Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет41/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94
қазір, бүгін, жоғары, төмен, оң, сол сияқты үстеулерді де, сын есім- 
дерді де, тіпті индоевропа тілдерінде кездесетін артикулдерді де 
енгізу бар (Уфимцева 74, 264—199) *. Көмекші сөздердің мағына- 
сы мен мағыналык кұрамы бұл еңбекте арнайы сөз болмайтындык- 
тан біз тек И. А. Стерниннің енбегіне сілтеме жасаумен ғана шек- 
телуді жөн көрдік (Стернин, 73) *. Ал мезгіл үстеулері мен мекен 
үстеулерінің мағынасында орындык, мекендік, мезгілдік мағынаны 
нақты көрсетпей екінші бір сөздің орнында колданылу, екінші бір 
сөздің білдіретін мағынасымен сыбайласкан мағынаны білдіретін 
элементтің болатындығы анық. Мысал, Кеше, 2 желтоқсанда, Ал- 
матыда Сібір халықтарының әдебиеті мен өнерінің он күндігі бас- 
талды (Газеттерден). Ауыл үсті у да-шу, іиүғыл халык, жылқысын 
төменгеҮйіиікке айдатайын деп жатыр (X. Есенжанов). Бірінші 
мысалымыздағы кеше сөзі 2 желтоқсан күні орнында колданылып 
тұрса, екінші мысалымыздағы төмен сөзі үйшікке сөзінің орнына 
колданылып тұр. Нак осындай колданылу зат есімдердің кейбіреу- 
леріне де тән сиякты. Мысалы, Дүние жүзінің еңбекиіі бұқараст 
үмітін СССР-дің астанасына, Москваға артып, көз тігіп отыр (Га* 
зет). Әрине келтірілген мысалымыздағы мағыналық сәйкес келу 
синтаксистік кызметпен, сөйлемнің оңашаланған айкындауыш мү- 
шееі болуымен, байланысып жатыр. Біздіңше, сөздердің айкын­
дауыш мүше кызметінде колданылуын сөздердің сөйлемдегі мағы- 
на дербестігін жокка шығару нәтижесінде іске асады деу де дүрыс 
емес.
Мезгіл және мекен үстеулерінің баска бір сөздің орнына колда- 
нылуы, орынбасар болу мүмкіндігі олардың лексикалык, мағына- 
ларының өзінде жатыр. Егер зат есім, сын есім, етістіктердің мағы- 
насында объектив дүниемен байланысып нактылы заттың не түсі- 
ніктің атауы болатын, қай контексте келсе де өзі бейнелеген затпен 
байланысып (идеалды денотатпен) жататын, байланысын сактай- 
тын болса, диектикалык сөздердің мағынасында ондай сема жок; 
олар белгілі мекен, мезгілге байланысты мағына білдірсе де сөйлеу 
процесіндегі жағдайларға байланысты өзгеріп, контекспен байла-
101


нысты ғана мағынасын анықтайды. Сондықтан да олардың мағы- 
насын анықтауда екінші бір жағдайды (ситуацияны) өлшем етіп 
аламыз. Мысалы, кеіае деген сөздің мағынасын анықтау үшін бу- 
гінгі мерзімдібүгін деген сөздің мағынасын анықтау үшін айтылып 
не жұмыс орындалып жатқан мерзіммен салыстырылады. Жоғары, 
төмен, оң жақта, сол жақта, алыста, ұзақта, кейін, ары, бері сияқ- 
ты мекен үстеулерінің мағыналарын да салыстыра анықтауды та- 
лап ететін мағыналық компонеттер бар.
Қазірше диектикалық сөздердің ішінде ең көп сөз болып жүр- 
гендері— жіктеу және сілтеу есімдіктері. Жалпы есімдіктердің 
барлығы да диектикалық сөздердің қатарынан орын алады ма де­
ген сұраудың туатындығы анық. Бұған бір сөзбен жауап беру қи- 
ын-ақ. Себебі есімдіктер қазіргі күнге дейін грамматикалық жақ- 
тан зерттелінгенімен, семантикалық талдаудың талқысына түсе 
қойған жоқ. Қазақ тілі материалы негізінде есімдіктерді өз зерт- 
теулеріне объект етіп алған А. Ибатов та, А. Ысқақов та есімдік- 
тердің семантикасына қысқаша шолу жасаумен ғана шектелген 
(Ибатов 61; Ысқақов 63) *. Қолдағы бар материалдарымыздың 
көрсетуінше, барлық есімдіктер бірдей диектикалық мағынада 
қолданыла бермейді. Тіпті есімдіктердің бір семантикалық тобын- 
дағы сөздердің өздері де бұл мәселеде бөлектеніп жатады. Мысалы, 
Әрбір адымын санап басқандай... (Ғ. Мүсірепов). Бейбіт өмірдің 
тағдыры үіиін әрбіріміз жауаптымыз (Газет). Бірінші мысалымыз- 
дағы әрбір сөзі санау мағынасымен ұштасып жатады да диектика- 
лық мағынаны білдірмейді. Екінші мысалымызда болса, әрбіріміз 
зат есімдермен ұштасып тұр да зат есімнің орнында (барлық адам- 
дар) қолданылып тұр. Сондай-ақ сұрау есімдіктерінде де екінші 
бір сөзге сілтеу болмайды, тек анықтау, білу мағынасында қолда- 
нылады. Мысалы, Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз 
(Абай) деген мысалымыздағы кім есімдігі сілтеп тұрған жоқ, анық- 
тау мақсатында сұрау мәнінде қолданылып тұр. А. А. Уфимцева 
ағылшын тілдеріндегі жіктеу, сілтеу және меншікті (притяжатель­
ный) есімдіктерін ғана диектикалык сөздердің қатарына косқан 
(Уфимцева 86, 98) *. В. Г. Гак француз тіліндегі есімдіктерге шолу 
жасай отырып, диектикалык мағынада тек есімдіктер ғана емес, 
зат есімдер (rnoi, celu, ci) де, сын есімдер (се mon, guel) де, үстеу- 
лер (ainsi, la-bas, ou) де қолданылатындығын ескертеді (Гак 76, 
61) *. Демек диектикалық мағына-категориялдық мағынамен сәй- 
кес келмейтін, сөздердің лексикалық мағынасымен байланысып 
жататын мағынасы.
Көпшілік тілшілер есімдікті мағынасы мен сөйлемдегі атқара- 
тын синтаксистік қызметіне қарай екі топқа бөліп: 1) диектикалык, 
2) анафоралық мағынада қолданылатын есімдіктер деп атайды 
(Вольф 74; Современный 81; Гак 86) *. Олардың көпшілігі диекти­
калык сөздерге сөйлеу процесіндегі сөйлеушілер не соған катына- 
сушылар, мекендік не мезгілдік қатынастағы сөздерді косса, ана- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет