Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет67/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   94
Синтагмалық мағына
Сөз мағынасының қалыптасуында парадигмалық мағынамен 
бірге синтагмалық мағынаның да үлкен қызметі бар, олар бірі 
екіншісімен байланысып жаткан категориялар болып есептеліне- 
ді. Егер парадигмалық мағыналық элемент бір деңгейдегі лекси- 
ко-семантикалық не тематикалық топтағы сөздердің арасында 
болып, сол сөздерді салыстыру негізінде анықталса, синтагмалық 
мағыналық элемент сөздердің сөйлеу не жазу кезінде бірінен 
кейін екіншісінің келіп байланысуы негізінде анықталады. Сөз 
мағынасының құрамындағы қайшылық та осы екі мағыналық 
элементтер арасынан келіп шығады. Біздің түсінігімізше, сөз ма- 
ғынасының құрамындағы элементтер (денотаттық, сигнитификат- 
тық, эмоциялық-экспрессивтік, парадигмалық, синтагмалық) жеке- 
жеке бір-біріне байланыспай өмір сүреді деу дұрыс емес. Әрине 
сөз мағыналары осы элементтерден құралатындығы анық, бірақ 
ол мағыналық элементтердін арифметикалық қосындысы емес. 
Олардың біреуі мағынаны қалыптастыруда шешуші қызмет ат- 
қарса, екінші біреуі сөздің (сол сөздің) мағынасындағы айырушы 
сема қызметін атқарады. Басқа бір сөздің мағынасында екінші 
бір мағыналық элемент лексикалық мағынаның ядросын жасауы 
мүмкін. Тіпті бір сөздің аясында да мағыналық элементтер өзара 
әрекетте болып, сөздің мағынасының өзгеруіне себепші де болады. 
Сондықтан да түсіндірме сөздіктерде берген мағына сол сөздің 
қолданылғандағы, контекст ішіндегі мағынасымен тең түсе бер- 
мейді. Мысалы, Демеңдер өнбес іске жүбаналық, Ақыл тапсақ 
мал тапсақ қуаналық (Абай) дегендегі мал сөзі тек төрт түлікке 
байланысты қолданылып тұрған жоқ. Осы мал сияқты жаңа ма- 
ғынада қолданылу синтагмалық мағынаның үлесіне тиеді.
Синтагмалық мағынаның табиғатын түсіну, парадигмалық ма- 
ғынаға қарағанда, қиындық туғызатындығы анық. Сөздер ара- 
сындағы антоним, синоним, ұштас мағыналық байланыстар ортақ
151


семалары арқылы байланысып жататын, бір қатардың элементте- 
рі арасында болатын болса, синтагмалық мағына әр текті тіл эле- 
менттері арасындағы горизонталь байланысынан, бірінен кейін 
екіншісі келіп байланысуынан аныкталады. Соңғы қасиет сөздер- 
дің системалы байланысы ретінде қарауға да, сөздін мағыналық 
элементі ретінде қарауға да жағдай жасайды. Жалпы синтагма 
кең түсініледі. Мысалы, тіл білімінде фонетикалық синтагма, мор- 
фологиялық синтагма деген түсініктер де бар. Ал сөздердің бай- 
ланысының өзінен де екі түрлі синтагма шығарамыз. Б. А. Плот­
ников синтагма терминін орыс тіліндегі сочетаемость (үйлесу, 
сәйкес келу) терминімен тең санап: 1) грамматикалық (сиптак- 
систік), 2) лексикалық бар екендігін көрсетеді 
(Плотников 
84, 40) *.
Кез келген сөз белгілі бір текст ішінде келгенде өзара тек 
синтаксистік қағидаға негізделгендей көрінеді. Шындығында да 
сөздер әрі синтаксистік, әрі семантикалық жақтан байланысады. 
Байланысқа түскен сөздердің тым болмағанда бір семасы өзара 
сәйкес келуі не екінші бір сөздегі бір семаменен байланысқа түсу 
мүмкіндігі болу керек. Мысалы, көр етістігі көздің қызметімен 
байланысты амал-әрекетті білдіреді де көзге түсетін заттармен 
байланысты қолданылады. Шаттың аузын бекіткен алтын қорган, 
Қақпасы бекітулі көзі көрді (Абай). Бұл мысалымызда көр етіс- 
тігі қақпа сөзімен байланысып тұр. Қақпа көзге түсетін, түйсік 
туғызатын зат есім болғандықтан көр етістігімен байланысып (но- 
минативтж мағынасында), объектив қатынасты білдіріп тұр. Егер 
қақпа сөзінің орнында көзге түйсік туғызбайтын басқа бір зат не 
ұғым атауы тұрса, онда көр көзінің мағынасында өзгеріс болады. 
Салыстырыңыз: Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет