162
ДАРДАЙ. Қодардың өзі дардай, сөзі дардай, Жүреді жанның
бəрін көңіліне алмай (Батырлар жыры). (Дап-дардай, еңгезердей, сома-
дай, соқтандай, сойдауыттай) Үп-үлкен бола тұрып, дəу, дөкей бола
тұрып деген мағынада қолданылады. «Еңсесі биік үлкен» дегенді
қырғызша – «Дардайған чоң үй» дейді [ҚТФС, 142]. Түрікменстан,
Ташкент тұрғындары
дар деп үйдің төбесіне көлденең салынатын,
негізгі ауыртпалықты көтеріп тұратын бөренені атайды, ал Өзбекстан,
Ташкент тұрғындары есік алдына кір жаю үшін керілген жіп не көлденең
тасталған ағашты атайды [ҚТАС, 183]. Біздің түсінігімізше, бұл сөз
биіктікті білдіреді. Ал адамға қатысты айтылғанда оның дене бітімінің
үлкендігі емес, оның атақ-дəрежесі, лауазымы жоғары деген мағына-
да жұмсалады.
Ал Ə.Нұрмағамбетовтің зерттеуінде
дардай сөзіне мынадай анық-
тама берілген: «Сөз төркіні боларлық тұлғаны түркі тілдері ішінен
туваларда ғана кездестіреміз:
дарға – бастық (лауазым) [РусТС, 2]. Басқа
түркі тілдерінен бұл іспеттес сөз кездеспеуіне қарағанда, туваларға
монғол тілінен ауысқандығы байқалады. Монғолдарда да «бастық»
мағынасын «
дарға» тұлғасы бере алады [МонғҚС, 75 б.; ҚазМС, 56].
Осы тұлға қазақ тіліне ауысқанда монғолдарға тəн
-га жұрнағы түсіріліп,
оның орнына тілімізде ұқсату, сол іспеттес деген мағынаға мезгейтін
–дай қосымшасы жалғанып «
дардай» тұлғасына дейін жеткен деуге
болады. Əрі ой елегінен өткізсек те, өзін зор тұту, қоқилану сияқты мінез
көрсету, лауазым жағынан алғанда, бастықтарға тəн қасиет екені белгі-
лі. Сонда, «
дардай» сөзіміз түсініктірек айтқанда, «бастықтай» деген
болып шығады» [38, 67-68].
Достарыңызбен бөлісу: