Алматы «Сардар» баспа үйі


Этимологияның морфологиялық критерийлері



Pdf көрінісі
бет11/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   116
Этимологияның морфологиялық критерийлері түркі тілдерін-
дегі бір типті жəне бірдей лексико-семантикалық топтардың төменгі 
байланыстарын айқындауға көмектеседі. Ол ең алдымен, диахрондық 
жəне синхрондық тұрғыдан дамытушы сөзжасамның əртүрлі модель-
дерімен байланысты.
1. Этимолог нақты бір тілдегі сөздің құрылымын анықтау бары-
сында, тұрақты түрде сол тілдің қолданысындағы сөзжасамның, форма-
жасамның жəне сөзөзгертімнің модельдері мен тəсілдеріне сүйенеді. 
Егер тілде олар жоқ болмаған жағдайда туыстас тірі жəне өлі тілдердегі 
көріністерін іздейді.
Осы тектес этимологиялық реконструкциялардың сəтсіздігі көбіне-
се əрбір тілде немесе жалпы түркологияда сөзжасамның морфология-
лық тұлғаларының ортақ корпусының болмауымен байланысты. Сон-
дықтан əрбір тілдің ғылыми этимологиясы үшін алдынала грамматика-
лық тұлғалар мен сөзжасам модельдерінің толық тізімі түгендеу жұмы-
сы жүргізілуі тиіс: өлі, бəсең өнімді жəне өнімді.
2. Аффикстердің шынайы мағынасын лексикалық негіздердің ка-
тегориялық топтарына байланысты айқындау; негіз жəне одан туында-
ған құрылымның мағынасының сəйкестігін, оладың жалғануына қатыс-
ты хронологиясы мен жалғастығын айқындау т.б.
3. Морфемалық тұлғаларды бара-бара өлі элементтер қатарына 
қосатын көнелену (архаизация) мен этимологиясын көмескілендіру (де-


17
этимологизация) нəтижесінде туынды түбір морфемамен бірігіп кеткен 
үдерістердің заңдылықтарын ескеру. Бұл арадағы этимологиялық ре-
конструкцияның мəні – қазіргі кезде құрамы ажыратуға келмейтін тү-
бір-негіздерді, түбір жəне аффикстік морфемаға жіктеу. Осыған орай 
этимологияның тиімді əдіс-морфемалық, немесе компоненттік мүшелеу 
əдісі.
4. Этимологияны ашудың морфологиялық критерийлерін сөз ту-
дырушы аффикстердің «талғап» жалғанатын қабілетін ескеруі қажет. 
Себебі түбір лексемалардың лексико-семантикалық ерекшеліктеріне жə-
не атаудың уəжіне байланысты сөз тудырушының модельдерінің бел-
гілі бір топтарын түзеді.
Мысалы, қазақ тілінде-қа//-ке //ға//-ге моделінің мынадай семан-
тика-анатомиялық терминдерді туғызуы кездейсоқтық па? Қаңқа>
қаң+қа «скелет», «каркас» (чего-либо); қолқа>қол+қа «трахея»; жүй-
ке>жүй+ке «нерв», «мозжичок»; желке>жел+ке «шея», «затылочная 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет