Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет15/37
Дата21.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#10063
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37

ЫПЫР-ЖЫПЫР <қара.: ыбыр-жыбыр > *Бір-біріне іргесін тақап ыпыр-
жыпыр отырған үлкен ауыл тез құлақтанды (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 564).
ЫРБАҢ-ЖЫРБАҢ <біреумен орынды-орынсыз күліп-ойнай беретін >
ЫРҒАЛЫП-ЖЫРҒАЛЫП
<аспай-саспай, 
жайлап, 
баппен, 
жайбарақат>  *Менің  айтарым,  енді  ырғалып-жырғалатын  жағдай  жоқ 
(Ә.Кекілбаев.  Yркер,  122).  *Ырғалып-жырғалуды,  кешігуді  білмейтін  уақыт 
жылдарды ауыстырып келіп, жиырмасыншы ғасырға орын берді (ҚТТС, 405).
ЫРҒАЛТЫП-ЖЫРҒАЛТЫП-  <үлде  мен  бүлдеге  оранып, 
рахаттанып> *Самарқант бекзадалары қызды ырғалтып-жырғалтып асыл 
қазына жасаумен ұзатқан (ҚТС, 761).
ЫРҒАҢ-ЫРҒАҢ  <қайта-қайта  ырғаңдап,  ырғалақтап,  шайқалып, 
теңселуді білдіретін еліктеуіш> *– Қайда менің батям?– деп гүрілдек дауысты, 
Бауыржанның өзін екі орап алғандай алпамса денелі, ұзын мұртты әлде біреу 
ырғаң-ырғаң  басып,  есікті  айқара  ашып  тастап  ішке  қарай  кіріп  келе  жатты. 
(Ә.Нұршайықов. Ақиқат пен аңыз,2,12).
ЫРҒАП-ЖЫРҒАП-  <мол  дүние  байлыққа  бөленіп,  қарық  болып, 
рахаттанып (өмір кешу)> *Аман-есен, ырғап-жырғап келер әлі-ақ, – деп қарт 
ана  Кәленді  көңіліне  дәтке  қуат  қып  отыр  (Ә.Нұрпейісов.  Қан  мен  тер,  137). 
*Керуеншілер ас ішіп, ойын-сауық көріп, ырғап-жырғап қалды (ҚТТС, 10, 406).
ЫРҒЫП-ЫРҒЫП-  <қайта-қайта  секіріп,  бір  жерден  екінші  жерге 
ыршып-ыршып (түсу)>
ЫРДУ-ДЫРДУ  <ұзаққа  созылған,  жастар  өткізетін  той-думан, 
ойын-сауық> *Ұзақ жорық, одан кейінгі той-томалақтың ырду-дырдуы әбден 
қалжыратқан (Ә.Кекілбаев. 15).
ЫРЖАҚ-ЫРЖАҚ  <қайта-қайта  ыржақтап  күліп,  орынсыз 
қылжақтауды білдіретін еліктеуіш>
ЫРЖАЛАҢ-ЫРЖАЛАҢ  <орынсыз  ыржаңдап  күле  беруді  білдіретін 
еліктеуіш> *Мұхтар көк егінді жұлдың деп ұрсады-ау деген қауіппен қибыжықтай 
біраз тұрды да, Бөкемнің жүзіне тағы да күлкі үйрілген соң ыржалаң-ыржалаң 
етіп қосқа жүгірді (Қ.Ысқақов. Лен. жас, 1964, 4).
ЫРЖАҢ-ЫРЖАҢ  <қара.:  ыржақ-ыржақ>  *Айбастың  құлағына  түк 
кірмейді, ауызы ыржаң-ыржаң, екі езуінде ақ көбік еді («Жұлдыз», №5, 2002, 92).
ЫРЖЫҢ-ЫРЖЫҢ  <орынды-орынсыз  ыржалаңдап  күле  беруді 
бейнелейтін  еліктеуіш>  *...Гүрс  құлаған  қызыл  қақпаға  қолын  шошайтып, 
ыржың-ыржың етіп күлді (Ш.Мұртазаев. Жүрекке әжім түспейді, 221).
ЫРҚ-ЫРҚ <~ күл: семіз адамның барлық денесін солқылдатып, іркілдетіп 
күлуін бейнелейтін еліктеуіш> *Орақ орынды-орынсыз ырқ-ырқ етіп күле берді (

120
ЫРСИЫП-ЫРСИЫП-  <ақсиған-ақсиған  тістерін  ашып,  көрсетіп 
(жату)>  *Аш  қасқыр  жеп  кеткен  есектің  қабырғасындай  ырсиып-ырсиып 
жайрап жатты Ш.Мұртаза. Жүрекке қжім түспейді, 117).
ЫРС-ЫРС <ауыр жұмыстан, жүрегі соғып, алқынып, ентігіп, жиі-жиі 
демалуды  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Жұлып  алды  да,  шет-шеті  күйе  бастаған 
көйлекті алақанымен ұрғылап, ырс-ырс сөйледі (С.Сматаев. Елім-ай, 2 кітап, 9). 
*Сосын танауың желпілдеп, ырс-ырс етіп аузыңнан буың бұрқырап, олай да зула, 
былай да зула (Ә.Ақпанбет. Қатын қашқан, 49).
ЫРШЫП-ЫРШЫП<отырған, жатқан орынан, тұрған жерінен тез-
тез  секіріп-секіріп,  атып-атып  тұрып  (кету)>  *Екі  көзден  ыршып-ыршып 
шыққан ыстық тамшылар омырауын малмандай су ғып тастады (Ә.Кекілбаев. 
Бір уыс топырақ, 151).
ЫРЫҚ-ЖЫРЫҚ <қайта-қайта ырқылдап-жырқылдап пәтуасыз күлуді 
бейнелейтін  еліктеуіш  >  *Қалың  қабағыңдағы  қою  қалы  қайшылана  ырық-
жырық боп тұр (С.Мұқанов. Өмір мектебі, 176).
ЫС-ЫС <қайта-қайта ысқырық, ысылдаған дыбыстың сипаты> *Ыс-
ыс етіп айдаһардың тіліндей сумаңдаған сұр жебе елестейді (С.Сматаев. Елім-
ай, 226). *Қамшы ыс-ыс етіп садықтың денесін орап өтеді де, қайта көтеріледі. 
(І.Есенберлин. Алтын құс, 90).
ЫСЫЛДАП-ПЫСЫЛДАП-  <адамның  қиналғанда,  шаршағанда 
мұрнымен, аузымен ысылдап-пысылдап (дем алуы)> *...Сары ала суды ертелі-
кеш  ысылдап-пысылдап  тартар  да  отырар  еді  (Ә.Кекілбаев.  Yркер,  59).  *Ол 
қара  жидені  қайтадан  омырауға  алып  ысылдап-пысылдап  шаба  бастады 
(Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 193).
ЫТЫП-ЫТЫП-  <қиын-қыспақтан  ытқып-ытқып  (шығу)>  *Ақбоз 
ытып-ытып  кетеді...  (З.Шашкин.  Т.Бокин,  134).  *Көмейіне  кептелген  жас 
жанарынан ытып-ытып кеткен (М.Сқақбаев. Пенде ғұмыр, 10).
ЫШҚЫНЫП-ЫШҚЫНЫП-  <қатты-қатты  күшеніп  (әрекеттену)> 
*Ышқынып-ышқынып  барып  бір  басылып,  қайтадан  қозғайтын  байдың  «түнгі 
хикаясын» тыңдап жатқан жас жігіттің қапелімде ұйқысы келмейді (Ә.Кекілбаев. 
62)
- І -
ІРК-ІРК  <аса  семіз  адамның  жүргенде  денесінің  (бұлшық  еттерінің) 
қайта-қайта іркілдеп, былқылдап, дірілдеп тұруын бейнелейтін еліктеуіш>
ІРІК-ШІРІК  <1.  іріп-шіріп  кеткен  нәрсе,  қоқыс.  2.  ауыс.  зияны  тиетін 
іс-әрекет > *Өсек-өтірік секілді ірік-шірік атаулыдан еркіндік алды деген сөз 
(Ғ.Мүсірепов. Уақыт іздері, 365). *Ірік-шірік, ескі көйлек-көншек. Адамдар жаңа 
қоғамның да ірік-шірігін көре бастады (ҚТС, 767).

121
ІІІ тарау
ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕРДІҢ ТҮРКІ ТІЛДЕРІ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІ СӨЗДІКТЕРІНДЕ ЖІКТЕЛУ ПРИНЦИПТЕРІ
Еліктеуіш сөздердің түркі тілдері сөздіктерінде берілуі
Түркі тілдері өзге тілдер сияқты уақыт өте келе дыбыс еліктеуіш және 
бейнелеуіш  сөздермен  молайып  отырады.  Ал  бұл  сөздерде  белгілі  бір 
дәрежеде  және  белгілі  жағдайда  олардың  мағынасына  өзгеріс  әкелмейтін 
бір дыбыстың екінші дыбыспен ауысуы болып тұрады. Бұл сөздер көбінесе 
белгілі  бір  ойды  жеткізу  мақсатында  тікелей  сөйлеу  үстінде  туады  және 
сол  бір  рет  қолданылғаннан  кейін  «шашылып  қалады»  десе  де  болады, 
ал  дайын  лексикалық  бірлік  ретінде  сол  мағынасын  сақтап  қалмайды. 
Біздің  сөздіктерімізде  олар,  әдетте,  толығымен  қамтылмайды.  (Бұл  жерде, 
ең  алдымен,  тек  дыбыс  еліктеуіштерін  ғана  емес,  сонымен  қатар  түркі 
сөздерінің өзге де типтерін лексикографиялық талдау тәжірибесін жинақтау 
мақсатында біз зерттеген қазіргі анағұрлым толықтырылған түркіше-орысша 
сөздіктер сөз болып отыр).
Мұндай  сөзжасамдардың  көптігінен  сөздіктерге,  әдетте,  белгілі  бір 
тілдің  барлық  стильдерінде,  барлық  керек  жағдайда  дайын  лексикалық 
бірліктер  ретінде,  атап  айтсақ,  башқұрт  тіліндегі  шабыр-шобор  «шулы 
(құйылып жатқан сұйықтық жөнінде)», шак-шок «тақ-тақ», шалт «жалп», ялт-
йолт «құлпыра жалтырау, құлпыра жылтылдау» сияқты сөздер түрінде күнделікті 
қайта жасалып отыратын тұрақты және жалпы қолданыстағы сөздер құрамына 
енген бірліктер ғана тап болады [12].
М.Қашқари  сөздігінде  де  осындай  сөздердің  біршамасы  аталып  өткен 
болатын [17].
Олардың  негізгі  типтері  түрлі  түркі  тілдерінің  материалы  негізінде 
В.В.Радлов сөздігінде көрсетілген [18].
Дыбыс  еліктеуіш  және  бейнелеуіш  сөздер  мейлінше  толық  және  мұқият 
жинақталған және сипатталған сөздік – Н.И.Ашмариннің чуваш тілі материалы 
негізінде құрастырған көлемді сөздігі [1; 144-145]. Ол тұңғыш рет татар, удмурт, 
марий,  эрзя-мордова  тілдерінің  материалдарымен  салыстыра  отырып,  арнайы 
зерттеу жүргізген болатын. Кейбір зерттеушілер атап өткендей, Н.А.Ашмарин 
адам  тілінің  қалыптасуындағы  дыбыс  еліктеуіштердің  рөлін  сөзсіз  асыра 
көрсетеді. Оның сөз мағынасын жеке бір дыбыстың табиғатымен байланыстыруы 
біржақты теріс пікір сияқты және мұқият тексеруді қажет етеді. Алайда барлық 
осындай кемшіліктері бола тұра Н.А.Ашмариннің еңбегі түркі тілдеріндегі дыбыс 
еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің негізгі типтері жөнінде, олардың құрылымы 

122
мен  өзге  сөздердің  арасынан  алатын  орны  жайлы  тұңғыш  рет  толық  және 
анық ұғым қалыптастырады. Бұл алғашқы мағлұматтар түрік, гагауз, түрікмен 
және  әзірбайжан  тілдеріндегі  дыбыс  еліктеуіштер  мәселесімен  шұғылданған 
Н.К.Дмитриевтің белгілі еңбектерінде дәл анықталып, толықтырылды [13].
Дыбыс  еліктеуіш  және  бейнелеуіш  сөздердің  дыбыстық,  морфологиялық 
және  лексикалық-семантикалық  өзіндік  ерекшелігі  соңғы  он  жылда  жазылған 
арнайы  зерттеулерде,  сонымен  қатар  түркі  тілдері  бойынша  грамматикалық 
еңбектерде  бірқатар  түркі  тілдері  материалы  негізінде  анық  және  нақты 
сипатталған [14; 56-69].
С.Құдайбергенов, М.Құдайқұлиев, Р.Кунгуров, Б.Катембаева зерттеулерінде 
сонымен  қатар  осы  сөздердің  синтаксистік  қызметтері  тыңғылықты 
қарастырылған,  бұрын  олар  жалпы  түрде  ғана  үстіртін  сипатталған  болатын. 
Сөздердің  мұндай  тобына  лексикографиялық  сипаттама  беруде  жинақталған 
мол тәжірибе оларды арнайы лингвистикалық зерттеу нәтижелерімен бірге бұл 
сөздерді іріктеуде және сөздіктерде орналастыруда туындаған даулы мәселелерді 
анағұрлым дәлелді, негізді шешуге мүмкіндік береді.
Ең  алдымен,  дыбыс  еліктеуіш  сөздерді  сөздіктерде  жеке  дербес  сөздер 
ретінде көрсету тәжірибесінің орындылығы жөніндегі түбегейлі мәселе даулы 
болып табылады.
Кезінде  бұл  сөздердің  сөйлеуде  тек  көмекші  етістікпен  бірге  немесе 
қандай  да  бір  сөзжасамдық  жұрнақ  жалғану  арқылы  қолданылатындығы 
және сөйлем мүшесі ретінде қызмет атқармайтындығы туралы пікір айтылған 
болатын [14; 56-69]. Бірақ бұл пікір көп ұзамай бекерге шығарылды. Түркі 
тілдеріндегі еліктеуіш сөздердің дербес, жеке дара кең қолданылатындығы 
және  өзіне  сәйкес  сөйлем  мүшелерінің,  әсіресе  қимыл-сын  пысықтауышы 
ретінде  қызмет  атқара  алатындығы  анықталды  [16].  Дыбыс  еліктеуіш 
сөздердің осы ерекшелігі, сонымен қатар мазмұны, міндеті және құрылымы 
оларды сөздіктерде дәстүрлі түрде бөліп көрсетудің және орналастырудың 
орынды екенін дәлелдейді.
Шынымен-ақ, өзге қарапайым сөздерден ерекшелігі, дыбыс еліктеуіш 
сөздердегі олардың дыбыстық құрылымының өзі мүмкіндігінше мәнерлілік 
мақсатында қолданылады, белгіленуі тиіс үн-дыбысты белгілі бір деңгейде 
еске  салатын  дыбыстар  құрамы  таңдалып  алынады.  Бірақ  бұл  бояма 
еліктеуге (имитация) жол бермейді, өйткені, біріншіден, әдетте, осы тілдің 
фонетикалық жүйесіне енетін дыбыстар ғана қолданылады, бұл өздігінен-
ақ бояма еліктеу мүмкіндігіне жол бермейді; екіншіден, ең бастысы, дыбыс 
еліктеуіш сөз өзінің мазмұны мен міндеті жағынан бұл мақсатты көздемейді. 
Бояма еліктеу бұл жерде шартты сипатқа ие. 
Мағынаның  дыбыстық  кешенмен  байланысының  негізгі  құрамы 
осындай  дыбыстар  кешеніне  мағына  беру  дәстүрі  болып  табылады. 

123
Міне,  осыған  орай,  бір  жағынан,  бір  ұғым  түрлі  тілдерде  түрлі  дыбыс 
тіркесі  арқылы  белгіленеді  (бұл  осылардың  бәрінен  өзгеше  фонетикалық 
заңдылықтар  арқылы  реттеледі:  салыст.татар  тілінде  чыл-тыр,  башқұрт 
тілінде  сылтыр,  ноғай  шынь  –  дыбыс  еліктеуіш  сөз  –  «зың»,  «шың»)
екінші жағынан, бір дыбыстық кешен контекске және өзге де жағдайларға 
байланысты түрлі мағыналарда (салыст. татар тілінде чылтыр – қоңыраудың 
немесе  су  ағысының  сылдырының  үзік-үзік  үніне  еліктеуден  туған  дыбыс 
еліктеуіш) және түрлі қызметтерде (салыст.өзбек «ип шарт этип узулди» 
- «жіп (арқан) шарт етіп үзілді», мұндағы «шарт» сөзі дыбыс еліктеуішпен 
байланысты және «у шарт бурулди» - ол шарт бұрылды», мұндағы сол бір 
ғана «шарт» сөзі бейнелеуіш ретінде қолданылған) қолданылуы мүмкін.
Тұтастай  алғанда,  жаңа  дыбыс  еліктеуіш  кешендерінің  тууы,  бәлкім, 
біздің барлық тілдеріміз дерлік қандай да бір деңгейде күнделікті сипатқа ие. 
Сөздіктер шындығында, оларды толығымен қамти алмайды, алайда көбінесе 
бұл  сөздердің  қалыптасқан  қалып-бейнесі,  жалпыға  ұғынықты  тұрақты 
мағынасы бар және жиі қолданысқа ие. Жоғарыда атап өткеніміздей, олар осы 
тіл лексикасында әбден тұрақтанған, оның тұрақты және қажетті элементтері 
ретіндегі бірліктерді ғана қамтиды. Атап айтсақ, олар – айғай, дүрсіл (дүбір), 
қорылдау,  шықырлау,  сықырлау,  сыбдыр,  сатырлау  (шатырлау),  гүрсіл 
(тарсыл) және т.б. үн-дыбыс шығару туралы кең қолданыстағы ұғымдарды 
білдіретін, түрлі тілдерде бірдей мағынасы және ұқсас сыртқы құрылымы 
бар  (мысалы,  қазақша  «тарс-тарс»  -  орысша  «стук-стук»)  сөздер.  Бұл 
сөздер негізгі дыбыс еліктеуіш сөздер қорына енеді, осылардың үлгісі бойынша 
жаңа мағынаға ие болған дыбыстық кешендер туады.
Түркі тілдерінің тәжірибелік қолданыстағы лексикографиясында сөздіктерде 
кездесетін, редупликация немесе бірігу тәсілімен жасалған жеке (дербес) және 
қос  сөз  түріндегі  (қосақталған)  дыбыс  еліктеуіштердің  арақатынасы  туралы 
мәселе өзекті мәнге ие. Дербес сөздер ретіндегі жеке (дербес) кешендер (яғни 
сөзжасамдық жұрнақпен немесе көмекші сөзбен тіркесуден тыс) түркі тілдерінде 
өте  сирек  қолданылады.  Осыған  орай  олардың  тіркелуі  мүмкіндігінше  толық 
болуы керек және болуы мүмкін. Қазақ тіліндегі «шарт-шарт» түріндегі қос 
сөздерге келсек, олардың сөздіктерде бейнеленуі көңіл көншітпейді. Біріншіден, 
Р.А.Аганин атап көрсеткендей, әсіресе түрік тіліндегі сөздіктерде олардың берілуі 
қарама-қайшылыққа  толы  [15;  165].  Екіншіден,  көптеген  сөздіктерде  олардың 
белгілі  бір  нақты  тілдің  (мысалы,  қазақ,  башқұрт,  алтай,  ұйғыр  тілдеріндегі 
сөздіктерде) тұрақты лексикасына енетін құрамы әлі де толық берілмеген.
Сол  сияқты  олар  белгілеп  тұрған  дыбыстық  үн  аталмыш  түрлі 
сипаттамаларсыз  (қайталанушылық,  аяқталмағандық,  ұзақтық,  қарқындылық) 
тұтастай және қатар алғанда мәнсіз болып келеді, қос сөз түріндегі дыбыс еліктеуіш 
сөздердің елеулі түрде көпшілігі жеке (дербес) тұрып мүлдем қолданылмайды 

124
(күрделі лексеманың құрамдас бөлігі болып табылатын сөзжасамдық жұрнақпен 
немесе көмекші етістікпен тіркесуден тыс): салыстыр.түр kasinir hart (K.Tahir) 
«дыбыс шығара қасынды»Bir borudan gűrűl gűrűl su akmaga baslar (M.Kamal) 
«Құбырдан  су  шулай  аға  бастады».  Бұл  мысалдарда,  осы  сияқты  көпшілік 
жағдайлардағыдай,  қос  сөзді  жеке  сөзбен  ауыстыруға  мүлдем  болмайды. 
Қос  сөз  түріндегі  дыбыс еліктеуіш  сөздің  бір құрамдас  бөлігі  өзінің  алғашқы 
мағынасына  жақын  мағынада  жүзеге  асады,  бұл  жерде  ол  тек  одан  жұрнақ 
жалғану немесе бірігу жолымен жасалған туынды негіздер құрамында: салыст., 
бір жағынан, татар дөбер-дөбер «тарсылдап, шулап», екінші жағынан, дөбердә 
- «қағу, сатырлау, гүрілдеу», дөбердәш – сол мағынасында, бірақ ендігі жерде 
шу шығарғыш заттарға қатысты қолданылады; дөбер-шабыр кил – «гүрілдеу», 
дөберт «тарс!» («дөбер» дербес сөз ретінде қолданылмайды). Төменде «дөбер» 
құрамдас бөлігін одан немесе оның көмегімен жасалған туынды сөздер қатарына 
қоюға бұл жерде әлі де негіз аз екендігі көрсетіледі. 
Бұл  айтылғандар  түркі  тілдерінде  кең  тараған,  редупликация  барысында 
құрамдас  бөліктерінің  біреуі  аздаған  фонетикалық  өзгеріске  ұшырайтын  (түр.
сatir cutir (салыст.сutir catir) қос сөз түріндегі дыбыс еліктеуіш сөздер типіне 
де қатысты. Сонымен қатар бұл жерде соңғысы жеке өзіне тән сипатқа ие және 
қосымша  эмоционалдық  (әдеттегідей,  ирониялық,  масқаралаушы,  кемсітуші) 
реңк  береді.  Р.А.Аганиннің  мұндай  құрылымдарды  тең  дәрежелі  етуге  деген 
ұмтылысы олардың семантикасы бойынша да, қолданылу ерекшеліктері жөнінен 
де жаңсақ сияқты.
Қос  сөз  түріндегі  дыбыс  еліктеуіш  сөздер  құрамдас  бөліктері  жеке 
(сөзжасамдық көмекші морфемалармен тіркеусіз) қолданылған жағдайларда 
да сөздіктерде дербес лексикалық бірліктер ретінде бөліп көрсетілуі мүмкін, 
өйткені  ол  құрамдас  бөліктері  семантикалық  жағынан  ешқашан  дәл  ұқсас 
келмейді  және  бірінен  бірі  қолданылуы  жағынан  ерекшеленеді:  салыст.
башқұрт  «шарт»  -  «тарс!  дүрс!»  және  «шарт-шорт»  -  «сатырлап, 
шулап».
Тіпті,  мысалы,  татар  чылтыр  және  чылтыр-чылтыр  сияқты  мағынасы 
жағынан  анағұрлым  жақын  қос  сыңарларды  да  сөздікте  жеке  көрсеткен 
жөн, өйткені қос сыңардың екі компоненті де дербес сөз ретінде өте сирек 
кездеседі және біріне бірі толықтай мағыналық жағынан жақын бола тұра, 
қолданылуы жағынан бірден ерекшеленеді.
Барлық қос сөз түріндегі дыбыс еліктеуіш сөздер жеке қолданысқа ие 
емес.  Ал  бұл  жағдай  оларды  тіркеу  барысында  үнемі  ескеріле  бермейді. 
Үлгі  ретінде  қуаттауға  болатын  башқ.  шырк-шырк  көл  –  «сықылықтау»
тат.  шыптыр-шыптыр:  «шыптыр-шыптыр  ит»  -  «сыбдырлау»  сияқты 
сөздік  мақалалардың  шағын  бөлігі  бұған  қатысты  емес  [12].  Мұның 
қаншалықты қарама қайшылыққа толы екендігі белгісіз, бірақ сөздіктерде 

125
дыбыс  еліктеуіш  сөздердің  неғұрлым  толық  қамтылғанына  және  олардың 
табиғатын неғұрлым терең зерттеуге орай қос сөздерді сөздіктерде жіктеп 
көрсеткен  жөн,  барлық  дыбыс  еліктеуіштік  белгілеулер  шындыққа  сәйкес 
келе ме деген мәселелердің соғұрлым айқындығы төмендейді.
Кейбір грамматистерге қарсы лексикографтар «бала сөздері» деп аталып 
жүрген  сөздерді  де,  жануарларды  шақыруға  және  қууға  арналған  шақыру 
сөздерін  де  (одағайлар)  дыбыс  еліктеуіштер  деп  есептемейді  [13;  59-105]. 
Сөздердің  бұл  типтері  сыртқы  құрылымы  бойынша  дыбыс  еліктеуіштік 
кешендерді еске түсірсе де, олар өздерінің мазмұны мен қызметі жағынан 
олармен  ешқандай  ортақтығы  жоқ:  салыст.башқ.  «бах-бах!»  (аттарды 
шақыруға  арналған  дыбыстық  кешен),  прес!  (мысықты  қууға  арналған 
дыбыстық кешен), мәмәй (балалар тіліндегі «тамақ») және т.б. Бұл сөздер 
сөздіктерден  кең  көлемді  ауқымды  қажет  етеді,  алайда  дыбыс  еліктеуіш 
сөздер ретінде емес, біршама өзгеше түрде берілуі тиіс.
Лексикографтар  сонымен  қатар  дыбыс  еліктеуіш  сөздер  қатарына 
сөзжасамдық  жұрнақтар  немесе  көмекші  етістіктер  көмегімен  дыбыс 
еліктеуіштік  кешендерден  жасалған  туынды  есімдер  мен  етістіктердің 
кең  қабатының  тиесілілігі  жөніндегі  арнайы  ережеге  қайта  қарап  шықты. 
Дыбыс  еліктеуіштерге  арналған  көптеген  бұрынғы  еңбектердегі  туынды 
сөздердің  мұндай  көптеген  және  өнімді  типі  осылар  қатарынан  саналды 
[13; 59-105]. Біздің тұсымызда кейбір зерттеушілер оларды дәстүр бойынша 
дыбыс еліктеуіштер деп есептеуді жалғастырса (Р.Кунгуров...), екіншілері, 
керісінше, туынды негізді қандай да бір сөз табына жатқызуға болатындығы 
негізінде  оларды  сөздердің  бұл  тобынан  шығарып  тастауды  ұсынады. 
Бұл  қасиетке  осы  топтағы  сөздер  ғана  емес,  сонымен  қатар  кейбір  қос 
сөз  түріндегі  дыбыс  еліктеуіштік  кешендер  де  ие  болғандықтан  және  осы 
жағдайлардың барлығында туынды сөзге негіз сөз өзінің барлық белгілері 
бойынша дыбыс еліктеуіш болып табылатындықтан, аталмыш пікір, сөзсіз, 
жеткілікті түрде нанымды болып табылған жоқ.
Сөздіктерді  қоса  алғанда  кейбір  жекелеген  жаңа  еңбектерде  туынды 
есімдер  мен  етістіктердің  қарастырылып  отырған  тобының  жіктелуі 
бұрынғысынша  қала  береді:  салыст.,  мысалы,  татар  зыңла  –  «шылдырау, 
шыңылдау» дыбыс еліктеуіш, зыңғырда – «сыңғырлау, сыдырлау» дыбыс 
еліктеуіші. Осымен қатар осы топтың көптеген етістіктері сөздікте дыбыс 
еліктеуіш деп көрсетілмеген: шатырда – «шытырлау», шаркылда – «қарқ-
қарқ  күлу».  Бірақ  тұтастай  алғанда,  қазіргі  сөздіктерде  бұл  сөздер  әдетте 
жалпы  негізде  беріледі,  дыбыс  еліктеуіш  деп  көрсетілмейді:  коркулда  – 
«қорсылдау», канкылда – «қыңқылдау, қыңсылау», күрсүлдө - «сартылдау, 
гүрсілдеу»,  алт.  бапылда  –  «бақылдау»,  башқ.  ғыжылда  –  «қырылдау», 
ғызла – «ысылдау, қыжылдау (ашыған сұйықтық туралы)», өзб. дупилда 

126
–  «жер  тебіну,  дүңкілдеу»,  ұйғыр  жириңла  –  «шырылдау,  шылдырау», 
гичирла  –  «шиқылдау,  шықырлау»,  гикилда  –  «қатты  шақырлау»
Осылар  және  осыған  ұқсас  сөздер  грамматикалық  етістік  мағынасына 
ие  болғандығына  орай  құрылымдық  типі  бойынша  тегі  жұрнақ  болып 
табылатын туынды негіздермен бірігеді. Көбінесе олар «әдеттегі қарапайым» 
етістіктер  туындайтын  жұрнақтардың  көмегімен  жасалады:  башқұрт  саңла 
–  «шыңылдау»,  меңрә  -  «мөңіреу»  (салыст.  «бизрә»  -  «қиналу,  жиіркену, 
жек көру» етістігі «биз» түбірінен пайда болған – «мазасын алу, мезі ету, 
жалықтыру,  суыну»),  шаңғыр  –  «шырылдау,  шаңғырлау  (қатты  дыбыс 
жөнінде)»  (салыст.  исәңгерә  -  «есеңгіреу»),  ызғар  –  «дуылдай  айғайлау» 
(салыст. башкар – «орындау»), мышна – «пысылдау» (салыст. еснә - «иіскеу»).
Бұл  талаптарға  жауап  беретін  күрделі  лексемалардың  туынды  сөз 
тудырушы  негіздері,  әдеттегідей,  дербес  қолданылмайды.  Осыған  орай 
олар  көбінесе  сөздікте  дербес  мақалалармен  беріледі,  мысалы:  башқұрт 
шылт:  шылт  ит  –  «қыбырлау,  желпіну»;  ялт:  ялт  ит  –  «жарқырау, 
жылтырау,  жарқылдау,  жайнау,  жалтылдау»;  татар  лышык-лышык: 
лышык-лышык  ела  –  «өксіп,  солқылдап  жылау»;  без-без:  без-без  кил  – 
«ызылдау,  ызыңдау»;  дөп:  дөп  ит  –  «тұншыққан  дыбыс  шығару»;  гөп-
гөп: гөп-гөп ит – «гүрс етіп құлау»; гөп-гөп сук – «шапалақпен тарту». 
Туынды сөз жасаушы негіз жеке қолданылған жағдайларда одан жасалған 
күрделі лексема құрамдас бөліктері жеке жазылатын күрделі лексемалардың 
келтірілген тұсының жалпы басталған жерінде-ақ сөздік мақаланың ішінде 
орналасады: татар гөрс – дыбыс еліктеуіш «гүрс», «тарс», гөрс итеп егылу 
– «сарт етіп жығылу, гүр етіп құлау».
Түркі тілдерінде бір еліктеуіш сөздің бірнеше құбылысты сипаттайтын 
мағынасы  болуы  мүмкін.  Осыған  орай  дыбыс  еліктеуіштік  кешендердің 
түсіндірмелі  сөздіктерде  берілген  мағыналары  және  аударма  сөздіктердегі 
аудармалары көбінесе шартты түрдегі сипаттамасы болып табылады. Олар 
нақтылауды  және  елеулі  түрде  редакциялық  өңдеуді  қажет  етеді.  Бұл, 
мысалы, татар тіліндегі «чылтыр» дыбыс еліктеуішінің аудармасы сияқты 
аудармаларға да қатысты: «шылдыр, сылдыр, зың ету, салдыр», чылтыр-
чылтыр:  1)  бұлақ  үніне  еліктеу;  2)  шылдыр-шылдыр,  сылдыр-сылдыр, 
зың-зың, бұлар олардың арасында анағұрлым сәтті шыққан деп есептеледі 
(Татарша  «чылтыр»  әдетте  электр  қоңырауы  шығаратын  бір  сарынды 
үзік-үзік,  созылыңқы  емес  үн-дыбысты  білдіреді,  ал  чылтыр-чылтыр 
бұл  үн-дыбысты  үзіліс  арқылы  берілетін  қысқа-қысқа  түрдегі  құбылыс 
ретінде сипаттайды немесе су ағысының бір сарынды үзік-үзік сылдырауын 
білдіреді).  Кейде  аудармаларда  аңғырттықтар  кездеседі,  мысалы:  татар 
лабыр-лобыр  –  қазандағы  ет  сорпасының  қатты  қайнауынан  шыққан 
дыбысқа еліктеу (ет сорпасының қайнауы қандай да бір ерекше қатты дыбыс 

127
шығарады деп ойлап қалуға болады); ләп-ләп ит – көбелектің қанат қағуынан 
шыққан  дыбысқа  еліктеу;  лыпшыр-лыпшыр  –  жібек  көйлектің  кең  етегінің 
сыбдырлаған дыбысына еліктеу; лаңғырт-лаңғырт – табақ темірдің құлауынан 
шыққан дыбысқа еліктеу және т.б.
К.К.Юдахиннің сөздігінде бейнелеуіш сөздер мен дыбыс еліктеуіш сөздер 
«еліктеуіш сөз» деген белгімен біркелкі тұстан басталады. Бұл екі сөздер тобы 
арасындағы  аталмыш  ортақтыққа  орай  бұл  әбден  заңды  болып  табылса  да, 
сөздіктерде бәрібір де оларды ажыратып қарастырған жөн, өйткені олар өздерінің 
бүкіл құрылымдық сипаттары жөнінен ортақтыққа ие бола отырып, бір-бірінен 
мағынасы  мен  қызметі  жөнінен  ерекшеленеді.  Дыбыс  еліктеуіштік  сөздер 
адамның артикуляциялық (дыбыс шығару) мүмкіндіктері шеңберінде имитация 
элементін қамтиды. Олар осы шеңберде үнді объективті түрде, бұл үннің өзі адам 
бойында тудыратын эмоцияларға қатынасынан тыс белгілейді. Бейнелеуіш сөздер 
болса,  сәйкес  әрекет  немесе  күйден  алған  белгілі  бір  әсерді  (көбінесе  көзбен 
көру арқылы) белгілейді. Бейнелеуіш сөздер осыған орай, дыбыс еліктеуіштік 
кешендерге  қарағанда  дербес  сөздер  ретінде  анағұрлым  сирек  қолданылады. 
Олар контекске мейлінше тәуелді. Өздерінің мазмұн-мағынасын нақтылайтын 
көмекші сөздерді қажет етеді. Көбінесе көмекші етістіктермен тіркесу арқылы 
жүзеге асады, мысалы: башқ. ит – «ету, жасау». Бейнелеуіш сөздер бұл көмекші 
етістіктермен,  дыбыс  еліктеуіштерге  қарағанда  неғұрлым  тығыз  мағыналық 
байланысты құрады. Ал дыбыс еліктеуіш сөздер, жоғарыда атап өткеніміздей, 
бөлшектеуге  келмейтін,  тұрақты  лексикалық  тұтастықтың  құрамдас  бөлігі 
ретінде емес, бөтен сөз, жеке бірлік ретінде қолданылады (салыст.башқ. ялт ит 
– «жылт ете қалу» және шап ит – «туынды сөз тудырушы негізде белгіленген 
мағынаны еске түсіретін шу, дыбыс шығару»). «Шап ит» түріндегі лексемаларды, 
бейнелеуіш  сөздерден  жасалған  «ялт  ит»  түріндегі  лексемаларға  қарағанда, 
анағұрлым талдауға әбден болады.
2.1 Каракалпакско-русский словарь. / Под редакцией проф. Н.А.Баскакова / 
Государственное Издательство иностранных и национальных словарей Москва 
– 1958392 с

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет