сөздермен байланысып барып анықталады. Яғни кіру қимылы шаң-
ғышылардың қозғалысы, шаңғымен қозғалу жерде болады,
кіру
елді мекеннің (селоның) террнториясына енгендігін, қозғалыс ба-
ғыты даладан селоның ішіне бағытталғандығын
кір етістігімен
байланысқан сөздермен (село, шаңғышылар) байланысты анықта-
лады.
Кір сөзі басқа сөздермен байланысып
басқашалау мағына-
лық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы,
1920 жылы комсомол ұйы-
мына кірдім (Ш. Өтепов). Соңғы мысалымыздағы
кір сөзі қозға-
лысты білдіріп тұрған жоқ.
Біз тіркес (кең мағынада контекст) сөз мағынасын жасайды
немесе сөздің мағынасы тіркестерде жасалынады деген пікірге қо-
сылмаймыз. Жоғарыда мысал ретінде келтірілген
кір етістігінің
екінші бір мағынада қолданылуы олардың екі сөз ретінде бой көр-
сетуімен емес,
керісінше, олар бір сөздің екі лексико-семантикалық
варианты. Бірінші мысалымыздағы
кір етістігімен тіркескен актант-
тын, мекен мағынасы болғандықтан да оның шекара, қозғалыс се-
малары лексикалық мағынасына негіз болады. Екінші мысалымыз-
да болса,
кір етістігі тіркескен актант ұғым атауы, сондықтан да
онда
кір сөзінің бір-ақ семасы — арасына ену,
бірі болу бой көрсе-
тіп тұр. Мұндай мағыналық өзгеріске ену белгілі бір қатынастағы
мағынадағы басқа сөздерге де (сын есім мен үстеулерге) тән.
Етістіктердің сигнификаттық мағына компоненттері де, зат есім-
нің сигнификаты сияқты жалпыланған, дерексізденген заттардың
қозғалысына, қалпына негізделінген. Осы жалпылау ғана етістік-
тердің мағынасын басқа сөздермен байланыстырып, сөйлем қүра-
мына енгізеді. Етістіктер жеке тұрып,
басқа сөздермен байланыс-
пай-ақ сигнификаттық мағынаға ие болады, бірақ нақты болмайды.
Етістіктердің көпшілігінің бойындағы полисемантикалық қасиетті
осы сигнификаттық мағынаның кең, жайьілыңқы болуынан іздеу
керек. Кей етістіктердің семантикасындағы мағыналық өзгерістер
өте нәзік семантикалық талдауды талап етеді. Мысалы, қозғалыс
етістіктерінің кейбіреулері бір тіркесте қарым-қатынас етістігіне,
басқа тіркестерде ойлау етістіктерінің құрамында қолданылуы
пікірімізге мысал бола алады. Салыстырыңыз:
үйге келу, қарсы
келу, ойға келу, тілге келу т. б. Етістіктердін сөйлем қүрамында
келіп қатынас жасайтын сөздері анық. Ондай қатынас субъект пен
козғалыс арасында, қозғалыс пен объект арасында, амал-әрекет
пен субъект не объект араларында болса, сын есімдер зат пен түрлі
қасиет аралығында, түс пен зат аралығында болады. Үстеулерде
мұндай бйланыс уақыт пен козғалыс, кеністік пен қозғалыс т. б.
аралығында болады. Бүндай байланыстан
туатын катынасты
А. А. Уфимцева белгі (признак, субстанция) деп птайды да олар-
дан туатын мағыналық реңкті қатыстық (белгі) мағына дейді. Жо-
ғарыда
кел етістігімен байланысты көрсетілген қатыстық мағына
тіркесілген сөздің біреуі өзгерсе, етістіктің мағынасы өзгереді. Нак
осындай жағдайды сын есімдермен де, үстеулермен де баііланысты
көрсетуге болады. Салыстырыныз:
ащы дауыс, ащы тер; жақын кі-
сі, жақын жер, т. б.
Етістіктердін мағынасынын, қаншалықты өзгеруге бейім екснді-
100
гін анықтау сөздердің көп мағыналылығын
зерттеген ғалымнын
үлесіне тиеді. Дегенмен де етістіктердің сөйлем ішінде келуі, басқа
бір сөзді талап етуі, онымен мағыналық жақтан байланысты болуы
тілдің екінші бір қызықты саласы — синтаксистік семантиканы
байланыстырады. Жалпы, етістік сөйлемде екінші бір сөзбен бай-
ланыстыруды талап етеді және ол сөзбен әрі мағына жағынан, әрі
тұлға жағынан байланысады. Етістіктің бұл қасиетін тіл білімінде
валенттілік қасиеті деп те атау бар. Етістіктердің
валенттілік қа-
сиеттерін анықтауда совет тіл білімінде біраз жұмыстар жасалын-
ған, негізгі терминдері, қағидалары анықталған (Степанова 78) *.
Заттық мағына мен қатыстық (белгіні білдіретін) мағынаны
білдіретін сөздерден басқашалау мағыналық қасиетте ие болатын
сөздер — есімдіктер. Есімдіктердің семантикалық қасиеттеріне ка
рай тіл білімінде диектикалық (ағылш. deictic фр. deictiguc нем.
deiktisch — корсету) сөздер деп атау да бар. Тіл білімінде диекти-
калық сөздердің катарына тек есімдіктерді ғана енгізбестен, оған
Достарыңызбен бөлісу: