беріледі» (Иванова 81, 12) *. «Грамматикалық категориялардың
грамматикалық мағынасы — белгілі бір амал-тәсілдер арқылы
берілетін белгілі бір топ сөздерге не сөйлемдерге тән жалпылан-
ған мағына» (Гак 86, 88) *. Тіпті кей ғалымдар грамматикалық
мағына — сөйлем не сөз тіркесі құрамындағы сөздердің ара қа-
тынасын сөйлеушінің өзінің сөйлемде айтылған ойға көзқарасын
білдіретін мағынасы деп те есептейді (Гужва 67, 17) *.
Сөздердің
лексикалық және грамматикалық мағыналарын
жалпылық пен нақтылық дәрежелеріне
қарай ажырату барлық
кезде де дәлелді бола бермейді. Мысалы, кейбір дерексіз зат
есімдердің лексикалық мағыналары кез келген грамматикалық
форманың білдіретін мағынасынан әлде қайда дерексіз ұғымды
білдіретіндігі анық. Сондықтан да соңғы кездерде жарық көрген
еңбектерде
абстракция, бостандыц, үғым
сияқты сөздердің мағы-
насы өте дерексіз екендігін көрсетіп лексикалық мағына мен грам-
матикалық мағынаның екеуінде де
абстракция бар екендігін, 61-
рак бұл абстракцияның екеуінде екі түрлі қасиетке ие екендігін
көрсетіп те жүр (Новиков 82,8) *.
Эрине кез келген сөздің мағынасында жалпылау бар. Сондық-
тан В. И. Ленин: «Сезімдер реалдылықты көрсетеді, ой мен сөз
жалпыны көрсетеді»
(Ленин 29,258) *. «Тілде тек жалпы ғана
беріледі»
(Ленин 29,261), деп жазған болатын. Бұл жерде сөз
мағынасының таным процесімен байланысып жатқан жақтары
барлығы анық байқалады.
Екінші сөзбен айтқанымызда, сөздер-
дің лексикалық мағынасының құрамында (негізгі элементі ретін-
де) объектив дүниедегі заттардың жалпыланған адам санасында-
ғы бейнесі жатады.
Үстел
дегенде біз бір ғана үстелге тән болған
белгілерді негіз етіп алмаймыз, үстел атаулардың барлығына тән
(жалпы) белгіні негіз етіп аламыз. Яғни
Достарыңызбен бөлісу: