104
ғынаны тек негіз ғана табады, бұған қоса оның семантикалық мағынасы
əрдайым өте тар. Туынды негіздердің құрылымындағы түбір жалғанған
аффикстердің нəтижесінде нақтыланады, яғни аффикстік морфеманың
дамуы түбір морфеманың дамуына тікелей тəуелді болады. Бұл деректі
гомогендік қатар бойынша түбір морфеманы
талдау процесінде қа-
дағалауға болады. Осы процесте туыстас сөздердің семантикасы мен
фонетикалық тұлғасында ортақтықтың болуы олардың ортақ түбірін
анықтауға мүмкіндік береді. Осындай талдаудың үлгісі Ə.Т.Қайдаров-
тың аталған еңбегіндегі қосымша берілген сөздікте берілген.
Бұл сөздік, біздің ойымызша, этимологиялық зерттеулерге ғылыми
əдіснамалық негіз бола алады. Себебі, ол таза этимологиялық сөздік
болмағанмен, оның мазмұнында сөздің төркінін ашатын көп мəліметтер
бар. Атап айтқанда: тарихи туынды сөздердің құрылымындағы эти-
мологиясы көмескіленген, «сүрленген» (консервацияланған), «өлі
түбірлер» жіктеледі. Жеке түркі тілдерінің ішінде жəне
тіларалық
сəйкестіктерін салыстыру негізінде гомогенді моносилабтардың мор-
фонологиялық варианттары, дыбыстық сəйкестіктер, семантикалық
қозғалыстардың түп негізі анықталады, т.б.
Гомогенді етістіктер құрамындағы «өлі түбірлердің» көмескілену
деңгейі бойынша диахрондық морфемалық талдау нəтижесінде олар-
да болып жатқан процестерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
1) толық; 2) ішінара; 3) шартты.
Бірінші топқа екібуынды етістіктің
құрамында тек теориялық
болжам негізінде жорамалданып қана қалпына келтірілетін өлі түбірлер
жатады. Мысалы: √
ар-на=, √
бал-а=, √
бор-а=, √
сұл-а=.
Екінші топ – бірқатар туынды негіздер құрамында қазіргі тілде
қолданылатын, бірақ қандай-да бір аффикстер жалғанбаса лексикалық
дербестігі болмайтын өлі түбірлер реконструкциясы гомогендік қатар
бойынша талдауға негізделеді:
105
а
*жаң
ғыр=;
ға
*жор
т=
ық
без
гі=
*кер
ең
дең
жи=
ім
Үшінші топ – қазақ тілінде өлі болып саналатын, ал басқа туыстас
тілдерде немесе түркі жазба ескерткіштерінде дербес түбірлер ретінде
қолданылатын түбір морфемалар. Мысалы, егер
жыл-жы= құрылымынан
қазақ тілінде жіктелетін
*жыл= элементі қазақ тілінде өлі түбір болып,
ал
қырғыз тілінде жыл= «қозғалу», «жылжу», «жерге еңкейіп төмен-
деу»; алтайша –
чыл= «сырғанау»; татарша
– шыл = «жылжу», «сүріну»,
«кетіп қалу»; якутша
– шыл «жорғалау» жəне т.б. толық дербес бірліктер
ретінде қолданылады.
Осы үш топ бойынша түбірлес сөздердің гомогенді қатары негі-
зінде жаңғыртылуының үлгілері :
*қаңғы=
Қарастырып отырған түбір төмендегі лексемалардан ажыра-
тылады:
қаңғы=,
қаңғырла=, қаңсы=, қаңтар=, қаңбақ=, қаңғалақ=,
қаңылтыр=, қаңқа=, қаңылтақ. Түбірдің жалпы мағынасы - «қаңырау»,
«жеңіл», «құрғаған».
106
*қарғы=
Біздің көзқарасымызша,
құрамынан көрінетін қарғы=, қарма=,
қарпы=, қарғын, қарқын, қарқ қылу туынды сөздердің құрамынан кө-
рінетін «жылдам», «қарқын», «инерция» жəне т.б. жалпы мағынасы
жорамал түбірдің этимологиясын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
qar түбірі М.Қашғари сөздігінде «жолдың шетімен жүру, жаға-
лаулардан шығу» мағынасында келтіріледі. Қараңыз: Suv arigtan
qardi
«су арнасынан шықты» /МК. ІІІ Т. С.182/.
*қауса=
Гомогенді жүйедегі
қауди=, қауза=, қауқи=, қауса=, қаудыр=,
қауға
туынды негіздерді морфемалар бойынша
талдау қазақ тілінде дербес
қолданылмайтын түбір морфемаларды анықтауға мүмкіндік береді
(қараңыз:
қау «кепкен шөп»,
қаудан «егістік шөбі», «түбірімен кепкен
шөп») /ҚТТС. ІІІ Т. 159 Б./. Қазақ тіліндегі
қау-дан жасалған туынды
сөздер мағынасы негізінде оның «құрғақ», «кеуіп қалған», «бос» жəне
т.б. оның ең ортақ мағыналары ажыратылады.
Қазақ тілінде сондай-ақ келесі туынды ИЕ
негіздерден бөлінетін
қау-дың басқа омонимдік түбірлері бар:
қаула=,
қауесет, қаулы, қау-
ма, қауырт жəне т.б. Олардың жалпы мағынасы «қарқынмен» жəне
«инерциямен» белгіленеді.
* өрбі=
өр сөзінен басталатын барлық туынды сөздер үшін жалпы мағына-
ны былайша тұжырымдауға болады:
өрбі=, өр, өрекпі=, өре, өрле=. Осы
түбірден қазақ тілінде бірқатар туынды атаулы сөздер жасалады:
өрелі,
өркен, өріс. Э.В.Севортян атап өткендей, көптеген түркі тілдерінде
өр
дербес түбірі қолданылады /ЭСТЯ. 1 Т. С.542/. Ол сондай-ақ көнетүркі
ескерткіштерінде кездеседі: bulit
orϋp kok ortϋldi (бұлт көтеріліп, аспан
бұлт жапты) /МК. 1 Т. С.139/. Қазақ тілінде осы түбір «көтерілуді»,
«биікті» жəне «жайылым бойынша тарап кетуді» (қой отары) білдіретін
синкретті болып табылады (Батыс Қазақстан диалектінде: Аман-есен
өрдіңдер ме? (ояндыңдар ма?)).
Достарыңызбен бөлісу: