дердегі қазақтардың сөйлеу тіліндегі ерекшеліктер) орын алғанымен, олардың жазуында, əдеби тілінде ешқандай ерекшелік байқалмайды. Сондықтан да, қазақ тілі «бейдиалектілі» тілдердің қатарына жатады. Дегенмен, қазақ тілі көне тілдердің бірі ретінде, сондай-ақ жер көлемінің кеңдігіне байланысты көпте- ген басқа жұрттармен (орыс, араб, иран, қытай, үнді, Еуропа т.б. халықтары- мен) тығыз қарым-қатынаста болып келгендіктен, олардың тілдік əсерін де көп көрген, жіті араласқан халықтардың қатарына кіреді. Бұл факторлар эти- мологиялық ізденістерде ескерілетін бірден-бір мəселе. Мемлекеттік мəртебесіне сай қазақ тілінің барлық сөз байлығын толық қамтып, жан-жақты да терең зерттеген ғылыми-теориялық еңбектер мен сөздік құрамының мағына-мəнін ашып, қолданыс аясын кеңейтіп, жүйелі етіп көрсете алатын толыққанды лексикографиялық зерттеулер əлі де аз. Қазақ тілінің сөздік кұрамында ерекше орын алатын ең көне, əрі байырғы, құнарлы да, жиі қолданылатын бай қазынаның көзін ашатын лексикологияның өзекті саласы – этимология. Қазақ этимологиясы тек бір тілге ғана тəн жалқы ка- тегория емес, ол түркі тілдерінің баршасына тəн, тіпті олардан басқа да көптеген тілдерде кездесетін əмбебап құбылыс.
4
Этимологиялық зерттеудің дамып, қалыптасуы бір-біріне тығыз байланыс- ты екі үдерісті қажет етеді. Оның біреуі – этимология жасаудың ғылыми- теориялық негіздерін жан-жақты айқындап алу, яғни қазақ тіліне қатысты этимологиялық зерттеуге негіз болатын теориялық бағдарлама, практикалық көрсеткіш жасау. Олар болмаған жағдайда əркім өз бетімен əрекеттенуге жол