Алматы «Сардар» баспа үйі


ДОБАЛДАЙ. Талдырмаш денесінің бір жерін ауыртып алармын  деп қорықпай, добалдай



Pdf көрінісі
бет85/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   116
ДОБАЛДАЙ. Талдырмаш денесінің бір жерін ауыртып алармын 
деп қорықпай, добалдай қолдарымен жас тоқалының үзіліп кетуге 
таяу тұрған аш белінен айқара құшақтап, бауырына алып қысып, сəл 
уақыт үнсіз тына қалды (І.Есенберлин, Көшпенділер). Башқұрт тілінде 
тубал – шыбықтан тоқылған корзина, бұл сөз татар тілінде де осы 
мағынада қолданылады. Бұл сөз қазақ əдеби тілінде тек добалдай (мұн-
да т/д, у/о дыбыстары өзара ауысқан да -дай жұрнағы қосылған) 
тұлғасында қолданылады, беретін мағынасы – «үлкен, көлемді, қомақты» 
[ҚТҚЭС, 68]. 
ДҮРДЕЙ (айбарлы).Мырзабай сырты дүрдей боп өзінше тыр-
сиып, далиып жатқан «хан сарайында» аз-кем ерсілі-қарсылы адым-
дап жүріп, көз қиығын қосағына салып қойды (Ə.Ақпанбет, Қатын 
қашқан). Шора Шерімбетович оны дүрдей бір мекемеге бастық етеді 


163
(Т.Əлімқұлов, Кертолғау). «О баста бұл сөз зат есім болғанға ұқсайды. 
Мағынасы – «зор, нəрсе, үлкен зат >асыл адам» дегенге келеді. Кейін 
келе заттық мағынасы күңгірттеніп, «үлкен, зор», одан кейінгі «əйгілі, 
атақты» деген атрибуттық мəнге ие болып, сын есім қызметінде 
жұмсалып кеткені байқалады», – дейді Р.Сыздық [40, 138].
Маңғыстау аймақтарында дүр сөзі «ғұлама, дін оқуын меңгерген
адам», Шымкент, Түркістан қазақтарында «үлкен, зор, мықты» мағы-
наларында қолданылатын болса, Жамбыл, Семей аймақтарында «шебер, 
маман», Өзбекстан, Ташкент аймақтарында «сері, паң» мағынасында 
жұмсалады. Бұл сөз адамға байланасты ғана айтылады. Бұлардың 
барлығында да бұл сөздің о бастағы «үлкен, зор, əйгілі, атақты» деген 
ұғымдары бар екенін көрсетеді. Абай бұл сөзді түбір күйінде емес,
туынды тұлғада қолданған. Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей
дегендегі дүр сөзінің зат есімдік мəнінен сын есім жасап, мағынасы «зор 
нəрседей (адамдай)», «мықты адамдай» дегенді білдіреді. Бұл сөз əсіре-
се ақындарға байланысты айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет