Алматы «Сардар» баспа үйі


АЙПАРАДАЙ. Іздеп келдік, қайынаға-ау, сіз келесіз, Айпарадай



Pdf көрінісі
бет84/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   116
АЙПАРАДАЙ. Іздеп келдік, қайынаға-ау, сіз келесіз, Айпарадай 
ақ жүзім сіз көресіз (Батырлар жыры). Ғалым Р.Сыздық «Сөздер 
сөйлейді» еңбегінде айпара сөзін «қазақ тілінің өте ертеде өзінде 
болған, немесе өзге түркі тілдерінің поэтикалық дəстүрінен енген 
«айдай, айдай аппақ, ақ жүзді» деген мағынадағы айбар сөзі болғанға 
ұқсайды, кейін келе бұл сөздің орнына айдай, ай жүзді сөздері басып, 
айбар сөзі сирек қолданылатын, бейтаныс тұлғаға ауысып кеткен секілді. 
Соның нəтижесінде тіпті тұлғасы да айбара – айпара болып өзгертіліп 
айтылатыны байқалады. Бұл сөз айға барабар (парапар) тіркесінен 
ықшамдалып жасалуы мүмкін деп топшылауға болады. Барабар сөзі 
түркі тілдеріне парсы тілінен енген, мағынасы «тең, бірдей», сонда бұл –
айға барабар> ай барабар>айбар болып əбден кірігіп біріккен сөздер-
дің қатарына жататын тұлғалардың бірі. Түсініксіздеу тұлғаға –дай 
жұрнағы жалғанған сөздер қазақ тілінде молынан кездесетін құбылыс, 
осының нəтжесінде айбарадай – айпарадай сөзі пайда болған тəрізді, 
бұның қайткенде де мағынасы ашық: «ай сияқты жүз, айға тең ақ жүз, 
айға парапар ақ жүз» деген жорамал айтады [29, 21].


162
ДАРДАЙ. Қодардың өзі дардай, сөзі дардай, Жүреді жанның 
бəрін көңіліне алмай (Батырлар жыры). (Дап-дардай, еңгезердей, сома-
дай, соқтандай, сойдауыттай) Үп-үлкен бола тұрып, дəу, дөкей бола 
тұрып деген мағынада қолданылады. «Еңсесі биік үлкен» дегенді 
қырғызша – «Дардайған чоң үй» дейді [ҚТФС, 142]. Түрікменстан, 
Ташкент тұрғындары дар деп үйдің төбесіне көлденең салынатын
негізгі ауыртпалықты көтеріп тұратын бөренені атайды, ал Өзбекстан, 
Ташкент тұрғындары есік алдына кір жаю үшін керілген жіп не көлденең 
тасталған ағашты атайды [ҚТАС, 183]. Біздің түсінігімізше, бұл сөз 
биіктікті білдіреді. Ал адамға қатысты айтылғанда оның дене бітімінің 
үлкендігі емес, оның атақ-дəрежесі, лауазымы жоғары деген мағына-
да жұмсалады. 
Ал Ə.Нұрмағамбетовтің зерттеуінде дардай сөзіне мынадай анық-
тама берілген: «Сөз төркіні боларлық тұлғаны түркі тілдері ішінен 
туваларда ғана кездестіреміз: дарға – бастық (лауазым) [РусТС, 2]. Басқа 
түркі тілдерінен бұл іспеттес сөз кездеспеуіне қарағанда, туваларға 
монғол тілінен ауысқандығы байқалады. Монғолдарда да «бастық» 
мағынасын «дарға» тұлғасы бере алады [МонғҚС, 75 б.; ҚазМС, 56]. 
Осы тұлға қазақ тіліне ауысқанда монғолдарға тəн -га жұрнағы түсіріліп, 
оның орнына тілімізде ұқсату, сол іспеттес деген мағынаға мезгейтін 
–дай қосымшасы жалғанып «дардай» тұлғасына дейін жеткен деуге 
болады. Əрі ой елегінен өткізсек те, өзін зор тұту, қоқилану сияқты мінез 
көрсету, лауазым жағынан алғанда, бастықтарға тəн қасиет екені белгі-
лі. Сонда, «дардай» сөзіміз түсініктірек айтқанда, «бастықтай» деген 
болып шығады» [38, 67-68].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет