146
религиозного зиарета‚ и они обращаются к этим аулие и машаихам как
к патронам своего народа ...”. Диалектолог ғалым Ж.Болатов Семей
облысының Абай‚
Шұбартау аудандарында шайқы - “қожанасыр кісі”‚
“алаңғасар”‚
шайқы мінез тіркесі - “мінезі шəлкес‚ қияңқы” дегенді
білдіреді деп көрсетеді. Ал Қазақстанның оңтүстік
облыстарында
күлдіргі‚ əзіл-сықаққа жүйрік адамды
шайқымазақ дейді.
НИЯЗЫ Қар жауды деп қуанба - артында аязы бар‚ қожа келді
деп қуанба – артында ниязы бар. Таулы
Алтай автономиясы облысы-
ның Қосағаш ауданында тұратын қазақтардың тілінде
ниязы– “сұрап
келіп, қолқалап алатын қосымша нəрсе” [ҚТДС, 257 б.].
Əзірбайжан тілінде
нияз - “мольба‚ молитва”‚ ал қарақалпақша -
“милостыня‚ подарок” мағынасында. Бұл тілдерге
нияз сөзі парсы тілі-
нен ауысқанға ұқсайды. Ал оның (
нийаз сөзінен)
парсы тіліндегі
мағыналары: 1) «потребность»‚ «нужда»; 2) «просьба»‚ «мольба»;
3) «подарок»‚ «дар». Діни салт бойынша ұйғырлар ұлы мəртебелі адам-
дарға қыздарын да
нияз қылып берген.
ШЕР Өзіңді ер білсең‚ өзгені шер біл. Парсы тілінде
шир сөзінің
екі мағынасы бар: бірі - “арыстан”‚ екіншісі - “күшті”. Дəл осындай
мағынада
шер‚ шир сөздері тəжік‚ өзбек‚ қарақалпақ‚ қырғыз тілдерінде
ұшырасады. С.Аманжолов Маңғыстау өңірінің
қазақтарының тілінде
шер сөзі “ер‚ ержүрек‚ қайратты” мағынасында қолданылатынын жаза-
ды [14‚ 418 б.] >
Достарыңызбен бөлісу: