талқан ет, күлін көкке үшыр, т. б. 4. Бөлу, ажырату етістіктері:
бөл, екиіе, ажырат, айыр, сүрыпта, т. б. 5. Өлшеу етістіктері: метр-
ле, қарыста, білемде, литрле, адымда, т. б. 6. Белгілі бір кұралмен
орындалатын амал-әрекетті білдіретін етістіктер: балтала, бауыз-
да, бүрғыла, пыіиақта, т. б.
II. Қозғалу етістіктері. Бұл топтағы етістіктердің жалпылаушы
семасы қозғалысқа түскен заттардың не адамның орыннан екінші
бір орынға өткендігін, орын ауыстырғандығын білдіреді: жүр, шап,
кел, кет, бар, т. б. Қозғалу етістіктерін мынадай семантикалық
топтарға белуге болады. 1. Жердегі қозғалысты білдіретін етістік-
тер: жүр, кел, еңбекте, сырғана, жорғала, т. б. 2. Судағы қозға-
лысты білдіретін етістіктер: жүз, сүңгі, малты, жалда, т. б. 3. Ауа-
дағы қозғалысты білдіретін етістіктер: үиі, самға, қалықта, іиүйгі,
т. б. 4. Белгілі бір бағытқа қаратылған қозғалысты білдіретін
етістіктер: кел, кет, бар, жақында, т. б. 5. Бағытсыз қозғалысты
білдіретін етістіктер: арала, шарла, кез, қыдыр, т. б. 6. Объектіден
алыстауды білдіретіп етістіктер: кет, алыста, уза, без, т. б.
III. Қарым-қатынас етістіктері. Бұл топтағы етістіктер заттар
не адамдар арасындағы түрлі қатынастарды білдіретін семалары
мен байланысты топтастырылады. Олар мынадай семантикалық
топтарға бөлінеді: 1. Теңестіру мәнді етістіктер: қос, теңестір, са-
лыстыр, бала, т. б. 2. Меншіктеу, тәуелдеу етістіктері: иемде, мен-
іиікте, жіп так,, ие бол, т. б. 3. Амандасу, қоштасу етістіктері: аман-
дасу, сәлемдесу, көрісу, танысу, қоштасу, қайырласу, т. б. 4. Құр-
меттеу, қадірлеу етістіктері: қүрметте, қадірле, ізетте, к,үрмет
189
көрсету, т. б. 5. Бастыру, бағындыру етістіктері: басқар, әмір жүр-
гізу, сөз өткізу, т. б. 6. Бағыну етістіктері: көну, бас иіу, ьірқына
көну (журу), бағыну, т. б.
IV. Сезіну етістіктері. Бұл топтағы етістіктер сезім мүшелері-
нің қызметімен байланысты жалпылауыш семаға ие болады. Олар
мынадай семантикалық топтарға бөлінеді. 1. Жалпы сезіну мәнді
етістіктер: сөз, байқа, абайла, аңғар, пайымда, т. б. 2. Көру етіс-
тіктері: көр, көз сал, үңіл, т. б. 3. Дәм сезу етістіктері: кермектену,
аищылтымдану, т. б. 4. Иіс сезу етістіктері: бықсы, мүңкі, аңқы,
т. б. 5. Терімен байланысты сезіну етістіктері: сыздау, ашу, қышу,
тызылдау, т. б. 6. Есіту етістіктері: тыңда, есіт, қүлақ сал, т. б.
V. Ойлау етістіктері. Бұл топтағы етістіктер адамның ойлау
процесімен байланысты болады да сан жағынан онша көп бол-
майды. Оларға 1) жалпы ойлау мәнді етістіктер (ойла, байымда,
ой жүгірт, т. б.), 2) жорамалдау, болжау етістіктері (болжа, бағ-
дарла, түспалда, межеле, т. б.), 3) қорытындылау етістіктері (қо-
рытындыла, шешімге кел, бел байла, тэуекел ет, т. б.), 4) сенім
етістігі (сен, дос деп сана, дос көр, жак,ын сана, т. б.), 5) еске сақ-
тау етістіктері (еске ал, зердеңде сақта, жадына алу, т. б.) сияқты
етістіктер енеді.
VI. Сөйлеу етістіктері. Бұл топтағы етістіктер дыбыс толқын-
дары арқылы белгілі бір информацияны екінші біреуге жеткізу
жалпылауыш семасы арқылы топтастырылған. Олар: 1) хабарлау
етістіктері (айт, жеткіз, хабарла, т. б.), 2) сөйлеу етістігі (сөйлесу,
әңгімелесу, әзілдесу, т. б.), 3) сұрау-жауап етістіктері (сұра, жауап
бер, жауап қайтар, т. б.), 4) эмоционалды сөйлеу етістіктері (мың-
қылда, көкі, отта, т. б.), сияқты бірнеше семантикалық топтарға
бөлінеді.
VII. Дыбыс-сес етістіктері. Бұл етістіктің тобына табиғаттағы
заттар мен құбылыстардың шығарған дыбыстарына байланысты
қолданылатын етістіктер енеді. Мысалы, тарсылда, сатырла, тырс
Достарыңызбен бөлісу: |