идти сөзінде қозғалыстың темпін білдіретін сема жоқ, сондыктан
орта темптегі, бір қалыпты қозғалысты идти (жүр) деп атаймыз.
Бежать пен лететь жылдам қозғалысты білдірсе, ползти өте баяу
қозғалысты білдіреді дейді (Гак 77, 15). Автордың мысалды тал-
дауында мағыналарындағы өзгешеліктерді көрсетуінде қателік
жоқ. Бірақ шығарған қорытындысына келісуге болмайды. Біздіқ-
ше, жүр, иіап, еңбекте сөздерін бірін екіншісінен ажыратып тұрған
мағыналық элементтің өзі осы қимылдың тездігімен байланысты
екендігін жасыруға болмайды.
И. Кучкартаев өз пікірін дәлелдеу үшін өзбек тіліндегі бузоқ
(бұзау) сөзін алып талдайды. Автордың көрсетуінше, бүзау сөзін-
де сиыр және жас деген екі жетекші сема, анкау, сенгіш сияқты
қосымша семалары бар. Аңқау, бос, әр нәрсеге сене бергіиі сияқты
мағына бұзау сөзінің көп мағынасының бірі екендігін өзбек тілі
материалына негізделініп жазылған сөздіктерде де берілген. Мы-
салы, 1959 жылы жарық көрген өзбекше-орысша сөздікте бүзау
сөзіне екі мағына берген. Бірінші мағынасы — теленок, екіншісі —
постак, постофиля (УзРС, 88) *. Егер сөйлеу процесін есепке
алатын болсақ, онда ауыспалы мағынада қолданылғанда оның
163
номинатив мағынасы тек ішкі форма ретінде ғана сақталынатын-
дығы анық. Сондықтан да, Аммамнинг бузоғи дегенде сиырдың
төлі мағынасы мүлде ойға алынбайды; жуас, момын, бос семала-
ры негізгі мағына жасайтын семалары орнында қолданылып, ин-
формацияға негіз болып тұр. Егер семалық талдаулардың сәтті
шығуын қалайтын болсақ, онда сөздердің номинативтік мағынасы
мен келтірінді мағыналарын, атауыш сөздер мен көмекші сөздер-
дің мағыналарындағы ерекшеліктерді есепке алу керек. Жоғарыда
біз грамматикалық мағыналарда да семалар бар деген тезисті
колданған болатынбыз. Бірақ грамматикалық мағына құрамын-
дағы сема мен лексикалық мағына кұрамындағы семаларды теңес-
тіруге болмайды.
Соңғы кездерде жарық көрген еңбектерде семалардың төртін-
ші түрі — интеграль сема бар деушілер де көріне бастады (Сели
верстова 76, 130) *. Интеграль семаны анықтауда, қазірше, ауыт-
қулар жоқ, сонымен бірге оған берілген анықтамаларда да анық-
тықтар жоқ. Дегенмен кей кездерде сондай семаларды көрсету
мұқтажы туып та қалады. Интеграль сөзінің өзі латынның integer
(мағынасы бүтін, қалпына келтіру) сөзінен алынған, сондықтан
интеграль семаның анықтамасын сөздердің ортақ семасынан ізде-
ген дұрыс. Мысалы, сөйлеу етістіктерінің басын құрайтын сема —
белгілі бір информацияны екінші біреулерге жеткізу. Бұл — сөй-
леу етістіктерінін архисемасы. Сонымен бірге бұл етістіктер іштей
ары қарай жіктелініп кіші семантикалық топ жасайды. Мысалы,
сөйлеу етістігі, сұрау-жауап етістіктері, хабарлау етістіктері, кө-
ңіл-күймен байланысты (эмоциялы) сөйлеу етістіктері, сөйлесу
етістіктері, т. б. Бұлардың әр қайсысының құрамына бірнеше етіс-
тіктер еніп, олар да өзара байланысып жатады. Салыстырыңыз:
хабарлар етістігінде белгілі бір информацияны жеткізу семасы
негіз болып, басқа етістіктерді біріктіріп тұр: айт, сөйле, жеткіз,
білдір, дерек бер, хабар бер, т. б. Сөйлесу етістігінде процеске түс-
кен адам біреу болмай, кемінде, екеу не одан көп болатындығын
білдіретін семаеы арқылы ерекшеленіп жатады: әңгімелесу, сөйле-
су, әзілдесу, айтысу, т. б. Сұрау-жауап мәнді етістіктерде де екі
адам қатынасады; біреуі сұрау берсе, екіншісі жауап беру семасы-
мен ажыратылады: сүра, жауап бер, жауап қайтар, т. б. Осы соцғы
кіші топқа сөздерді біріктіруші семаны интегральсема деп атап
жүр. Шындығында да бұл жерде екі түрлі семамен байланысты сөз
жүргізіп тұрганымыз жоқ, тек бір түрлі семаның екі түрлі көріні-
сімен ғана бетпе-бет келіп тұрмыз.
Семалардың түрлері туралы пікірімізді жинақтайтын болсақ,
онда сөз мағынасындағы семалардың тек екі түрін гана ажыра-
туга болады. Интегралды сема, салыстырмалы семалар сөздердіц
лексикалық мағыналарын талдауда жеңілдік туғызғанымен, ма-
ғынадағы орны тиянақты болмайды, өзгеріп отырады. Интегралды
сема өз қаснеттері жағынан архисемаға жақын болса, салыстыр
малы сема дифференциалды семаға жақып тұрады. Зерттеушілер-
дін мақсатына карай олар бірде архисемапың кұрамында, бірде
жеке бөлініліп алыпуы мүмкін. Салыстырмалы сема да нақ
184
осындай бірде дифференциялы сема ретінде, бірде жеке сема ре-
тінде бөлініп алына береді. Егер архисема дегенде біз бірнеше
сөздердің мағынасына ортак, сөздерді белгілі бір лексико-семан-
тикалық топқа біріктіруге себепші болатын сема деген В. Г. Гак-
тын анықтамасын дұрыс дейтін болсақ, онда архисема мен интег-
раль семаларды ажыратудың қажеті болмайды. Ф. П. Филин
лексико-семантикалық топтын кұрамына екі не одан көп сөздердің
енуі мүмкін дегеп болатын және олар өзара мағыналары жағынан
байланысып жатуын шарт етіп көрсеткен. Жоғарыда келтірілген
мысалдарымызда интеграль сема бойынша топтастырылған кіші
семантикалық топтың құрамында бес не онан да көп етістіктердің
енгендігі анық. Олай болса, олардың өздері де бір лексико-семан-
тикалық топ. Сондықтан да біз архимеса
(жалпылаушы сема)
бірнеше сөздерге ортақ сема болып саналады да сөздерді белгілі
бір лексико-семаптикалық топка топтастырып тұрады; ал диффе-
ренциалды сема жеке сөздердің өздеріне тән болады да, оны сол
лексико-семантикалық топтың басқа мүшелерінен ажыратып тұ-
ратын, сөздердің жеке дербестігін қамтамасыз етіп тұратын сема
деген қағиданы колдаймыз.
Қолымызда бар материалдардың көрсетуінше, сөздердің лек-
снкалық мағынасының құрамында кездесетін ортақ семалар біреу
ғана болмайды. Мысалы, қалып-сапа етістіктерін алып көрелік.
Қалып-сапа етістіктері не отыр, түр, жатыр, жүр, қартац, жасар,
Достарыңызбен бөлісу: |