Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет26/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   130
бір бас пияз, бір
топ шаги, бір тал шаіи, бір дана кітап, он рет бардым, бір уыс би-
дай
т. б.; өзбек тілінде 
бир бош сигир, бир дона китоб, бир чингал
туз
т. б. Келтірілген мысалдарымызда қолданылған 
бас, топ, тал,
дана, рет, уыс
сөздері дербес лексикалық мағына білдіріп тұрған 
жоқ, бір сөзді екінші бір сөзбен байланыстырып (нумератив сөз- 
дер) тұр.
А. А. Реформатский мысал ретінде келтірген 
еркек мысық
де­
ген тіркестегі 
еркек
сөзінің (қазақ тіліндегі 
ер бала, қыз бала
тіркесімен салыстырыңыз)' білдіретін мағынасын грамматикалық 
мағына деп көрсетуге негіз жоқ. Себебі жыныстық мағына түркі 
тілдерінде (соның ішінде қазақ тілінде де) грамматикалық мағы- 
на ретінде қабьілданбайды. Бірақ тілдік ойлауда 
еркек, үрғашы
түсінігін білдіру бар; ол сөз семантикасының (яғни лексикалық 
мағынаның) үлесіне тиеді. Сондықтан да біз 
құнан-қүнажын, дө-
нен-дөнежін, қабан-мегежін, төбет-қаншық, үрғашы-еркек, тауық-
әтеш, байтал-айғыр, саулық-қошқар, қүда-қүдағи, іні-қарындас,
ңалыңдық-күйеу
сияқты сөздердің әр сыңарын жеке-жеке сөз деп 
танимыз. Ал 
бір бас пияз, бір тал шаш, он дана қой
деген тіркес- 
тердегі 
бас, тал, дана
сөздері өздерінің төл мағыналарында қол- 
данылып тұрған жоқ, сөз бен сөзді (сан есім мен зат есімдерді) 
байланыстырып тұр. Сондай-ақ мұндай қызметте мөлшер мағы- 
насын білдіретін 
метр, куб, килограмм, тонна, уыс, түтам, сығым

литр, аттам
сияқты сөздер де қолданылады. Айырмашылығы сол, 
бірінші мысалдардағы 
бас, дана, тал
сөздері даралау мағынасын 
білдіріп, өз мағынасынан ауытқыса, екінші мысалдарымыздағы 
сөздер өздерінің өлшем мағынасын сақтап қалады. Мысалы, 
бір
метр мата, бір литр су, бір аттам жер, бір уыс топырак,
т. б. Де- 
генмен де бір де бір түрколог-ғалым 
бір бас пияз, бір тал шаш, бір
дана жүмыртқа
дегендегі 
бас, тал, дана
сөздерін көмекші сөздер 
не басы артық элементтер деп атаған емес.
Бала мысық, қозы қошқар, қыз бала, үл бала
деген тіркестер- 
дегі 
бала, қозы
(жас мөлшеріне қарай), 
үл, қыз
(жыныстық бел- 
гісіне қарай) сөздері тек грамматикалық мағына үстеу үшін ғана 
қолданылып тұр деу түркі тілдерінің заңдылығын білмеуден туған 
нәрсе. Бұл жерде, түркі тілдерінің заңдылығы бойынша, екі зат 
есім қатар тұрып, қабыса байланысып, алдыңғы зат есім соңғы- 
сын анықтап тұратындығын ескермеуден туған пікір.
Анықтауды талап ететін екінші бір теориялық мәселе де бар, 
ол — сөздердің тіркесуіндегі семантикалық факторлардың қыз- 
меті (Щерба 74; Виноградов 69; Косиеру 69; Арутюнова 79) *. Қез 
келген сөздер өзара тіркесе бермейтіні анык. Сондықтан да 
ат
үреді, ит мөңірейді, балық жүзеді, жаңбыр түсті
деп айтпаймыз. 
Әрине әр тілдің сөздерінің тіркесуін бағдарлап тұратын заңды-
4 -2 9 2 0
49


лықтарының болатындығы анық. Салыстырыңыз: орыс тілінде 
көлікпен қозғалу 
ехать
сөзі арқылы, жаяу жүру мағынасында 
итти
сөзі қолданылса, қазақ тілінде, басқа түркі тілдерінде де, 
бұл екі сөздің орнына бір ғана 
бару
етістігі қолданылады. Ал 
ағылшын тілінде болса атпен, түйемен немесе есек мініп жүруді 
reiten;
машина, пароход, поезд, шана сияқты көлікпен қозғалуды 
fahren
сөзі арқылы береді. Мұндай өзгешелік, аз болса да, туыс- 
тас тілдер арасында да кездеседі. Мысалы, қарақалпақ тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет