дай номермен беру қажеттігі анықталынатыны сөзсіз. Қолымызда
бар сөздіктердің кейбіреулерінде сөз мағынасына ғылыми талдау
берместен-ақ, екінші бір сөздіктің жолымен мағына ажырату
үлгісі барлығын жасыруға болмайды (Юлдашев 72, 104). Сөздік-
терде сөз мағынасын қалай беру, мағынаны қалай ажырату сема-
сиологиялық талдауды талап ететіндігі, сөз мағынасының күнде-
лікті өмірде өзгеріп, қолданылуында ауытқулар болып тұратығ-
дығы және олардың
заңдылығын ескеру қажеттілігі шындық.
(Бабкин 77; Толкина 77; Алекторова 79) *.
Аударма сөздікте болсын, түсіндірме сөздікте болсын сөздер-
дің тек бір мағынасына ғана (номинативтік)
анықтама беріп
қоймастан, көп мағыналы сөздердің де мағыналарын ажыратып,
анықтама береді; олардың қай мағынасы номинативтік, қай ма-
ғынасы ауыспалы мағына екенін, фразалық мағынасының қайсы
екендігін ажыратады. Мысалы, К. Юдахиннің қырғызша-орысша
сөздігінде бас сөзінің 11 мағынасы бар деп көрсетілген, ал олар-
дың тұрақты тіркестерде қолданылуын 90-нан аса тіркеспен көр-
сеткен (КирРС 65, 118—120)*. А. К. Боровков басшылығында
жарық көрген өзбекше-орысша сөздікте осы сөзге 13 мағына бер-
ген де, фразалық тіркестегі үлгісіне өте аз тіркес берген (УзРС 59^
83—85) *. Бұл екі сөздікте сөздердің мағынасын ажыратып анық-
тама беруде дг бір ізділік жоқ. Мысалы, К. Юдахин
бас сөзінің
2-мағынасы ретінде «верхняя часть чего-л., головка, вершина»
деген мағынаны көрсетеді де
чөртүн баилы сияқты мысал берген.
Ал А. К. Боровков басшылығында жарық көрген сөздікте ол ма-
ғына жеке мағына ретінде берілмеген. Сондай-ақ А. К. Боровков
сөздігінде
бас сөзінің «исток» мағынасы
(сув башы) 8 мағына
ретінде берілген болса, К. Юдахин сөздігінде ол жеке мағына
ретінде берілген емес. Бір ескерте кететін нәрсе сол — екі сөздің.
екеуінде де жоғарыда айтылған мағына
бас сөзі арқылы беріледі.
Тіпті түсіндірме сөздіктерде де сөз мағыналарын (көп мағыналы
сөздердің) ажыратып анықтама беруде бір ізділік жоқ. Мысал
ретінде соңғы кездерде жарық көрген 4 сөздіктен
бас сөзінің ма-
ғыналарын салыстырып көрелік. Қазақ тілінің түсіндірме сөзді-
гінде
бас сөзіне 15 мағына берілген болса (ҚТТС-2, 111 —120),.
қарақалпақ тілінің түсіндірме сөздігінде 13 мағына (ҚарТТС-1,
205—210), татар тілінің түсіндірме сөздігінде 16 мағына (ТТАС-1,
135—139), өзбек тілінің түсіндірме сөздігінде 15 мағына бар деп
көрсетілген (УТИЛ-1, 136—138). Егер сөздіктегі мағыналарды
салыстырып қарайтын болсақ, бір сөздікте жеке ұя ретінде бе-
рілген мағына екінші бір сөздікте мүлде көрсетілмеген. Мысалы,
қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бас сөзінің 2-мағынасы ретінде
Достарыңызбен бөлісу: