зықпен сызылған, себебі сөз бен референт арасында тікелей бай-
ланыс жоқ деп есептейді. Совет тілшілері арасында да бұл семан-
тикалық үш бұрышқа байланысты айтылған пікірлер бар. Мыса-
лы, Қ. А. Аллендорф семантикалық үш бұрыш туралы өзіне
дейінгі айтылған пікірлерді салыстыра отырып, «Ұғымның үздік-
сіз дамуы объектив дүниенің күннен күнге толық танылуынан ха
бар береді. Семантикалық үш бұрыштың барлық бұрыштары
өзара тығыз байланысты болады. Сондықтан да үш бұрыштың
барлық жағы жабық»,— деп семантикалық үш бүрыштың астың-
ғы қабырғасын да (АД қабырғасын) бітеу сызықпен сызады (Ал
лендорф 65, 44—45) *. Жалпы, автор, өз пікірін басқа авторлар-
дың талқылауларымен салыстыра отырып айтқан. Бұл үш бұрыш-
ты талдап көрсету арқылы традициялық семантикалық талдаулар
мен функционалды семантикалық талдаудың жалпы бағытын
анықтауға болады. Салыстырыңыз:
1.
Шет ел традициялық семантикалық үш бұрышы. 2. Шет ел
функционалды семантикалық үш бүрышы. 3. К. А. Аллендорфтыц
сызған семантикалык үш бұрышы.
Бұл семантикалық үш бұрыштың А бұрыштары сөзге тең, бі-
рақ әр ағымның өкілдері оны өздерінше атайды. Шет ел традиция-
лык семантика өкілдері А бұрышын символ не сөздің дыбыстық
жағы деп атаса, функционалды семантика өкілдері сөз (символ)
деп атайды. Совет тіл білімінде ол бүрыш тек сөз деп аталынады.
Бұлар арасындағы айырмашылық тек атауларында ғана емес,
олардың ұғыммен (кейде мағынамен) байланысын анықтауда.
Ұғым бұл үш бұрыштың В бұрышында орналасқан. Тек традиция-
лык семантика өкілдері ғана бұны мағына деп атайды, ал баска-
лары семантиканы аныктағанда оны үғым деп көрсетеді. Семан
тикалык үш бұрышты талдағанда традициялық семантика өкіл-
дері де, шет ел функционал семантика өкілдері де В бүрышынан
бастайды да (яғни мағынадан), оны баска бұрыштармен байла-
ныстырады.
Екінші сөзбен айтканда, традициялык семантика
өкілдері ұғым дыбыспен және денотатпен байланысады деп түсін-
діреді, бірак сөз бен зат (денотат) ешкандай байланыска түспейді
деген кағиданы колдайды. АВ қабырғасында екі жактан да стрел
ка кою да бар. Бұның мағынасы сол — мағына дыбысталумен
байланысады, сөз де мағынамен байланысады. Ал зат (денотат)
мағынамен байланыспайды, керісінше, мағына затпен байланыса-
Достарыңызбен бөлісу: