Ал е, мін, і, н морфемалары жеке тұрып ешбір мән-мағына бере алмайды. Тек алғашқы морфемаларға қосылғанда ғана барып оған әр түрлі грамматикалық мағына үстейді және сол алғашқы морфеманың сыртқы дыбыстық ерекшелігіне байланысты кұбылып, өзгеріп те отырады. Айтамын, басын дегендердегі а, ы морфемаларынан сүйемін, тілін дегендегі е, і морфемаларының мағыналық қызметінен ешбір айырмашылығы жоқ, айырмашылық тек дыбыстық жағында, яғни бұлар бір қосымшаның жуан және жіңішке нұсқасы болып табылады.
Қос қызметті аффикстер.
Қазақ тілі аглютинативті тілдер тобына жатады. Сонымен байланысты сөзжасам және сөзтүрленім қызметін көбінесе қосымшалар атқарады. Қосымша термині алғашқы грамматикаларда «приставка», «послелог», «частица» делініп түрліше аталды. «Қосымша» терминін алғаш қазақ тіліне енгізген белгілі ғалым А.Байтұрсынұлы жалғанған сөзінің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейтіндерді – жұрнақ деп атаған. Қ.Жұбанов болса, жұрнақ терминінің орнына «үстеу» терминін қолдануды ұсынған.
Ал Ы.Е.Маманов қосымшаларды, ең алдымен, не сөз жасайтын қосымшалар не форма ғана жасайтын қосымшалар деп жіктеу қажет деген концептуалды пікір ұсынады. Кейін Ы.Мамановтың осы концепциясын дамытқан ғалым С.Исаев қосымшаларды осы негізде бөліп көрсеткен. Ғалым еңбегінде қосымшаларды осы үлгіде жіктеуде өзгешелік кездеседі. Ол сөзжасам қосымшаларының бір тармағы етіп – функциялық қосымшалар деген бөлікті қосады. Бұл қосымшалар - -дай, -дей, -ша, -ше, -сыз, -сіз, -ғы, -гі қосымшалары. Ғалым бұл қосымшаларды жаңа сөз де тудырмайтын, форма да тудырмайтын, контексте ғана өмір сүретін сөзжасам қосымшаларының ерекше қолданысы деп атайды [5, 226 б.]. Қазақ тіл білімінде жоғарыда сөз болған қосымшалардың тілдік табиғаты туралы ең алғаш тың пікір айтқан ғалым Ы.Е.Маманов болды. Ғалымның «Лекциялар курсы» қазақ тілі морфологиясының өзекті мәселелеріне, оның ішінде сөзжасам мен формажасамның аражігі мен есім сөз таптарының құрамында қаралып жүрген қосымшалардың сөзжасамдық, формажасамдық қызметтерін анықтауға арналған. Ы.Е.Мамановтың жетекшілігімен шәкірті Қ.Шаяхметов «Екі функциялы аффикстер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (1973).