ның дерексіз болуы сияқты түсініктер бірден бір өлшем бола ал-
майтындығы шындық. Бірақ ондай айырмашылықтардың барлы-
ғын
жоғарыда
айттық.
Сондықтан да көпшілік
ғалымдар
лексикалық мағына мен грамматикалық мағыналарды ажырату-
дың негізгі өлшемі етіп олардың берілу жолын, формасын есепке
алады. Екінші сөзбен айтқанда түбір морфемалар арқылы беріл-
ген мағына лексикалық мағына деп есептелінеді де,
грамматика-
лык форма арқылы берілген мағына грамматикалық мағына деп
есептелінеді. Көпшілік оқулықтар мен терминологиялық сөздік-
терде нақ осындай «грамматикалық формалар арқылы берілген
мағына — грамматикалық мағына болады» деген анықтамалар бе-
рілген. Ал грамматикалық формаға «грамматикалық мағынаның
берілу жолы» деп анықтама берген (Ахманова 66, 161) *. Бұлай
салыстыру — грамматикалық мағына мен лексикалық мағынаны
ажыратудың ең оңай жолы. Бірақ берілу формалары арқылы
ажырату грамматикалық мағынаның да, лексикалық мағынаның
да негізгі қасиеттерін ашып бере алмайды. Мысалы, категориял-
ды мағына грамматикалық мағынаның құрамына енеді, бірақ
түбір арқылы беріледі де, арнаулы грамматикалық формасы бол-
майды. Сондай-ақ
қунажын, дөнежін, Сәлима
дегендерде жыныс-
тық мағыналарды білдіретін
грамматикалық форманттар бар,
бірақ біз олардың мағынасын грамматикалық мағыналардың
қатарына қоспастан, лексикалық мағына деп санадық.
Лексикалық мағына мен грамматикалық мағыналардын, ара
жігін ажыратуда олардың берілу формаларына қарау екі мағы-
наның астасып жатқан жақтары мен айырмашылықтарын анық-
тауда тигізер пайдасы мол. Бұл екі мағынаның көп белгілері
анық ажыратылып жатпағандықтан оларды тек санап көрсетумен
ғана қанағаттану мүмкін емес. Таза грамматикалық мағына деп
жүргеніміздің өзі кей тілдерде лексикалық
мағына болып шыға
келетіндігі таң қаларлық жағдай еместігін айтқан болатынбыз.
Жоғарыда айтылған пікірлерді жинақтайтын болсақ, бірінші-
ден, кез келген сөздің әрі лексикалық, әрі грамматикалық мағы-
насы болады; екіншіден, лексикалық мағына да, грамматикалық
мағына да объектив дүниемен байланысты болады,
оны сәулелен-
діреді; үшіншіден лексикалық мағынаның объектив дүниені сәу-
лелендіруі мен грамматикалық
мағынаның объектив дүниені
сәулелендіруі тең емес; төртіншіден, лексикалық мағына грамма-
тикалық мағынаға қарағанда дербес, сондықтан да олар грамма-
тикалық мағынаны өз жетегінде алып қолданылады; бесіншіден,
лексикалық
мағына жеке сөздерге тән болса, грамматикалық ма-
ғына белгілі бір сөз табына енетін сөздердің тобына тиісті
болады; алтыншыдан, лексикалық мағына түбір морфемалар ар-
қылы берілсе, грамматикалық мағыналар грамматикалық форма
лар арқылы беріледі. Сонымен грамматикалық мағына дегеніміз
сөздердің лексикалық мағынасына жарыса қолданылып объектив
дүниені бейнелейтін, жалпыланған белгілі бір сөздердің тобына
тән болып саналатын сөздердің грамматикалық
формасы арқылы
берілетін мағынасы.
61