Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет77/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   94
әскер суды өрлеп талай жүрді, Судың басы бір қүзар іиатқа кірді 
(Абай). Сонан соң арқаныңды тасқа байла, Түсетүғын ыңғайлы 
жерді сайла (Абай) деген мысалымызда колданылған жүр, түс 
сөздері жоғарыда көрсеткен семаларды толық камтуға әрекет 
еткен. Ал, Бет алды жанға бой салма, Қорльіқ жүрмес сақтыққа 
(Абай). Өзге қара жүрт жақсы-жадан жүре береді екен (Абай) 
мысалдарымызда жүр етістігінде жоғарыдағы мысалдарда қолда- 
нылған семалардың барлығы бірдей катысып тұрған жоқ. Қорлык, 
жүрмес тіркесіндегі жүр сөзі көндіру, айтканын істету мағынасы- 
на жуык мәнде колданылып тұр. Сондай-ақ казак тілінде билік 
жүргізу, әмір жүргізу, сөзі жүру сиякты тіркестер де колданыла- 
ды, бәрінде жоғарыдағы көндіру, мойындату семасы бар. Екінші 
мысалымызда жүр етістігі өмір сүру, жасау мағынасында колда­
нылып тұр. Бұл жерде ол жүр етістігінің козғалу және созылынды- 
лыкты білдіретін семасына негізделіп тұр. Түс етістігі де казақ 
тіліндегі көп мағыналы етістіктердің бірі. Олардың да әр мағына- 
сында түс сөзінің мағынасын кұрайтын семалардың біреуі жетек- 
ші орынға шығып, мағынаны белгілесе, кейде бір мағынасына 
негізделініп баска бір бейнелік не ауыспалы мағына жасалынады. 
Салыстырыңыз: Алматыдан келген қонақ үйге түсті дейтін бол- 
сак, конактың үйге келгенде аспаннан түспейтіндігі анык. Қазіргі
179


қазақ тілінің деңгейінде қарайтын болсақ, жоғарыдан жерге түсті 
деген тіркестегі түс сөзінің мағынасы мен қонак, үйге түсті деген- 
нің арасында мағыналық байланыс жоқтай көрінеді. Шындығында 
ондай байланыс бар. Ол 1) территориямен, 2) тарихи мағынасы 
жағынан байланысып жатыр. Себебі ұзақтан келген қонакдың 
көлікпен келетіндігі анық. Ал қазақ тілінде аттан түсу, маіиинадан 
тусу сияқты тіркестің қолданылатындығы анык. Сонымен бірге 
аттан, көліктен түскен адамның біраз болса да аялдайтындығы, 
тоқтайтындығы да белгілі. Соңғы мағынадан қону, түнеу мағьіна- 
сы да өрбіген. Ал баласы оқуға тусті дегенде түс етістігі белгіл» 
бір территорияға ену, кіру мағынасымен байланысты жаңа мағы- 
нада қолданылып тұр. Осы соңғы мағынамен ой тусу, есіне түсу 
сияқты тіркестердегі мағыналар байланысып жатады.
Семалардың табиғатын анықтауда тілшілер арасында бір із- 
ділік жоқ. Мысалы, В. Г. Гак семантемалар мен семаларды ажы- 
ратады. Бірақ автор семантема терминіне мағынаның құрамында- 
ғы түрлі заттардың, құбылыстардың сәулеленуі, сема болса соның 
түрлі жеке элементтерінің сәулеленуі деп анықтама береді (Гак 
72, 370) *. Автор бұл пікірін екінші бір еңбегінде де қайталайды. 
В. Г. Гак семалардың мағынаны қалыптастырудағы ролін ескерте 
отырып, оларды үш түрге бөлген: 1) архисема, 2) дифференцно- 
налды сема, 3) потенциалды сема 
(Гак 72, 371; Гак 77, 14) *. 
И. Кучқартаев та өзбек тіліндегі етістіктерге талдау жасай оты­
рып, сема мен семемаларды ажыратады. Сема, автордың көрсе- 
туінше, сөздердің майда мағыналық бөлшегі, семема болса сөздің 
мағынасымен тең (Кучқартаев 77, 29) *. И. Кучқартаев та сөздер- 
дегі семаны үшке бөледі: 1) идентификациялық сема, 2) диффе- 
ренциялық сема, 3) қосымша сема. Негізгі мәселе семалардық 
санына не түрлеріне байланысты емес, мәселе оларға қандай ма- 
ғына беруінде. Егер семема семалардан тұрады дейтін болсақ, 
онда семема семалардың жиынтығы болып шығады. Н. В. Цветков 
семемалар кемінде екі семадан құралады деп есептейді (Цветков 
84, 62) *. В. Г. Гак сәл басқашалау түсіндіреді. Семантема сөз- 
дердің лексикалық мағынасымен тең түседі, сема болса морфема- 
лардын мағынасына сәйкес келеді. Автор өз пікірін түсіндіру үшін 
орыс тіліндегі приходить сөзінің мағынасын алады да, при при- 
фиксының мағынасы (жақындау) семемаға сәйкес, ход морфема- 
сының мағынасы (жаяу жүру) семантеманын мағынасымен тен. 
деп түсіндіреді (Гак 72, 370). Нақ осындай мазмұнда Л. М. Ва­
сильев те сема, семема (семантема) терминдеріне түсініктеме бер- 
ген. «Семема термині (бұл мағынада семантема термині көп қол- 
данылады) сөз формасының мағынасымен тен болғандықтан да 
біз бұдан кейін мағына термннін қолданамыз»,— деп ескерту жа- 
саған (Васильев 81, 21) *.
Семалардын мағынасын аиыктағанда, әрине, сөз мағынасына 
негізделген дұрыс. Ең алдымен, сөз мағынасындағы сема объек­
тив дүниемен байланыстырушы элемент деп санайтын болсақ, он­
да оны тіл білімі категориясы ретінде қарауға негіз де жоқ. Се­
малардын адамның сезім мүшелері арқылы объектив дүниені
180


түйсініп қабылдаған солардың түрлі қасиеттері мен белгілері 
екендігін мойындаумен бірге оның сөз мағынасының ең кіші эле- 
менттері екендігін де естен шығармау керек. Сондықтан да сезім 
мүшелері арқылы қабылданған сыртқы дүние туралы информа- 
циялардың барлығы сөз мағынасының элементі бола бермейтін- 
дігі анық, бірақ сөз мағынасын тереңірек түсінуде семалардың 
қажет болатындығы да шындық. Мысал ретінде терминдерге бер- 
ген түсіндірме сөздіктердегі анықтамаларды келтіруге болады. 
Салыстырыңыз: адам күнде көріп жүрген нәрсеміз (Адамның бірі 
өзіміз), бірақ адам сөзіне анықтама бергенде оның екі аяқты, екі 
қолды, тік жүруі сияқты белгілерін анықтамаға кіргізбей таста- 
ған. Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде адам сөзіне: «Ойлау және 
сөйлеу қабілеті бар, өмірге қажетті өндіріс құралын өндіре алатын 
және сол құралдарды қоғамдық еңбек процесінде пайдалана ала­
тын жан иесі, кісі»,— деп анықтама берген (ҚТТС 1, 62) *. Басқа 
тілдердің түсіндірме сөздіктерінде де адам сезіне анықтама бер­
генде оның 1) сөйлей алатындығын, 2) ойлай алатындығын, 3) кұ- 
рал жасай алатындығын, 4) құралдардан пайдалана алатындығын 
негіз етіп анықтама берген. Сонымен бірге бұл белгілер адам сөзі- 
нің лексикалық мағынасының құрамына да енген. Егер байыптап 
қарасақ, бұлардың кейбіреулері өте қатты жалпылаудан туған 
белгілер, олар адамның сезім мүшелеріне түйсік туғызбайды. Мы- 
салы, адамдардың ойлау қабілеті сезім мүшелерімізге түйсік ту- 
ғызбайды. Демек тек түйсік арқылы қабылданған информациялар 
ғана сема жасап қоймастан, ойлау арқылы жасалынған, анық- 
талған белгілер де сема жасай алады. Екіншіден, сөз магынала- 
рының өзі бір түрлі емес, соларға байланысты семалар да бір түр- 
лі болмайды. Мысалы, компонент талдау әдісі бойынша тілшілер 
көбінше туысқандық терминдерді талдап көрсетеді. Бұның сыры 
сол — туысқандық терминдері семаларға оңай бөлшектенеді. Са- 
лыстырыңыз: бала сөзінде 1) қандық, 2) тікелей туысқандық,
3) жасы кіші, 4) еркек кіндік; жиен сөзінде 1) қандық туысқан- 
дық, 2) тікелей ұрпақ емес, 3) жыныстық белгілерін көрсетпейтін 
сияқты семалар бар. Бірақ тілдегі сөздердің барлығы бірдей мұн- 
дай семаларға оңай бөліне бермейді. Мысалы үшін сын есімдерді 
алып көрелік. Лқ, қызыл, сары, көк, қоңыр, боз, қарагер, торы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет