Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет44/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   94
лықты күлдіргі масқарампаз еңбегіндегі ісі емес, оның халық іші- 
нен жарып шыққан күйшілік дарыны (А. Жұбанов). Ықылас 
өзінің өмірінде бүл күйге («Кертолғау» туралы айтылып жатыр —
О. М.) бірнеше рет оралды, сүйтіп бүгінгі біз білетін қалыпқа түсі- 
руге мүмкіндік берді (А. Жұбанов). Бірінші мысалдағы біз үшін 
тіркес А. Жұбанов үшін деп ұғынылмайды, қазіргі қазақ халқы, 
Абылдың мұрасын құрметтейтін ұрпақтары үшін деп ұғынылады. 
Ал екінші мысалдағы біз білетін тіркесі қазіргі кезде сол күйді 
білетіндер деген мағынада қолданылып тұр.
Сендер сөзінің мағынасы да екінші жақтың мағынасынан күр- 
делірек.— Қүрмаиі, Шаражан, анаңды, балаларды бірінші қүдай- 
ға, екіниіі сендерге тапсырдым (Ш. Жиенқұлова) дегендегі сендер 
тікелей тыңдаушыларына, сөйлеу процесіне қатынасушыларға бай­
ланысты қолданылып тұр. Ал, Сендер ойнаған рольдер... (Ш. Жи- 
енқұлова) дегендегі сендер тек тыңдаушыларға байланысты ғана 
айтылмастан, сол кезде жок, сөйлесуге катынаспаған Күләш, Құр* 
манбек, т. б. туралы да айтылған. Демек, 1, 2-жак жіктеу есімдік- 
терінің мағынасын тек айтушымен, тыңдаушылармен ғана байла- 
ныстырмай, сөйлеу кезіндегі жағдайлармен байланыстырып бөгде, 
сөйлесуге катыспағандар туралы да, соларды да камти алатынды- 
ғын есепке алу керек. Бірак бұл сөйлеушінің, жазушының стильдік 
талабынан туатын жағдайлар.
Сілтеу есімдіктері де баска бір сөздің орынбасары ретінде кол- 
данылып, баска сөздің мағынасына меңзеу қабілеті бар. Бұл есім- 
діктердің жіктеу есімдіктерінен айта каларлықтай айырмашылык- 
тары бар. Біріншіден, сілтеу есімдіктері зат есімдердің орнына кол- 
данылып, заттың атауы бола алмайды. Олар мезгіл мен кеңістік 
мағыналы сөздер мен заттың сындык белгісін білдіретін сөздерге 
орынбасар болып алады. Екіншіден, жіктеу есімдіктері (3-жактан 
басқалары) сөйлеу процесімен байланысты колданылса, сілтеу
105


есімдіктері контекспен байланысты мағынасын анықтайды. Мыса­
лы, Сол кенет есіме түсті, мен де «Уа, қазағым» дедім де сахнаға 
билей басып шыкугым (Ш. Жиенқұлова) деген сөйлемдегі сол сөзі- 
нің мағынасын (осы сөйлем аясында) анықтауға болмайды. Сол 
■сілтеу есімдігі мағынаны өзінен бұрын болған бір уақиғаға сілтеп, 
мағынасын екінші бір контекстегі (сөйлемдегі) мағынамен байла- 
ныстырып тұр. Яғни: Баяғыда ел аралап гастрольмен жүргенімде, 
палуан Қажымұқан ағайдың күресер алдындаУа, қазағьім» деп 
жолбарыс үніндей гүр ете түсетіні бар-тын. Сол кенет есіме түсті, 
мен де...» десек, сол есімдігінің кандай сөздің орнына қолданылып 
тұрғандығын, мағынасын анықтауға болады. Және бір мысал кел- 
тірейік. Осьіған мақулдасып, жігіттер аттарын ерттеп, қаруларын 
сайлап айқасқа әзір түрған-ды (А. Жұбанов). Сөйлемдегі жігіттер- 
дің неге келіскендігін анықтап тұрған сөз жоқ. Егер бүл үзіндіге 
алдында тұрған сөйлемді толық келтірсек, мағына түсінікті болған 
болар еді. «Үйде аштан өлгеніие, соғыста оқтан өлген артық,— дес- 
ті бас көтерер азаматтар. Осыған мақүлдасып...» Үшіншіден, сілтеу 
есімдіктері анықтауыштық қызмет атқарып, орынбасарлық кызме- 
тінен қол үзеді. Жіктеу есімдіктерінде ондай қасиет жоқ. Бірақ 
олар арасында белгілі бір ұқсастықтьің барлығын естен шығаруға 
болмайды. Себебі жіктеу есімдіктері де, сілтеу есімдіктері де бел- 
гілі бір затты, уақытты т. б. нақты көрсетпестен меңзеп, сілтеп, ша- 
малап көрсетеді. Мысалы, Халықтікі дегенде сол сөзді тырнақша- 
ның ішіне алып сөйлейтіндер бар (Ш. Жиенқұлова). Казахстан — 
көркемөнері қарыштап өскен ел, осы жолмен ілгерілеп өсе беруіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет