Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет84/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   94
қақ, батыр, т. б.
191


9. Заттың, ауаның температурасымен байланысты қолданыла- 
тын сын есімдер: жылы, суық, са.щын, дымқыл, ылғалды, ызғы- 
рық, т. б.
10. Адамның не жан-жануарлардың жас мөлшеріне байланыс­
ты қолданылатын сын есімдер: қарт, жас, кәрі, балғын, сәби, т. б.
11. Заттардың сыртқы формасымен байланысты қолданылатын 
сын есімдер: дөңгелек, сопақ, үиікіл, тегіс, жүмыр, т. б.
12. Табиғи құбылыстармен байланысты қолданылатын сын 
есімдер: 1) жарық, қараңғы, күңгірт, т. б., 2) жауынды, қарлы, 
боранды, желді, дауылды, т. б., 3) аиіық, бүлтты, түманды, т. б.
13. Заттардың мөлшерлік сынымен байланысты қолданылатын 
сын есімдер: аз, көп, іиағын, қыруар, титтей, мардымсыз, т. б.
14. Адамның тұрмыс жағдайымен байланысты қолданылатын 
сын есімдер: бай, кедей, жарлы, кембағал, дәулетті, сіңірі иіық- 
қан, т. б.
15. Дағдыланған әдетке байланысты қолданылатын сын есім- 
дер: жылауықөтірікші, қаіиқақ, үялшақ, сөзуар, тапқыр, бақы- 
рауық, үйқыиіыл, т. б.
16. Адамның қадірі, заттардың құнына байланысты колданы- 
латын сын есімдер: қадірлі, қүнды, қимас, ардақты, тегін, ар- 
зан, т. б.
17. Адамның, жан-жануардың сыртқы сымбатына, көркіне бай­
ланысты қолданылатын сын есімйер: сүлу, келісті, сымбатты, кө- 
ріксіз, мыржық, т. б.
Лексика элементтері арасындағы синтагмалық қатынастар
Тілді система деп тануда параднгмалық қатынасты монындау- 
мен бірге синтагмалық байланыстардыц бар екендігін де монын- 
дау керек. Синтагмалық байланыс сөздердің сөйлем құрамында 
келіп өзара байланысу негізінде жасалынады. Сондықтан да 
В. М. Солнцев «Синтагмалы қатынас деп сөйлеу кезінде ұзындық 
бойынша (бірінен соң бірі келіп — О. М.) өзара байланысқан тіл 
элементтерінің арасындағы барлық байланысты айтамыз» — деп 
анықтама берсе (Солнцев 77, 70), И. И. Ковтунова «Синтагмалық 
қатынас сөйлеу процесінде бірінен кейін бірі келу принципіне 
сүйенеді, бұл бір уакыттың өзінде екі элементтіц қатар келуіне 
шек қояды»,— дейді (Ковтунова 79, 288) *. Шындығында да сөй- 
леу кезінде сөздер бірінен кейін бірі келіп өзара тіркесіп қолда- 
нылады да, олар арасындағы байланыс белгілі бір зацдылыққа 
сүйенеді. Мысалы, Қансонарда бүркітші шығады ақға, 
Тастан 
түлкі табылар ақдығанға (Абай) деген үзіндініц құрамындағы 
сөздер бірі екіншісімен байланысып тұр. Бірақ бұл байланысты 
парадигмалық байланыс негізінде анықтау мүмкін емес, басқаша 
қасиетке не. Егер сөз табымен байланыстырып қарайтын болсақ, 
олардың барлығы бірдей бір сөз табыиа енбейтіндігі, олар өзара 
түрлену үлгісімен де, синонимдік, антонимдік мағына байланыс- 
тарымен де ұштасып жатпайды, бірақ араларында байланыс бар.
192


Қансонарда бүркітіиі шыгады аңға дегендегі шығу етістігі басқа 
сөздермен түрлі грамматикалық формаларда келсе де байланыса- 
ды. Сондықтан да бүркітіиі шығады, аңға шығады, қансонарда 
іиығады деген тіркестерін айта аламыз. Бұл тіркескен сөздердің 
табиғаты бір түрлі болмағанымен, бірі предикациялық қатынасты 
(бүркітіиі іиығады), екіншісі объектілік қатынасты (аңға іиыға- 
ды), үшіншісі мезгілдік қатынасты (қансонарда шығады) білдір- 
генімен араларында ортақ белгі бар. Мысалы, олар өзара мағына 
жағынан әрі тұлға жағынан байланысып тұр. Екінші сөзбен айт- 
қанымызда, атау тұлғалы туынды түбір зат есім — бүркітиіі сөй- 
лемде айтылған ойға ие болып (амал-әрекетті орындаушы ретін- 
де) бастауыш қызметінде қолданылып, өзіне етістіктен болған 
баяндауышты (іиығады) белгілі бір жіктік жалғауында тұрып, 
өзімен қиылысуын талап етіп тұр.
Сөйлемді ұйымдастыруда бастауыштан гөрі баяндауыш актив 
қызмет атқарады. Әсіресе баяндауыштың ұйымдастырушылық 
қызметі етістіктен болған баяндауыштарда анық байқалады. Акад. 
В. В. Виноградов етістіктің мағынасының өте бай болуын оның 
синтаксистік қызметінің,. конструкциялардың көптігінен, ұйымдас- 
тырушылық қызметін тікелей байланысты деген болатын (Вино­
градов 72, 341) *. Сөйлемнің бір грамматикалық белгісі предика­
ция екендігі анық. Ал осы предикацияның негізі баяндауыштарда 
болатындығы тіл білімінде анықталған нәрсе (Белошапкова 77, 
86) *. Егер түркі тілдеріндегі қай сөз табының баяндауыш бола- 
тындығы есепке алынса, онда ешқандай сөз табы етістіктің алдына 
түсе алмаған болар еді. Сондықтан да сөйлемді ұйымдастыруда, 
оған түрлі модальдік мән беруде етістік жетекші роль атқарады. 
Синтаксистік синтагманы зерттеген көпшілік тілшілердің етістік- 
пен байланысты сөз қозғауы да осыдан.
Сөйлем құрамына еніп, сөз тіркесінің бір сыңары ретінде қол- 
данғанда да етістіктер өзіне баска сөздерді тіркеп колданылады. 
Соңғы кездерде сөздердіқ сөйлем құрамында келіп басқа сөздер- 
мен байланысу мүмкіндігін сөздердің валенттілік қасиеті деп атап 
жүр. Валенттілік терминін, алғаш рет тіл білімінде Л. Терньер 
алып келіп, өзінің функционалды синтаксисіне байланысты еңбе- 
гінде колданған болатын (Филичева 67) *. Қазіргі кезде бұл 
терминнін негізгі қағидалары анықталып, актанттарына орыс жә- 
не басқа индоевропа тілдері материалы негізінде талдаулар жа- 
салынған. Шет ел тілшілері болсын, совет тілшілері болсын сөз- 
дердің валенттілік қаснетін анықтау үшін өздерінің пікіріне дәлел 
ретінде етістіктерді ғана алады да, есім сөздерге жол-жөнекей 
тоқталады. Дегенмен де есім сөздерде де валенттілік қасиеттің 
барлығы анық, бірақ олар етістіктердегідей бай және ашық көріне 
бермейді. Ал, есім сөздердің валенттілік қасиеттері соңғы кездер­
де ғана зерттелініп жүр.
Сөйлем құрамына енген сөздер өзара, ең алдымен, екі жақты 
байланысқа түседі, яғни әрі грамматикалық категориялар арқылы 
байланысып белгілі бір грамматикалық формада тіркессе, әрі 
байланысқа түскен сөздер семантикалық жағынан да байланыса-
193


ды. Егер бұл екі байланыстың біреуі жоқ болса не сөйлемдегі ай- 
тылатын ой толық жеткізілінбейді не мүлде түсініксіз бір нәрсе 
болып шығады. Пікірімізді дәлелдеуге өтелік. Асау атпен келген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет