Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет44/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   116
Brockelmann К.Ostt?rkische Grammatik. Leiden, 1954, §37.


98
3. 
√-ал//-ел//-л:
*жөн-е-л=, *жөт-е-л=,*қақ-а-л=, *шаш-а-л=, *кен-е-л=,*ом-а-л= т.б.
4. √-ар//-ер//-р:
диахрондық тұрғыдан жіктеледі, яғни осы сөзтудырушы морфема 
мен жорамал түбірді біріктіреді: *без-ер, *доғар, *жіб-ер, *ит-ер, *кез-
ер, *көт-ер, *қаб-ар, *қас-ар, *қоп-ар, *қот-ар, *саз-ар, *ұз-ар, *үд-ер, 
т.б.
5. √-ас//-ес//-с:
Қазіргі тілде осы етіс тұлғасы көп жағдайларда дербес түбірлерге 
қосылып, ортақ етістің грамматикалық мағынасын білдіреді. Алайда 
тілде тек диахрондық тұрғыдан ажыратылатын көптеген етістіктердің 
құрамындағы -ас//-ес аффиксінің жіктелуі аса күрделі. Мысалы: *ад-ас, 
*ал/ж/-ас, *ег-ес, *жар-ас, *күр-ес, *тал-ас, *ұл-ас, *түг-ес жəне т.б. 
Осы қатардағы етістіктердің бəрі бірдей -ас, -ес тұлғасы арқылы ортақ 
əрекет мағынасын білдірмейді. Мысалы, адас=, алжас=, жарас= (киімі 
жарасу), ұлас=, т.б.
6. √-ба//-бе туындытүбір құрылымынан синхрондық тұрғыдан оңай 
ажыратылатын қазіргі тілдегі өнімді сөзжасамдық модель –ма//-ме, -па//-
пе-нің фонетикалық варианты болып табылады. Қараңыз: *ар-ба, *тер-
бе, *көл-бе. Салыст. *жал-ма=; *қар-м=а, *сер-ме=, *шыр-ма=, т.б.
7. √-да//-де:
Қазіргі қазақ тіліндегі -ла//-ле моделі - қазіргі түркі тілдеріндегі 
етістікжасамдық ең өнімді модель болса, ал -да, -де соның фонетикалық 
варианты. Мысалы: *жал-да=, *аң-да=, *боз-да=, *ал-да=, *дəн-де=, 
жаз-да=, *маз-да=, *мең-де, *сыз-да =т.б.
8. √-жы//-жі:
Модель бойынша анықталған осы аффикстер кездесетін тарихи 
дериваттар аз емес. Олардың барлығы дерлік синхрондық деңгейде 
морфемалық жіктеуге келе бермейді. Мысалы: *аб/ыр/-жы, *ал-жы, 
-жыл-жы, *мы-жы, *рен-жі.
Өзінің етістікжасамдық қызметі бойынша -жы//-жі моделі -сы
//-сі, -ы//-і, -шы//-ші тұлғаларымен үйлеседі. Осы аффикс ұяң да-
уыссыз дыбыстарға аяқталатын түбірлерге жалғанады да, қимылдың 
созылыңқылығын, үздіксіз қозғалысын береді.
9. √-жи:
Осы модель бойынша жасалған етістіктердің көнелігін оның 
негізінен дыбыс бейнелеуіш сөздерден шыққандығын көрсетуі мүмкін. 


99
Мысалы: *бақ-жи, *кір-жи, *қыр-жи, *тыр-жи, *ыр-жи, *қыл-жи, 
*қон-жи, т.б.
10. √-қа/-ке//-ға/-ге:
Бұл модель де өнімділер қатарына жатпайды. Қазіргі қазақ тіліндегі 
құрылымында осындай аффиксі бар етістіктер синхрондық тұрғыда 
түбірлер болып саналады. Диахрондық талдау нəтижесінде анықталған 
түбір морфемалар дербес мағынасын жоғалтқан. Мысалы: *бай-қа, *бұл-
ға, *бүр-ке, *был-ға, *жай-ға, *жөр-ге, *жыр-ға, *жас-қа, *қар-ға, 
*қор-ға, *құр-ға, сү/й/-ке, *тай-қа, *тал-ға, *тір-ке, *шай-қа, *ыр-ға т.б.
11. √-қай//-кей:
Осы аффикс мазмұны мен тұлғасы бойынша –ай/-ей моделіне жа-
қын. Мына мысалдардан көрінеді: *аң-қай, *ең-кей, *қай-қай, *шал-қай, 
*ұл-ғай=, *қай-қай=,*қал-қай=, *қас-қай=, *қи-қай=, *мар-қай=, *тоң-
қай= жəне т.б. Салыстырыңыз: шош-ай=, сер-ей=, қақ-ай = жəне т.б.
12. √-қар//-кер:
Осы тұлға –ар/-ер моделінің нұсқасы болып табылады. Мысалы: 
*ай-қар=, *аң-ғар=, *ат-қар=, *құт-қар=, *үл-гер=, *ес-кер=, *көм-кер=, 
*төң-кер=, *ұй-ғар=.
13. √-қи//-ки: негізінен дыбысбейнелеуіш түбірлерге жалғанады. 
Бұлардың мəнінде «бірнəрсеге ұқсату», «бейнелеу» мағынасы бар. 
Қараңыз: *қал-қи=, *маң-қи=, *тең-ки=, *дөң-ки=, *қас-қи=, *өң-ки=, 
*тың-қи=, *шоң-қижəне басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет