Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет46/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   116
-Та//-те моделі -ла/-ле моделінің фонетикалық варианты. Мысалы: 
*жас>жас-та, *мақ>мақ-та, *от>от-та, *өр>өр-те, *сақ>сақ-та, 
*сық>сық-та, *сіл>сіл-те, *тас>тас-та, *ұс>ұс-та жəне басқалар.
23. √-тар//-тер, -дар//-дер:
Осы аффикстің көмегімен жасалған қазақ тіліндегі етістіктің бəрі 
диахрондық тұрғыда морфемаға ажыратылған: *ақ-тар=, *ау-дар=, 
*бөк-тер=, *дағ-дар=, *қай-тар=, *қаң-тар=, *той-тар=, *ұл-тар=, т.б.
24. √-ты//-ті, ды//-ді:
Егер а/е жəне ы/і модельдерін параллель тұлғалар ретінде 
қарастырсақ, біз осы модельді –та//-те тұлғасының варианты деп са-
най аламыз. Мысалы: *ел-ті=, *ес-ті=, *қам-ты=, *мал-ты=.
25. √-тый//-тій, -дый//-дій:
Сөзжасамдық модель дыбыселіктеуіш моносиллабтық негіздерге 
қосылып, бірдеңеге кірігу мағынасындағы етістіктерді тудырады. Мы-
салы: *бат-ты=, *быр-тый=, *мон-тый, *шол-тый=, *ыз-дый=.
26. √-тыр//-тір, -дыр//-дір:
бас-тыр=, кел-тір=, көн-дір=, күй-дір=, қал-дыр= т.б. жəне осы 
қатарда, сондай-ақ этимологиясы көмескіленген түбір морфемалары 
бар негіздер де кездеседі. Мысалы: *бүл-дір=, *жақ-тыр=, *лақ-тыр=, 
*о-тыр=. Ғалымдар (В.Шотт, Н.И.Ашмарин, Г.Рамстедт) осы генезисті 
тұр етістігімен байланыстырады. 
27. √-ша//-ше:
*ек-ше=, *қор-ша=, *өл-ше=, *шар-ша=.
28. √-шы//-ші:
*теп-ші=, *ап-шы=, *ар-шы=, *қыр-шы=, *өр-ші=, *шор-шы=, *ыр-
шы=, т.б.


102
29. √-ы-//-і-:
*ар-ы=, *айн-ы=, *бек-і=, *дам-ы=, *ер-і=, *жан-ы=, *жар-ы=
* жан-ы=, *жар-ы=, *жас-ы=, *жек-і=, *жор-ы=, *жос-ы=, *кей-і=
*қай-ы=, *сас-ы=, *сыл-ы=, *тан-ы=, *шір-і=, *құр-ы=, *нал-ы=, * 
мой-ы=.
30. √-ық//-ік:
аш-ық=, бір-ік=, өш-ік=, *ай-ық=, *бұй-ық=, *дəн-ік=, *ел-ік=, *ер-
ік=, *көр-ік=, *тор-ық=, *үр-ік=, *ір-ік=.
31. √-ыл//-іл:
ағ-ыл=, ас-ыл=, ег/к/-іл=, жаб/п/-ыл=, жай-ыл=, жар-ыл=, жой-ыл=
*ар-ыл=, *ег-іл=, *жаң-ыл=,*жос-ыл=, *құт-ыл=, *саб/п/-ыл=, *сар-
ыл=, *сей-іл=, *түң-іл=, *шағ/қ/-ыл=, *шом-ыл=т.б.
32. √-ын//-ін:
*бағ-ын=, *бүл-ін=, *ем-ін=, *ер-ін=, *жал-ын=, *жүг-ін=, *қаб-
ын=, *өк-ін=, *сағ-ын=, *таб-ын=, *ұс-ын=, т.б.
33. √-ы//-ір:
*ай-ыр=, *аң-ыр=, *ау-ыр=, *бұй-ыр=, *ел-ір=, *ес-ір=, *жап-ыр=, 
*жек-ір=, *құт-ыр=, *май-ыр=, *мүд-ір=, *сім-ір=, *сек-ір=, *сем-ір=, 
*сый-ыр=, *шұб-ыр=, т.б.
34. √-ыс//-іс:
айт-ыс=, *ау-ыс=, *жар-ыс=, *кел-іс=, *көр-іс=, *қат-ыс=, өб/п/-
іс=, таб/п/-ыс=, ұғ/қ/-ыс=, ұр-ыс=, *күр-ес=, *бүр-іс=, *жаб/п/-ыс=
*жыл-ыс=, *кір-іс=, *қай-ыс=, *қар-ыс=, *май-ыс=, *тыр-ыс=, *шат-
ыс=. т.б.
Біздің ойымызша, «Структура односложных корней и основ в 
казахском языке» еңбегіндегі қазақ тілінің лексикалық байлығының не-
гізгі бөлігін құрайтын жəне 3 мыңға жуық бірлігі бар түбірлер мен
негіздердің жан-жақты талданып, сипатталуы қазақ тіліндегі екібуын-
ды туынды негіздердің құрылымын одан əрі этимологиялық рекон-
струкциялау үшін бағдарлаушы меже болып табылады. 
Сонымен бірге түбір морфемалар қалыптасуының фоно-морфо-
семантикалық құрылымының көрінісі ретіндегі архетиптерді қалпына 
келтіру мəселесінің зерттелу деңгейін жаңа сапаға көтерген тіл білімін-
дегі ғылыми нəтиженің бірі – түбір генезисін фоносемантикалық ас-
пектіде қарастыру.
Барлық тілдердегі сияқты қазақ тілінің де байырғы лексикасының 
маңызды бөлігінің (дыбыселіктеуіштік) түбір морфемасын жаңғырту 


103
барысында сөздердің дыбыстық негізі айқындалады. Бұл сипаттағы 
түбірлердің шынайы табиғатын, əрі қарай даму ерекшелігін тек лексико-
семантикалық топ (одағайлар) ретінде қарау жеткіліксіз екенін тəжірибе 
көрсетіп отыр. 
Қазіргі тіл білімінің зерттеу нəтижелерінің негізінде қазақ тіліндегі 
дыбыселіктеуіш түбірлердің дыбыстық құрылым компоненттерінің 
дыбысбейнелеуіштік қызмет те атқаратыны фонетико-морфологиялық 
жəне салыстырмалы-типологиялық талдау арқылы анықталады. Соның 
нəтижесінде қазақ тілінің деректері негізінде алғаш рет дыбыстық 
символизм жəне дыбысбейнелеуіш сөздердің номинативтік жəне эти-
мологиялық қырлары К.Ш.Хұсайыновтың монографиясында арнайы 
қарастырылды.
85
Нақты айтқанда, бұл түбір жəне аффикстік морфемалары тарихи 
қалыптасу барысында кірігіп кеткен дыбыселіктеуіш негіздердің 
нақты тілдік деректерін сөзжасамдық модельдер жүйесі арқылы түбір 
морфеманың байырғы қалпын келтіруге болады. Қараңыз: *бақ-жи=, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет