дін. арасындағы байланыс сатылай байланыс бол-
майды. Яғни аралық, үшінші саты болмайды. Олар
арасындағы мағына біреуіндегі мағынаны жоққа
шығарса, екіншісі ұғынылады. Мысалы,
үйленген—
бойдақ, көретін —
соқыр т. б. Н. И. Кондаков сөзді-
гінде ұғымның бұған сәйкес келетін түрін «проти
воречащие (контрадикторные) понятие»
деген тер-
минмен берген де «бірін-бірі жоққа шығаратын,
аралықтарында орталық, үшінші саты жок, сый-
ыспайтын ұғымдар деп анықтама береді. Мысал
ретінде
белый —
не белый сөздерін береді де мына
схеманы көрсеткен (Кондаков 75, 487). Бұл ұғым-
ның екеуі де сөз мағыналары
арасындағы антоним-
дік байланыстар арқылы берілетіндігін және сөз
мағынасындағы антонимдердің басқаша қатынас-
тары да болатындықтарын жоғарыда ескерткенбіз.
Сөздерді антонимдік қатарға енгізгенде еске алатын нәрсе —
сөздердің лексико-семантикалық сипаты. Екінші сөзбен айтқанда,
кез келген сөз табына енетін сөздер антонимдік топ жасай бер-
мейді, сондай-ақ синонимдік те топ жасамайды. Антонимдер бір
сөз табына енетін сөздер аралығында болады да, бір лексико-се-
мантикалық топтың құрамында ғана өмір сүреді. Демек, кез кел
ген сөздердің арасынан антонимдік сыңар іздеу — бос әурешілік.
Сондай-ақ бір сөз табына кіретін сөздердің барлығы да өзара
антонимдік топ жасап, антонимдік катар элементі бола бермейді.
Қолда бар материалдардың көрсетуінше, антонимдік қатарға кө-
бінше
қолданылатын сын есімдер, одан соң үстеулер, кейінгі орын-
дарда етістіктер мен зат есімдер. Көп қолданылатын сын есімдер-
дің өздері де тек бір лексико-семантикалық топтың көлемінде
ғана антонимдік катар жасайды. Мысалы, заттың түсін білдіретін
сын есімдер:
ақ —
қара; заттың көлемін білдіретін сын есімдер:
тар —
кең, үлкен —
кіші, жуан —
жіңішке; заттың салмағын біл-
діретін сын есімдер:
ауыр —
жеңіл, заттың ішкі сипатын түрлі
қасиеттерін білдіретін сын есімдер:
жақсы —
жаман, сараң —
мырза, қу —
ақымақ, жуас —
асау, қорқақ —
батыр; заттардың
дәмін, иісін білдіретін сын есімдер:
дәмді —
татымсыз, тәтті —
ащы; адамның көніл-күйіне байланысты қолданылатын сын есім-
дер:
қуанышты —
қайғьілы, т. б. Біз сын есімнің тематикалық
топтарын санап өтуді мақсат етпедік, бірақ келтірілген мысалда-
рымыздың өзінен-ақ антонимдік қатар әр семантикалык топтың
өз мүшелерінен ғана жасалатындығына көз жеткізуге болады.
Ешқашан да салмақты білдіретін сын есімдер түсті
білдіретін сын
есімдермен бірге антонимдік қатардың сыңары ретінде қолданыл-
майды. Рас, сын есімдер кейде ауыспалы мағынада қолданылып,
басқа лексико-семантикалық топтың мүшесі ретінде қолданылуы
мүмкін. Сонғы жағдайда олар қай семантикалық топтың мүшесі
ретінде қолданылса, сол сөздердің тобымен бір антонимдік топтың
сынары болуы мүмкін. Мысалы,
қатты сөзі заттардың табиғи
қасиеттерін білдіріп
жүмсак, сын есімімен антонимдік қатар ретін-
147
де қолданылады. Бірақ үстеудің мағынасына сәйкес мағынада
қолданғанда
жүмсак, сөзіне антонимдік сыңар ретінде қолданыла
ал.майды. Салыстырыңыз:
Картаң бай қатты сақ бол тілге көнсең,
Достарыңызбен бөлісу: