Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет8/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   116
СГ, СГС, ГСС, СГСС
2
. Жалғамалы тіл құрылымында ең бастапқы 
лексикалық бірліктер осы үлгілер бойынша қалыптасты десек, түркі 
тілдерінің өзара жақын-алыстығын пайымдаудың бір шарты да осы тек-
тес, мағыналас, төркіндес түбірлердің ішкі даму заңдылығы бойынша 
туындаған ирварианттардан айқын көреміз. Мысалы, түркі тілдерінің 
бəрінде де ең жиі қолданылатын «жер», «су», «от», «тау», «үй» ұғым-
дарын білдіретін бес ілкі түбірді кесте арқылы салыстырып көрейік:
ТІЛДЕР:
"земля"
"вода"
"огонь"
"гора"
"дом"
түрік
yеr
su
ateş
dag
ev
əзербайж.
yer
su
od
dag
ev
башқұрт
yir
hiv
ut
tav
цу
қазақ
jer
sur
ot
tav
ьу
қырғыз
cer
su
ot

ьу
өзбек
yег
suv
ot
tag
ьу
татар
cir
su
ut
tav
цу
түрікмен
yer
suv
ot
dag
цу
ұйғыр
jдr
su
ot
tag
цу
хакас
cir
sug
ot
tag
ib
тува
cer
sug
ot
dag
цg
2
(*Г - дауысты дыбыс белгісі, С- дауыссыз дыбыс).
* Мысалдар (жазылуы да) Түркияда жарияланған: «Karşilaştirmali tьrk lehgeleri suzlugb I 
Ankara, 1991» атты салыстырма сөздіктен келтірілді.


9
алтай
jer
guu
ot
tuu
ьj
шуаш
зег
şïv
vut
tu
kil*
Көріп отырғанымыздай, 13 түркі тілі бойынша салыстырылып 
берілген ең қарапайым, əрі жиі қолданылатын 5 сөздің ("жер"су", "от", 
"may", "үй") таңбалануында 30-дан астам айырмашылық байқалады. 
Олар, əдетте, əрбір түркі тілінің өзіндік ерекшеліктері деп қаралады жə-
не ол ерекшеліктер біз жоғарыда көрсеткен дыбыс заңдылықтарына 
сəйкес жүзеге асып отыр. Бірақ қалай болғанда да, бұл түбірлердің шы-
ғу тегі бір екендігіне ешкім дау айта алмайды.
Сонда бүгінде дербес тіл санатына жататын 30 шақты тілдің бір-
бірімен бірде тым алыстап кеткен, енді бірде өте жақын ортақ ерек-
шеліктері мен айырмашалықтары – бұл тілдердің əр бағытта үрдіс ал-
ған ішкі даму заңдылықтарының ғасырлар бойы өз тұрғысынан елеп-
екшеп, саралап, өзіндік (айтылу, жазылу) норма етіп алған, тұрақталған 
қалып-күйі.
Осы құбылысты бір буынды (моносиллабикалық) ілкі түбір деңге-
йінде алып қарайтын болсақ, түркі тілдерінің ғасырлар бойы қалыпта-
су эволюциясының ғажайып көрінісін байқауға болады. Ол үшін біз 
түркі тілдеріндегі о баста жалпылама бір-ақ мағынаға қатысты, ортақ 
абстракциялы мəнге ие бір буынды ілкі түбірдің біреуін алып, оның əр 
тілдегі тұлғалық қалпы мен одан туындаған туынды сөздерді салысты-
рып көрсетуді жөн көрдік. Ескерте кететін бір жағдай: туынды тұлғадан 
бөліп алып, көрсетіп отырған бір буынды ілкі түбір бір тілде жеке-дара 
қолданылса, енді бір тілде "өлі түбір" ретінде тек сөз құрамында ғана 
кездеседі, сондықтан да мағынасы айқын емес.
Жеке бөліп алып қарайтынымыз –"кесу", "пішу", "ойып жазу", 
"пішен", "піштіру", "пышақ", "пышақ бысы" сияқты өзара жақын, ортақ 
процестерді аңғартатын, көне түркі ескерткіштер тіліндегі bič "срезать" 
(ДТС, 98) түбірімен төркіндес бір түбір: быс ~ бич ~ бес ~ биж ~ бий ~ 
бис ~ быж ~ пыс ~ пыш ~ пыч ~ піш т.т. 20 шақты варианты бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет