Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет45/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   116
14. √-қы//-кі: 
Бұл аффикс жоғарыда келтірілген -қа//-ке моделінің фонетикалық 
варианты ретінде етістік негіздерінің құрамында лексикаланған. Мыса-
лы: *бал-қы=, *бер-к=і, *бүр-кі=, *был-қы=, *қаң-ғы=, *қар-ғы=, *тол-
қы=, *шал-қы=, *шұл-ғы=, *шыл-қы=, *ыр-ғы=, *кер-гі=, *қал-ғы=, *сар-
қы=, *сер-гі=, *көл-к=і, *кіл-кі=, *мөң-кі=, *мүл-гі=, *мүң-кі=, *мыз-
ғы=, *ор-ғы=, *үң-гі=, *ыт-қы= жəне т.б.
15. √-қыр//-кір, -ғыр//-гір:
*а-қыр=, *аз-ғыр=*ба-қыр=, *жаз-ғыр, *жаң-ғыр=, *жым-қыр=
*ке-кір=, *қа-қыр=, *қай-ғыр=,*қым-қыр=, *қыш-қыр=, *мың-ғыр=, *ос-
қыр=, *ө-кір=, *пыс-қыр=, *ша-қыр=, *шыж-ғыр=, *шың-ғыр=, *тү-
кір=, *түш-кір=, *ыс-қыр=.
Олар семантикалық тұрғыда бір топты құрайды. Осы модель 
бойынша жасалған сөздердің өзге тобын дыбыселіктеуіш түбірлер емес, 
көнеленген өлі түбірлерден жасалған бірқатар туынды (диахрондық) 


100
түбірлер құрайды. Мысалы: *аз>аз-ғыр=, *жаз>жаз-ғыр=, *жаң>жаң-
ғыр=, *қаң>қаң-ғыр= т.б.
Аталған топтарды салыстыра келе, дыбыс еліктеуіш түбірлерінің 
шығу төркінінің байырғы екендігін пайымдауға болады.
16. √-ла//-ле:
Бұл сөзжасамдық модель қазіргі қазақ тілінде жəне өзге түркі 
тілдерінде де ең өнімді жəне белсенді болып табылады.
Сонымен қатар түбірдің қазіргі тіл деңгейінде морфемалық 
жіктелмейтіндері де кездеседі. Осы дерек көптеген аффикстер кірігіп 
кетуінің себебі олардың тек пассивтенуінде емес, түбір морфема се-
мантикасының күңгірттенуінде жатқандығын да айғақтай түседі. Мы-
салы: *ай-да=, *ал-да=, *аң-да=, *бау-ла=, *боз-да=, *дəн-де=, *жас-
та=, *күн-де=, *мақ-та=, *өр-те=, *сақ-та=, *сіл-те=, *тас-та=, 
*ту-ла=, *ұр-ла=, *ұс-та=, *шар-ла= жəне т.б.
17. √-на//-не
Осы модель бойынша жасалған етістіктер қазір түбір сөздерге 
айналған. Мысалы: *ар>ар-на, *жай>жай-на, *қай>қай-на, *тыр>тыр-
на жəне т.б.
18. √-ра//-ре:
Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық жүйедегі бұл аффикстің өнім-
сіздігінің нəтижесінде осы үлгі бойынша жасалған барлық туынды 
түбірлер морфемалық жіктеуге жатпайды. *аңыра=, *божыра=, 
*былжыра=, *бытыра=, *дүркіре=, *зымыра=, *зырқыра=, *жал-
тыра=, *маңыра=, *мөңіре=, *сырқыра=, *пышыра=, *ажы-ра=, *аңы-
ра=, *асы-ра=, *бау-ра=, *бүй-ре=, *еңі-ре=, *жады-ра=, *жамы-ра=, 
*жау-ра=, *күй-ре=, *қай-ра=, *қаңы-ра=, *қақы-ра=, *қи-ра=, *сай-
ра=, *сүй-ре=, *тоқы-ра=, *ту-ра=, *түй-ре=, *ұшы-ра=, *үй-рен=, 
*шашы-ра=, *ыды-ра=т.б.
19. √-са//-се, сы//-сі:
*аң-са=, *ақ-са=, *жұм-са=, *көк-се=, *ұқ-са=, *күй-се=, *бор-
сы=, *бық-сы=, *қақ-сы=, *жіп-сі=, *қаң-сы, *сар-сы=, *сың-сы= т.б.
20. √-сыр//сір:
Осы модельмен жасалған етістіктер өте аз. Бұл дерек оларды 
өнімсіздер қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Мысалы: *жап-сыр=, 
*қау-сыр=, *қап-сыр=, *қу-сыр=, *тап-сыр=, *тық-сыр=, *ық-сыр=.
21. √-т:


101
Түркітанымдық əдебиеттерде айт= жəне қайт= етістіктері жалпы 
белгілі, мұнда –т форманты сөзжасамдық мағынасын жоғалтып, 
этимологиялық түбірге кіріккен. Басқа да осындай мысалдарды келтіру-
ге болады. Мысалы: *ар-т=, *бөр-т=, *жор-т=, *қор-т=, *оя-т=, 
*тар-т=, *түр-т=, *тін-т=. Осы дериваттардың түбірлік бөлігі қазіргі 
тілде мағыналық дербестігін жоғалтқан. Мысалы: *жор-т=. Көне ұйғыр 
тілінде жо түбірі бар «шаршағанша жүру», ол М. Қашғари сөздігінде:
aya bϋktϋr ϋza jordїm - «мен тау көтеріліп, тау жоталарының үстімен 
жүрдім» /МК, 1 Т. С.445/. Қазақ тілінде ол жорт=, жорық, жорға 
сөздерінің құрамында кездеседі.
22. √-та//-те:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет