атаймыз»,— деп ол сөз мағынасын екіге бөлген (Звегиниев 64,
146) *. А. А. Потебня алыс және жакын мағыналардын. арасын
ашып беруге әрекет еткен. Автордың пікірінше тек жақын мағына
ғана сөйлеген кезде сөздің мағынасын жасайды, әрі жалпы бір
тілде сөйлеген халықтарға түсінікті болады. А. А. Потебня сонын.
үшін
жақын мағына халықтық болады, ал алыс мағына болса
жеке адамдарға тән болады деп есептейді. Мысал ретінде орыс
тіліндегі
клен (үйеңкі) сөзін келтіреді. Айталық сөйлесіп отырған
екі адам клен дегенде екі түрлі (сөздің мағына көлемі екі түрлі)
ұғымға келуі мүмкін. Сөйлеушінің біреуі үйеңкінің қандай ағаш
екендігін, жапырағының үлкен болатындығын, жейтін жеміс бер-
мейтіндігін, әрі биік, әрі жуан өсетіндігін, т. б. білуі мүмкін де„
екіншісінің оның жуан және биік өсетіндігін білумен шектелуі
мүмкін. Сөйлескен екі адамның бірін екіншісі түсіну үшін үйеңкі-
нің барлық қасиетін білуі емес,
тек оның аршадан, теректен, кара-
ғайдан, т. б. ағаштардан ерекшелеп тұрған белгілерін білсе бол-
ды. Осы сөйлесу кезінде сөйлеушілердің өзара түсінісуіне жағдай
жасайтын, сөздің мағынасын анықтауда сәйкес идеалды денотат-
тардың негізінде жасалынған мағына болып саналады да, жеке
адамның біліміне, өмір тәжірибесіне, психологиялық жағдайына
байланысты қосылатын мағыналары алыс мағынаны жасайды.
А. А. Потебняның алыс және жақын мағыналарын айтып түсінік
берушілер алыс мағынаға ғылыми аныктамаларды да қосады.
Біздінше
терминологиялық
сөздіктердегі терминдерге берген
анықтамаларда сөздін лексикалық
мағыналарын беруден гөрі
оларды түсіндіру, түсініктеме беру жолы басым болады.
А. А. Потебняның алыс және жақын мағыналары сиякты ма-
ғынаны екіге бөлу әрекеті совет тілшілері арасында да табылады,
бірақ олардың терминдері өзгешелеу. Н. Г. Комлев сөз мағынасын
лексикалық түсінік (лексическое понятие) деген терминмен ауыс-
тырып қолданады да, оның бірнеше түрлері бар екендігін көрсе-
теді. Сондай лексикалық түсініктердің бір түрі ретінде қысқарған
және толық лексикалық түсініктің бар екендігін ескертеді. Автор-
дың пікірінше, толық лексикалық түсінікке шындық өмірдегі зат-
тар, құбылыстар туралы пікірлер (ойлар)
комплексі енсе, қыс-
қарған лексикалық түсінікке жеке адамның сөзтаңбаны қолдан-
ған кездегі (яғни сөйлеген кездегі) түсінілетін мағынасы енеді
дейді (Комлев 69, 77—78)*. Демск А. А. Потебняныц алыс ма-
ғынасына Н. Г. Комлевтің толық лексикалық түсінігі, \. А. По-
тебняның жақын лексикалық мағынасына — қьісқарған лексика-
лык түсінігі сәйкес келеді. Совет тілшілері ішінде бүл мәселеге
арнайы тоқталып, ғылыми талдау жасаған С. Д. Кацпельсон бо-
латын. С. Д. Кацнельсон сөз мағынасының ұғыммен ара катына-
сын салыстыра отырып, ұғымның өзін қарапайым (немесе формал-
ды) және мазмүнды деп екіге бөледі.
Қарапайым ұғым затты
танып-білу үшін, баска өзі тектес заттардан ажырату үшін ка-
жетті болған белгілер мен касиеттерді камтыса, мазмұнды ұғым —
карапайым үғымдағы белгілермен коса заттың барлык жағын
камтуы шарт, баска заттармен байланыстарын да көрсетуі қажет
82
(Кацнельсон 86, 20) *. Ал сөздің мағынасы болса осы қарапайым
ұғымның мазмұнымен сәйкес келеді. Автор өз пікірін дәлелдеу
үшін орыс тілінің түсіндірме сөздіктерінде берілген сөздердің
анықтамасы мен энциклопедиялық сөздіктерде берілген сөздердің
анықтамаларын салыстырады, талдау жасайды. Қорытынды ре-
тінде мазмұнды ұғым адамның белгілі бір зат туралы білген бар-
лык түсінігін, білімін қамтиды дейді де А. А.
Потебняның алыс
мағынасына сәйкес келетіндігін; қарапайым ұғымның жалпы ха-
лықтық сипатқа ие болатындығын да, жеке адамның ырқына көн-
бейтіндігін ескертіи, сөздің мағынасына сәйкес келетін ұғым деп
есептейді (Қацнельсон 86, 24). Алдын ала ескертетініміз сол —
біз сөз мағынасының негізінде белгілі бір заттар не, құбылыстар
жататындығын мойындасақ та, ол екі категорияны теңестіру прин-
ципіне косылмаймыз. Шындығында да
заттар мен құбылыстар
туралы қарапайым, күнделікті өмірде қалың көпшілік қолданы-
лып жүретін түсінік бір басқа да, ғылыми түсінік екінші бір бас
ка. Сондай-ақ адамдар сөйлеген кезде зат туралы білген барлық
білімін сөз мағынасының кұрамына ендіре бермейтіндігі, кажетті
деген кездерде ғана ондай анык белгілер саналынып көрсетілетін-
дігі анык. Мысалы,
Үйректің әдемісі қасқалдағы, Көпірдің сол-
Достарыңызбен бөлісу: