Үстіміздегі ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап ба-
тыс европа тіл білімінде семантикалық өріс (семантическое поле)
термині колданыла бастады. Оның өзі
физикадағы өріс терминін
тіл біліміне байланыстыра қолданылу болатын. Бұл терминді тіл
білімінде алғаш қолданғандар И. Трир, В. Порциг, Г. Ипсен, т. б.
болды. Олар өздерінің теорияларының негізі етіп В. фон Гум-
больдтың «ішкі формасын» алады да сөздерді топтастыруда лек-
сикалық мағынаға сүйенбестен, объектив дүниедегі заттардың
өздеріне не таза ойға, ұғымға ғана сүйенген (Уфимцев 61, 30—
63) *. Сондықтан да олардың көзқарастарының негізінде В. фон
Гумбольдтың идеалистік көзқарасы жатыр.
Лексико-семантикалық топ сөздердің өзара лексикалык мағы-
насының жуықтығына,
байланыстылығына, ортақ семаларына ка
рай топтастырылады. Ф. П. Филин: «Лексико-семантикалық топ
екі не бірнеше сөздердің лексикалық мағынасына қарай топтас-
тырылуын айтамыз»,— деп лексико-семантикалык топқа анықтама
береді (Филин 57, 524) *. Демек лексико-семантикалық топтың
көлемін, оған енетін сөздердін, санын парадигмалық мағына мен
парадигмалық қатынас арқылы анықтаймыз. Бірақ сөздің лекси
калык мағынасы күрделі екендігі, бірнеше кат-кабаттардан тұра-
тындығы, оларды тілшілер түрліше түсініп, түрліше
талдайтын-
дықтарын жоғарыда айткан болатынбыз. Тематикалык топ пен
лексико-семантикалык топтың арасын ажыратуда да осы лекси
калык мағынаны негіз етіп алу көпшілік ғалымдарымыз арасында
да кең таралған. Егер салыстырып карасак, тематикалық топтың
құрамына енген сөздің де, лексико-семантикалық топтың мүшеле-
рі де объектив дүниедегі заттар мен кұбылыстармен байланыскан,
олар арасындағы байланыска сүйенетіндігі анык. Бұл тематика-
лык топ пен лексико-семантикалык топтын.
арасында байланыс бар
деген сөз. Бірак бұлар арасында айырмашылыктар да жок емес.
Мысалы, тематикалык топка енген сөздер өздері атауы болған
объектив дүниедегі заттардын тікелей байланысына, қарым-каты-
насына негізделінгенін, бірі екіншісіне тәуелді болмайтындығын
ескерсек, онда тематикалык топтың бір мүшесі түсіп калса, не
жаңа сөз косылса ол оның баска мүшелерінің мағынасына эсер
етпеуі мүмкін. Тематикалык сөздердің тарихы бұл пікіріміздің
дұрыстығын дәлелдеп бере алады.
Мысал ретінде ауыл шаруашы-
лык кұралдарының атауларын алайык:
жерағаш, мойынтұрық, со-
қа, тырма, мойынша, оқ, тіс, күрек, айыр, кетпен, т. б. Қазіргі күн-
де
жерағаш, тіс, оқ сөздері колданылмайды не пассив сөздердің
катарына өткен, бірак осы сөздердің есебіне
соқа не баска сөздер-
дің мағынасы кеңейе койған жок. Сондай-ак
кесе, шәйнек, тоста-
ған, зере, ваза, шара, мес, шөміш, қасьіқ, шанышқы, кәпкір, ста-
қан, фужер, графин, тарелка, леген сиякты сөздер ыдыс-аяк атаула-
рына жатады. Егер осы тематикалык атауларды барлап карайтын
болсак,
кесе, шәйнек, тостаған, зере, қасық, астау, шара сияк
ты
сөздер болмаса, көпшілігі жаңадан, кейінірек сөздік қорга
енген сөздер. Бірак бүлардың ыкпалынан
кесе, қасық сөздерінің
1 7 4
мағынасы тарылған жоқ. Бұл типтес мысалдарды басқа темати-
калық топтардың мүшелері арасынан да байқауға болады.
Ал лексико-семантикалық топтың мүшелері болса, өзара лек-
сикалық мағынасы жағынан байланысады,
тематикалық топтар-
дың мүшелеріне бұл шарт емес. Сондықтан да
бас сөзі мен
қол сөз-
дерінің тікелей лексикалық мағыналары жағынан байланысы жоқ,
тек адамның дене мүшелерінің атауы болғандығы үшін бір топка
енгізілген.
Кел, кет, өт, шап, секір, бар, жорғала, атта, сырғана,
еңбекте сияқты етістіктер бір лексико-семантикалық топтың құ-
рамына енгенде қозғалысқа түскен адам не заттың бір орыннан
екінші орынға өткендігін, орын ауыстырғандығын
білдіретін ма-
ғына сыбайластығымен байланысты біріктірілген. Ал,
сөйле, айт,
Достарыңызбен бөлісу: