Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет75/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   116
ОРАЗЫ‚ ШЕРАЗЫ Оразының баласы он бесінде баспын дейді
Шеразының баласы жиырма бесінде жаспын дейді. Академик В.В.
Радловтың көп томдық сөздігінде (ІІ-том‚ 1655-б.) қазан татарларының 
тілінде ураз - “бақыт” деп көрсетіледі. Маңғыстау говорында да ора-
зы – “бақытты адам” [10‚ 106 б.] Бұл сөз арқылы оразы‚ оразды түрінде 
Ораздының он тамыры бір келеді‚ Қараша үйде сұңқар бар‚ ораздыға 
кездесер секілді мақалдар құрамында да ұшырасады. Парсы тілінде ораз 
– “бақыт”.
Ал шеразы сөзіне келсек‚ тілімізде оның шиырлы‚ жиырлы секілді 
фонетикалық варианттары бар: “Оразының баласы он бесінде бас 
болады; Шиырлының баласы жиырмасында жас болады; Ораздының 
ұлы өсер; Жиырлының қызы өсер” (Шалгиіз). Ораздының он ұлы; 
Жиырлының жалғызы” (Шалгиіз)‚ т.б.
Акад. Р.Сыздықова былай деп жазады: “Жиырлы деген сөз ешбір 
түркі тілінде жоқ. Тегі‚ контекске қарағанда‚ бұл сөз жиырлы емес‚ черлі 


147
болуы керек. Араб жазуындағы бір таңба əрі ж‚ əрі ч дыбысын білдір-
ген. Арабша жазылған нұсқа қазіргі алфавитке көшіргенде қате оқылып‚ 
қате жазылған болуы керек. Сонда: “бақыттының он ұлы‚ шерлі адам-
ның (бақытсыздың) жалғызы” деген қарама-қарсы образды білдіретін 
сөздер болып шығады” [29, 98 б.]. 
ҰША Біреудің төсін жесең‚ өзіңнің ұшаңды сайла. Көне түркі-
лердің салты бойынша ұша тек қадірлі қонақтарға (ханға‚ ақсүйектер-
ге) тартылатын сыйлы тағам болған. Сібірдегі түркілердің молаларынан 
археологтардың үнемі малдың жамбас сүйегін тауып отыруы оның 
қасиетті саналғанын айқындайды. М.Қашқари сөздігінде, уча - “малдың 
бөксесі‚ арқа” [МК І, 144 б]. Алтайлықтар құдаларына қойдың 
қуырылған құйрығын салтанатпен тартады да‚ бұл дөстүрді өздері уча 
деп атайды[РадСл. І, 1722 б.]. Маңғыстау қазақтарының тілінде ұша - 
қойдың сүбемен‚ құйрықпен тұтас алынған бел омыртқасы [30, 70 б.] >


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет