Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет8/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94
ара сөзінде болса р дыбысы бір діріл нәтижесінде жасаладыг
21


жарты артикуляциясы а дыбысыныц айтылуымен байланысты 
қысқарады.
Сөздерді артикуляциялық, акустикалық жақтан бөлініп тұра- 
тындығын көрсететін екінші бір нәрсе — екпін. Екпін сөз құра- 
мындағы бір буынның басқа буындардан күшті айтылуын ғана 
қамтамасыз етіп қоймастан, сөз құрамындағы буындардың басын 
құрастырып тұратын да элемент. Жалпы екпін дауысты дыбыс- 
тарға байланысты болады да, екпін түскен дауысты дыбыс басқа 
дауысты дыбыстардан созылыңқы айтылады, артикуляциясы то- 
лык жасалынады. Ал екпін түспеген буын қүрамындағы дыбыстар 
бірі екіншісімен ұштасады да, артикуляциялық, акустикалық жа- 
ғынан тұтасып жатады. Бұл жерде әр тілдің өзіндік ерекшелігін 
есепке алмасқа лажымыз жоқ. Мысалы, түркі тілдерінің ішінде 
созылыңқы дауысты дыбыстары бар тілдер кездеседі. Олардыц 
артикуляциялық базасы қысқа дауысты дыбыстарды айтқан кез- 
дегі артикуляциялық базадан өзгешелеу болады. Салыстырыңыз: 
қырғыз тіліндегі маал (время) ээр (седло), маа (мне) сөздерін 
айтқанда созылыңқы дауысты дыбыстар дыбыстау мүшелерінін, 
екі рет қозғалуы арқылы жасалынбайды, әр әрекеттің уақыт жа- 
ғынан созылыцқы болуы нәтижесінде жасалынады. Яғни маал 
дегенде тіл арты жұмсақ таңдайға екі рет жақындамайды, ээр 
дегенде де тіл ұшы астыңғы күрек тіске екі рет тірелмейді.
Сөздер айтылғанда үш дыбысты тұйық буынды, төрт дыбысты 
бітеу буынды болып келіп, дауыссыз дыбыстардың өзара артику- 
ляциялық, акустикалық жағынан байланысып жатуы мүмкін. 
Мысалы, арт (Атқа жүгіқді арт), арс (Ит арс ете түсті), тарт, 
селт, таре, т. б. Төрт дыбысты бітеу буынды сөздердің дыбыстық 
қүрамы дауыссыз, дауысты, дауыссыз, үнді, дауыссыз (үнсіздер) 
болып келеді. Үш дыбысты түйық буынныц да соңғы дыбыстары, 
көбінше, үнді және үнсіздердің тіркесі арқылы жасалынады. Буын 
құрамындағы дауыссыз дыбыстардың мұндай орналасуы дыбыс­
тау мүшелерінің дыбыс жасау мүмкіншілігіне қарай қалыптасқан. 
Яғни дауысты дыбыстарды айтқан кезде үн бірден өшіп кете сал- 
майды, сондықтан дауыссыздарды айтқанда пайда болатын сал- 
дырды біраз жұмсартып отырады. Ал үнді дауыссыздары болса 
үн салдырдан басым болады да дауысты дыбыспен сыбайласып 
жатады.
Жоғарыда айтылған қағидалар тіл зацдылығымен дәлелден- 
генімен, спектрограммада анық көрсетілгенімен сөздер айтылған 
кезде фонемаға бөлінетіндігін мойындамауға болмайды. Әрине 
сөйлеу процесі кезінде сөздердің фонемаға бөлінуін тек акусти- 
калық, артикуляциялық қасиеттерімен ғана байланыстыруға бол- 
майтын да сияқты, оны кей ғалымдар мағынамен байланыстырып, 
лингвистикалық (акустикалық, артикуляциялық емес) деп те жүр 
(Матусевич 76, 38) *. 
Шындығында да көпшілік оқулықтарда 
фонемаға анықтама 
бергенде осы мағынамен байланыстырады 
Мысалы, I. Кенесбаев «... сөз мағынасы мен тұлғасын ажыратүға 
себі бар тілдегі ең кішкене дыбыстық единицаны (көрнекі ды­
бысты) фонема деп айтамыз деп анықтама берсе (Қеңесбаев 75
22


221), К. Аханов «Фонема — сездер мен олардың дыбыстық фор- 
масын ажырататын, ары қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық 
единица»,— деп оның даралаушылық (форманы) қасиетін баса 
көрсеткен (Аханов 78, 234) *.
Шындығында да фонема мағына ажыратады ма? Фонеманың 
мағынамен байланысы бар ма? Эрине жеке фонемалардың мағы- 
налармен байланысы жоқ, сондықтан да бір дыбыстан жасал- 
ған, мағынамен байланысы бар элементті әрі дыбыс, әрі морфема 
деп атаймыз. Бір дыбыстан жасалған қосымшалардың, сөздердің 
бар екендігін жоққа шығарып болмайды. Мысалы, Ағаіиты и де- 
гендегі и дыбыс, әрі түбір морфема (сөз). Көре алмады деген мы- 
салымыздағы е (көр-е) де мағынамен байланысты, сондықтан оны 
қосымшасы деп атаймыз. Сөз кұрамындағы фонемалардың ма- 
ғынамен байланысы болады ма деген сұраудың туатыны даусыз. 
Себебі көпшілік оқулықтардың авторлары фонемалар сөз құра- 
мында келіп мағынамен байланысады деп айтып та, жазып та 
жүр. Сонда қазақ тіліндегі қал мен қол сөздерінде мағына беріп 
тұрған, тым болмаса мағынаны ажыратып тұрған, а мен о дыбыс- 
тары болғаны ма? Жай көзбен қараған адам үшін бұл дау туғыз- 
байтын нәрседей көрінеді. Яғни қол зат есімінің адамның иығы- 
нан тырнағының ұшына дейінгі дене мүшесінің атауынан бөліп 
беріп тұрған о дыбысы сияқты. Шындығында бұл түсінік дұрыс 
емес. Мағына қай сөзде болмасын жеке дыбыстардың үлесіне ти- 
мейді. Әрине қал мен қол екі сөз, бұл екі сөзді ажыратып тұрған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет