Алматы «Сардар» баспа үйі


Синтетикалық сөзжасам модельдерiне мысалдар



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата21.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#10063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

Синтетикалық сөзжасам модельдерiне мысалдар:
*қаЛ+Т+ый-
*сеЛ+Т+iй-
*деЛ+Д+iй-
*тыЛ+Т+ый-
*жаР+Б+ый-
*тыР+Б+ый-
*кiР+Б+iй-
*шыР+Т+ый-
*шыР+ыЛ+да-
*дүР+iЛ+де-
*гүР+iЛ+де-
*қоР+ыЛ+да- т.б.
Ескерте кету керек, бұл мысалдар ЕС жүйесiндегi сөзжасам модельдерiн 
түгел қамтып тұрған жоқ.
Аналитикалық  сөзжасам  модельдерiне  мысалдар:  қаЛт  ете  қалу, 
жаЛт ету, жаЛп ету, жаЛаң қағу; жаРқ ету, тыРп еткiзбеу, күРт үзу; 
шоРт кесу; еЛең қағу, теПең қағу т.б.
Көрiп отырғанымыздай, бұл деңгейдегi сөзжасам моделiнiң бұл екi 
түрi барлық жағдайда бiр-бiрiнiң баламасы бола алмайды. Мәселен, елең 
қағу // елеңдеу, тепең қағу // тепеңдеу деп қолдануға болса да, “селтiй”-
дi “селт ет-” пен, “шыртый”-ды “шырт ет”- пен алмастыруға болмайды 
т.т.
8.3.Елiктеуiштер  құрамында  синтетикалық  және  аналитикалық 
сөзжасам  тәсiлдерiнiң  келесi  деңгейi  екiншi  дәрежелi  грамматикалық 
индикаторлардан  кейiн  басталады  және  бұл  деңгейде  олардың  жиi  де 
жемiстi түрде дамығанын көремiз.
Синтетикалық сөзжасам модельдерiне мысалдар:
*жаЛ+Т+ыЛ+да-
*саР+Т+ыЛ+да-
*таР+С+ыЛ+да-
*еҢ+К+iЛ+де-
*тоң+Қ+ыЛ+да-
*құЙ+Қ+ыЛ+жы-
*қыЙ+Қ+аң+да-
*тыР+Т+аң+да-
*тыШ+Т+аң+да-
*тоМ+П+аң+да- т.б.
Аналитикалық  сөзжасам  модельдерге  мысалдар:таЙраң  қағу, 
жаЙраң  қағу,  жыЛмаң  ету,  қыЙқаң  ету,  шоЙқаң  ету  т.т.  Бұл  екi 
сөзжасам  арасында  балама  ретiнде  бiр-бiрiн  алмастыру  жиi  байқалады. 
Мысалы: тайраң қағу // тайраңдау т.б.
8.4.Елiктеуiштердiң  құрамында  үшiншi  дәрежелi  грамматикалық 
индикаторлардан  кейiн  де  етiстiкке  айналу  процесi  байқалады  және 
ол  негiзiнен  синтетикалық  сөзжасам  модельдерi  арқылы  жүзеге  асады. 
Мысалы:  еЛпелекте-,  көЛбелеңде-,  шаЙқалаңда-  т.т.  Бұл  деңгейде 
елiктеуiштiң аналитикалық сөзжасам үлгiсi жиi кездеседi екен.
9.  Қазақ  тiлiндегi  елiктеуiштердiң  құрамдық,  тұлғалық  дамуының 
тағы  бiр  арнасы  –  олардың  қатардағы  есiмдерге  (зат  есiм  мен  сын 
есiмдерге)  айналуы.  Әртүрлi  елiктеуiштiң  өз  мағынасынан  ауысып, 
заттануы мiндеттi түрде олардың алдымен етiстiкке айналуын талап 
етедi. Демек, бұл жоғарыда көрсетiлген деңгейлерде етiстiкке айналған 
елiктеуiштердiң табиғатына тән заңды құбылыс деген сөз.

23
Алайда, бұл құбылыс әр деңгейде бiрдей емес. Елiктеуiш етiстiктердiң 
өзi бiлдiретiн қимыл-әрекет процестерiнен зат пен құбылыс атауына айналуы 
ұзақ тарихи дамудың жемiсi. Оны терең зерттеп, табиғатын айқындау, сайып 
келгенде, “имитатив теориясының” өзектi мәселесi – елiктеуiш түбiрлерiнiң 
дыбыс тiлiнiң қалыптасу дәуiрiнде iргетасы болып қаланған алғашқы элемент 
екендiгiн дәлелдеу және мойындау болып саналады.
Сөздiк  қорымыздағы  көптеген  дербес  сөздерiмiздiң  төркiнi  елiктеуiш 
түбiрлерден  екенiн  жұрттың  бәрi  бiле  бермейдi.  Бiрақ  оны  бiлуге  тиiспiз. 
Өйткенi ол тiлiмiздiң шығу тарихын бiлу деген сөз, ол оған бiрден-бiр сенiмдi 
де реальдi бұлақ болып саналады. 
Тiлiмiздегi елiктеуiш тектi сөздердiң шығу тарихын да, жалпы ауқымын 
да  анықтау  оңай  мәселе  емес.  Өйткенi  олар  өздерiнiң  ұзақ  тарихи  даму 
барысында “елiктеуiштiк белгiсiнен” айрылып, тiлдiң жалпы сөздiк қорымен 
етене араласып кеткен дүниелер. Оларды сөздiктерде де атап, айырып көрсете 
бермейдi.  Елiктеуiш  сөздер  әртүрлi  даму  деңгейiнде  жеке-дара  түрiнде  де, 
сөз тiркесiнде де қолданыла беретiнiн бiз мына төмендегi деректерден айқын 
көремiз. Мысалы, қазақ тiлiндегi елiктеуiштер қорының iлкi түбiр күйiндегi: 
дыр, тыр, сыр, зыр, пыр, тақ, шақ, тоқ, дық, сақ т.б. осы сияқты жүздеген 
сөздердi жеке түрiнде де, көмекшi *ет- етiстiгiмен тiркестерiнен де өзiндiк 
мағыналарын айқындай аламыз.
Дәл сол сияқты, бiрiншi дәрежелi индикатор деңгейiндегi тұлғасынан да 
бiз мына тәрiздi жүздеген ЕС-дi анық тани аламыз: тарс (ет-), тырс (ет-), 
шарт (ет-), шырт (ет-), күрс (ет-), сарт (ет-), қорс (ет-), күрт (ет-), сылқ 
(ет-), шылқ (ет-), былқ (ет-), тоңқ (ет-), қолқ (ет-), кiлк (ет) т.б.
Екiншi дәрежелi грамматикалық индикатор деңгейiнде қалыптасқан 
елiктеуiштер  де  тiлiмiзде  жүздеп  кездеседi  және  олар  да  жұртшылық 
тарапынан  дербес  мағынадағы  лексема  ретiнде  қабылданады.  Мысалы: 
тарсыЛ (естiлдi), қорсыЛ (шықты), былқыЛ-ды (қой), шаңқыЛ (басылды), 
күңкiЛ  (сөз),  жарқыЛ  (елестедi),  жылтыР  (тас),  қыңқыЛ-ы  (басылды); 
салдыР  (күшейдi);  сылдыР  (су),  сыңғыР  (күлкi),  алшаң  (басу),  тыпыРла-, 
қоқИлан-, қоқыРай-, маңыРа-, ежiреңде-, әкiреңде- т.б.
Үшiншi дәрежелi грамматикалық индикатор деңгейiнде қалыптасқан 
елiктеуiштер тiлiмiзде аздау дедiк, бiрақ олар да дербестiкке бейiм құбылысқа 
жатады. Мысалы: қалбаЛаң (қағу), елпеЛең (қағу), дүрбеЛең (салу) т.б.
Қазақ  тiлiндегi  ендiгi  бiр  топ  елiктеуiш  етiстiктер  есiм  жасаушы 
жұрнақтарды  қабылдап,  әр  алуан  заттар  мен  құбылыстардың  атауларына 
айналған.  Мысалы:  жұлд+ЫЗ,  сарқыра+МА,  күркiре+МЕ,  шiңкiлде+К, 
тоңқылда+Қ, әупiлде+К, күркiлде+К (түйе) т.б. осы сияқты атаулар.
10.  ЕС-дiң  морфологиялық  тұрғыдан  қат-қабат  болып  қалыптасқан 
тұлғалық құрамын iштей жiктеп, морфтар мен формемаларға бөлiп, ара-жiгiн 

24
ажыратып  қарасақ,  бiз  олардың  өте  күрделi  анатомиясын  айқындауға 
мүмкiндiк  аламыз.  Олар  4-5  буыннан  тұратын  құрамы  күрделi  сөздер 
болып келедi. Алайда, олардың буын саны мен морф пен форфема саны 
бiрдей  емес,  яғни  буын  жiгiнен  морфема  жiгi  көбiрек.  Себебi:  буын 
жiгi  дауысты  дыбыстардың  санымен  есептелсе,  морфемалық  жiк  ЕС 
құрамындағы  грамматикалық  элементтермен  есептеледi.  Атап  айтқанда 
олар:  1)  табиғат  құбылыстарынан  алған  әр  алуан  әсерден  туындаған 
алғашқы  дыбыстық  рефлекстерден,  2)  идеофоннан,  3)  үш  дәрежелi 
грамматикалық  индикаторлардан,  4)  етiстiк  көрсеткiштерiнен,  5)  есiм 
көрсеткiштерiнен  (барлық  саны  7  элементтен)  тұрады.  Мысалы,  3 
буыннан тұратын елiктеуiш етiстiктiң морфема саны – 5:
Қа+Р+қ+ыЛ+да-  (<морфема  саны  -  5);Қарқ+ыл+да-  (<буын  саны  - 
3).
Барлық елiктеуiш құрамын осылай жiктеуге болады.
11. Елiктеуiштердiң сөзжасам модельдерi. “Имитатив теориясының” 
ең сенiмдi, аяқ тiрер негiздерiнiң бiрi – қатаң заң, бұлжымас қағида болып 
қалыптасқан  сөзжасам  модельдерi.  Бұлар  абстракцияланып,  жүйелi  де 
бiр  қалыпты  жүзеге  асатын  тұрақты  ережелер  мен  тәсiлдерден  тұрады. 
Алайда,  “имитатив  теориясының”  негiзiн  салушы  Н.И.Ашмарин 
де  және  ол  теорияны  жалғастырушы  ғалымдар  да  нақтылы  бiр  тiл 
негiзiнде  бұл  категорияның  өзiне  тән  жүйелi  де  тұрақтанған  сөзжасам 
модельдерiнiң  барлығын  арнайы  қараған  емес.  Ал,  онсыз  құбылысты 
тiл  негiзi  деп  қабылдау  қиын.  Бiздiң  ұсынып  отырған  деректерiмiз  бен 
тұжырымдарымыз  “имитатив  теориясының”  осы  бiр  ашық  тұрған 
түйiндi  саласын  айқындай  түседi  деп  сенемiз.  Ол  үшiн  бiз  ендi  қазiргi 
қазақ тiлiндегi 500-дей елiктеуiш iлкi түбiрi қалыптасқан 5 мыңға жуық, 
үш тақырыптық-мағыналық топтан, атап айтқанда: дыбыс, жарық-сәуле 
және қимыл-әрекет елiктеуiштерiнен тұратын лексикалық қорды барлыққа 
келтiрiп, қалыптастырған сөзжасам модельдерiнiң анатомиясын таратып 
шығуымыз керек.
Бұл  модельдердi  де  екi  топқа  –  синтетикалық  және  аналитикалық 
сөзжасам тобына – бөлiп қарауға болады.
Синтетикалық сөзжасам модельдерi.
Елiктеуiш  саласындағы  сөзжасам  модельдерiнiң  (үлгiлерiнiң) 
өзiндiк  бiр  ерекшелiгi,  бiздiң  пайымдауымызша,  етiстiк  көрсеткiштерi 
өзiнiң алдында тұрған грамматикалық (I, II, III дәрежелi) индикатормен 
бiрге  қосылып  айтылуға  бейiн.  Мiне,  осы  ерекшелiктерiн  ескерсек, 
қазақ  тiлiндегi  барлық  елiктеуiш  етiстiктер  (қысқаша  –  ЕЕ)  7  негiзгi 
және  солардан  туындаған  9  қосымша  үлгiсi  арқылы  жасалады.  Олар 
төмендегiлер:

25
I. -А-//-Е моделi: -(ыр)а-//-(iр)е-:
абдыра-  (<аб+д+ыр+а-),  дабдыра  (<даб+д+ыр+а-),  саудыра- 
(<сау+д+ыр+а-), 
қаудыра- 
(<қау+д+ыр+а-), 
маужыра- 
(<мау+ж+ыр+а-), жәудiре- (<жәу+д+iр+е-) т.б.
II. -АЙ-//-ЕЙ- моделi: -(ыр) ай-//(iр)ей-: 
шодырай-  (<шод+ыр+ай-),  қодырай-  (<қод+ыр+ай),  күдiрей- 
(<күд+iр+ей-), едiрей- (<ед+iр+ей-), бедiрей- (<бед+iр+ей-) т.б.
III. -ДА-//-ДЕ-//-ТА-//-ТЕ-//-ЛА-//-ЛЕ- моделi:
1)  -(ыл)да-//-(iл)де-:  құжылда-  (<құж+ыл+да-),  бажылда- 
(<баж+ыл+да-),  қылқылда-  (<қыл+қ+ыл+да),  жарқылда- 
(<жар+қ+ыл+да-), 
тарқылда-(<тар+қ+ыл+да-), 
тызылда- 
(<тыз+ыл+да); еңкiлде- (<ең+к+iл+де-) т.б.
2)  -(ақ)та-//-(ек)те-:  тақақта-  (<тақ+ақ+та-),  бұлтақта- 
(<бұл+т+ақ+та-),  дiрдекте-  (<дiр+д+ек+те-),  тәлтiректе- 
(<тәл+т+iр+ек+те-), селтекте- (<сел+т+ек+те-) т.б.
3)  -(аң)да-//-(ең)де-:  тыртаңда-  (<тыр+т+аң+да-),  қайқаңда- 
(<қай+қ+аң+да-),  тайқаңда-  (<тай+қ+аң+да-),  тайраңда- 
(<тай+р+аң+да-), жыртаңда- (<жыр+т+аң+да-) т.б.
4)  -(у)ла-//-(у)ле-:  гүуле-  (<гүу+ле-)
12
*,  зұула-  (<зұу+ла-),  шұула- 
(<шұу+ла-), дұула- (<дұу+ла-), ұула- (<ұу+ла-) т.б.
5)  -(ың)да-//-(iң)де-:  қутыңда-  (<құу+т+ың+да-),  мыжыңда- 
(<мыж+ың+да-), 
кiжiңде- 
(<кiж+iң+де-), 
тыржыңда- 
(<тыр+ж+ың+да-),  кiржiңде-  (<кiр+ж+iң+де-),  қылжыңда- 
(<қыл+ж+ың+да-) т.б.
IV. -НА-//-НЕ моделi: -(ы)на-//-(i)не-: 
құжына-  (<құж+ы+на-),  быжына-  (<быж+ы+на-);  базына- 
(<баз+ы+на-), кiсiне (<кiс+i+не-) т.б.
V. -Ы-//-I- моделi:
қажы (<қаж+ы-), мұжы- (<мұж+ы-) // мүжi- (<мүж+i-), қышы- 
(<қыш+ы-), қасы- (<қас+ы-), мыжы- (<мыж+ы-) т.б.
VI. -ЫЙ-//-IЙ моделi
13
*:
1) -(c)ый-//-(c)iй-: ырсый- (<ыр+с+ый-), тырсый- (<тыр+с+ый-), 
бүрсiй- (<бүр+с+iй-) т.б.
2) 
-(т)ый-//-(т)iй=: 
құнтый 
(<құн+т+ый-), 
тылтый- 
(<тыл+т+ый-),  кiртiй-  (кiр+т+iй-),  шәнти-  (<шән+т+iй-), 
шұнтый- (<шұн+т+ый-), қылтый- (<қыл+т+ый-) т.б.
3)  -(п)ый-//-(п)iй-:  тымпый-  (<тым+п+ый-),  жымпый- 
(<жым+п+ый-), сымпый- (<сым+п+ый-), қомпый- (<қом+п+ый-), 
12
*
 [У]әрiбiнде тiл табиғатына сәйкес қос дыбыс (Ұу~
13
*
 [И] әрiбiнде тiл табиғатына сәйкес қос дыбыс ретiнде (ый//iй) жазуды жөн көрдiк.

26
томпый- (<том+п+ый-) т.б.
4)  -(қ)ый-//-(к)iй-:  қауқый  (<қау+қ+ый-),  кеукiй  (<кеу+к+iй-), 
теңкiй-  (<тең+к+iй-),  шалқый-  (<шал+қ+ый-),  қалқый- 
(<қал+қ+ый-) т.б.
VII.  -ЫР-//-IР-  моделi>  -(қ)ыр-//-(к)iр-:ақыр-  (<а+қ+ыр-), 
бақыр- (<ба+қ+ыр-), шақыр- (<ша+қ+ыр-), өкiр- (<өк+iр-), кекiр- 
(<кек+iр-), ысқыр- (<ыс+қ+ыр-), қышқыр (<қыш+қ+ыр-) т.б.
Көрiп отырғанымыздай, қазақ тiлiндегi елiктеуiштердiң 5 мыңға дейiн 
тарамданып  көбеюi,  мiне,  осы  негiзгi  (7+9=16)  сөзжасам  (анығырағы 
етiстiк жасайтын) модельдер арқылы жүзеге асуына байланысты. Бұлар 
ғасырлар бойы әбден тұрақтанып, бейне бiр математикалық заң тәрiздi, 
қасаң қағида болып қалыптасқаны айқын көрiнiп-ақ тұр.
Имитатив теориясының” реальдiгiн дәлелдейтiн құбылыстың бiрi 
осы болса керек.
Елiктеуiш сөздердiң аналитикалық сөзжасам модельдерi де, қосарлы 
да  қайталама  қос  сөздерге  айналу  үрдiсi  де,  Адамзатқа,  Қоғамға  және 
Табиғатқа  қатысты  кең  ауқымда  қолданысы  да,  сайып  келгенде,  бұл 
феноменнiң  көне  тарихын  ғана  емес,  этносқа  тән  байырғы  да  өмiршең 
құбылыс екендiгiн айқындай түсетiнi даусыз.
Ежелден  қалыптасып  келе  жатқан  Адам  мен  Ұлы  табиғаттың 
арасындағы  тығыз  қарым-қатынастың  тiлдегi  айқын  көрiнiсi  -  осы 
елiктеуiштер деп айту әбден орынды. Ол ғана емес: сапылдап сөйлейтiн, 
самбырлап  сөйлейтiн,  саңқылдап  сөйлейтiн,  маңқылдап  сөйлейтiн, 
дабырлап сөйлейтiн, мiңгiрлеп сөйлейтiн,мыңқылдап сөйлейтiн, әңкiлдеп 
сөйлейтiн,  шәңкiлдеп  сөйлейтiн...  қазақтың  70  шақты  күлу  түрiнiң  40-
тан  астамы  елiктеуiштер  арқылы  (қарқылдап  күлу,  тырқылдап  күлу, 
сылқылдап күлу, еңкiлдеп күлу т.т. күлулер) сипатталып, бейнеленiп тұрса, 
алғашқы  адамды  тiлдi  табиғаттан,  оның  дыбыс,  сәуле,  қимыл-әрекетiн 
қайталаудан, оған елiктеуден үйренбедi деп кiм айта алады? Сондықтан 
да,  ым-ишара  жарыса,  жалғаса  дами  бастаған  алғашқы  этностық 
қауымның  дыбыстық  тiлi  табиғат  құбылыстарына  елiктеуден  туған 
рефлекстер  негiзiнде  дамып,  болашақ  сөйлеу  тiлiнiң  iргетасы  болып 
қалыптасқан.  Осы  идеяны  уағыздаушы  “имитатив  теориясын”  бiз  де 
қолдаймыз. Бiрақ оның реальдi де объективтi шындыққа сәйкестiгiн құры 
идеямен  ғана  емес,  нақтылы  тiлi  фактiлерi  арқылы  да  дәлелдеу  қажет 
деп бiлемiз. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ тiлiнiң деректерi, оның 
бай  сөздiк  қорындағы  500-дей  елiктеуiштiң  iлкi  түбiрлерiнен  тараған  5 
мыңға  жуық  елiктеуiш  тектi  сөздерiн  талдап-таратудан  туындаған  ой-
тұжырымдарымызбен  жаңаша  көзқарасымыз  болашақта  ескерiлуi  тиiс 
деп бiлемiз.

27
ІІ тарау
ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕРДІҢ ТАБИҒАТЫ
Еліктеуіш сөздердің жасалу механизмдерi 
мен тарихи қалыптасу тетiктерi
Еліктеуіш  сөздер  деп  табиғатта  ұшырасатын  сан  алуан  құбылыстар 
мен заттардың бір-біріне қақтығысып-соқтығысуынан туатын дыбыстарды, 
сондай-ақ,  жан-жануарлардың  дыбысталу  мүшелерінен  шығатын  әртүрлі 
дыбыстарды  есту  қабілеті  арқылы  белгілі  түсініктер  ретінде  қабылдаудан 
болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз. 
Мысалы: Мылтық тарс етті; Қарға қарқ етті деген сөйлемдерді алсақ, ондағы 
тарс деген сөз мылтықтың атылуынан туған дыбыстың атын білдірсе, қарқ 
деген сөз қарғаның дыбыстау мүшесінен (қарқылдауынан) шыққан дыбыстың 
атын білдіреді. Бұл екі сөздің екеуіне де жансыз және жанды заттардан шыққан 
дыбыстар негіз болған. Бірақ бұл дыбыстардың қайсысы болса да, әрине, сол 
дыбыстардың дауыстарын дәлме-дәл етіп айтуға тырысудан туған әрі дыбыстық 
бейне, әрі сол бейненің атауы ретінде қалыптасқан дыбыстар. 
Заттардың жерге түскендегі дыбысы я дүңк, я тыңқ, я діңк, я тоқ, я тық 
...  етіп  естілуін  тілмен  дәлме-дәл  айтып  жеткізу  қиын-ақ.  Дегенмен,  осы 
дыбыстар  дыбыстық  бейне  ретінде  де,  сол  бейнелердің  атаулары  ретінде 
де,  сол  бейнелердің  атаулары  ретінде  де  қалыптасқандықтан,  оларды  біз 
сөздер  есебінде  қабылдаймыз.  Бұл  дыбыстар  күрделі  дыбыстар.  Ал  осы 
күрделі  дыбыстар  табиғат  дыбыстарының  таңбалары  есебінде  қабылданып, 
тиісті сөздерге айналаған. Мысал келтірейік: Ол күрк-күрк жөтеліп жүретін. 
Сөйлегенде даусы қыр-қыр етеді. Барқ-барқ үре бастады... Күректердің зың-зың 
еткені енді естіле бастады. Шірік шүберектер дыр-дыр жыртылып жатты. 
Сақ-сақ күлді. Кешікпей мылтық даусы гүрс-гүрс шықты. Осындағы күрк-күрк, 
қыр-қыр, барқ-барқ, зың-зың, дыр-дыр, сақ-сақ, гүрс-гүрс деген еліктеуіш сөздер 
бастапқы  түбірлердің  екі  рет  қайталауынан  жасалған.  Егер  сол  сөйлемдердің 
құрамына да, құрылыстарына да ешқандай өзгеріс енгізбей, тек осы еліктеуіш 
сөздерді қосарланған түрде емес, жалаң түрде ғана қолдансақ (мысалы, шірік 
шүберектей  дыр  етіп  жыртылып  жатты),  өзге  сөздер  сияқты,  еліктеуіш 
сөздердің не жалаң түрі мен қосарланаған болтыны, олардың мағыналарында 
айырмашылық барлығы аңғарылады. Еліктеуіш сөздің жалаң түрі амал-әрекеттің 
бір  ғана  рет  жасалатынын  білдірсе,  қайталанған  түрі  сол  амал-әрекеттің  үсті-
үстіне  әлденеше  рет  қайталанып  жасалатынын  білдіреді.  Мысалы:  дыр-дыр 
айрылды және дыр етіп айрылдыгүрс-гүрс шықты және гүрс шықтызың-зың 
еткені және зың еткені дегендерді мағына жағынан салыстыруға болады.

28
Еліктеуіш  сөздердің  қайталанған  түрінің  екінші  сыңарындағы  ашық 
дауысты  дыбыс  қысаң  дауысты  еріндік  дыбысқа  айналып  өзгерсе,  ол  сөздің 
тұлғасында туған осы өзгеріске байланысты мағынасында да сәл өзгеріс туады. 
Мысал:  Біреу  есікті  тарс-тарс  ұрды  және  біреу  есікті  тарс-тұрс  ұрды 
деген  сөйлемдердің  құрылысы  мен  құрамдарында  айырмашылық  болмаса  да, 
мағыналарында сәл айырмашылық болады; тарс-тарс ұрды дегенде, адам есікті 
әрі қатты, әрі бірнеше рет ұрғанымен, бірқалыпты ұрғаны аңғарылады, ал тарс-
тұрс ұрды дегеннен есіктің қатты ұрылуы бірқалыпты емес, бірде қатты, бірде 
онан да қаттырақ, я солғын басып алмасып отырғаны аңғарылады. Бірақ бұл екі 
форманың  қызметінде  тарс-тарс  (сарт-сарт)  дегенде  де,  тарс-тұрс  (сарт-
сұрт) дегенде де ешқандай өзгешелік болмайды. 
Морфологиялық жағынан да бұл үш форма (тарс, тарс-тарс, тарс-тұрс
өзгермейтін сөздер ретінде қала береді. 
Мағына  жақтарынан  бір-біріне  синонимдес  екі  түрлі  еліктеуіш  сөздер 
қосарлана береді. Мысалы: сатыр-күтір, салдыр-күлдір, бұрқ-сарқ, былқ-сылқ, 
қылтың-сылтың,  жалт-жылт  т.б.  Бұл  ерекшелік  те  –  еліктеуіш  сөздердің 
қосарлауына тән қалыпты, заңды құбылыс. Әдетте, ала тай қантты қатыр-
қатыр еткізді деп те, ала тай қантты қытыр-қытыр еткізді деп те, айтамыз. 
Бұл сөйлемдердің құрылыстары мен құрамдарында өзгешелік жоқ, тек бұларда 
да  азды-көпті  мағына  айырмашылықтары  бар:  қатыр-қатыр  еткізу  қытыр-
қытыр  еткізуге  қарағанда  әлдеқайда  күшті.  Бұл  екі  дыбысты  есіткенде  екі 
түрлі сезімде боламыз. Мағыналар бір-біріне жуық болып келеді. Екі сөздің 
бір-бір  сыңарларын  бөліп  алып,  оларды  қосарлап:  қатыр-қытыр  еткізді 
десек, бірде қатты, бірде солғын болып алмасып отырғандығын аңғарамыз. 
Салдыр-күлдір, сатыр-күтір, бұрқ-сарқ сияқты сөздердің құрылыстары мен 
мағыналарынан осыны байқауға болады.
Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстың не ашық, не қысаң 
болуы да сол сөздің мағынасына әсер еттеді. Мысалы, сыртта нөсер сатыр-
сатыр етіп жауып тұр және сыртта нөсер сытыр-сытыр етіп жауып тұр 
дегенде құрылысы жағынан айырмашылық жоқ болғанмен, мағына жағынан 
айырмашылық бар. Айырмашылық – сатыр және сытыр сөздерінің дауысты 
дыбыстарының  ашық  және  қысаң  болуы.  Еліктеуіш  сөздің  түбіріндегі 
дауысты  дыбыс  ашық  болса,  табиғат  дыбысы  да  қатты  естіледі  де,  қысаң 
болса, ақырын естіледі. Осыдан мағына айырмашылықтары келіп шығады. 
Мына  сөздерді  де  салыстыруға  болады:  баж-баж,  быж-быж,  даңғыр-
даңғыр,  дыңғыр-дыңғыр,  даң-даң,  дың-дың,  тысыр-тысыр,  парт-парт, 
пырт-пырт,  шалп-шалп,  шылп-шылп,  шаңқ-шаңқ,  шыңқ-шыңқ,  шық-шық 
т.б.
Еліктеуіш  сөздердің  түбіріндегі  дауысты  дыбыстардың  я  жуан,  я 
жіңішке болуы да сөздің мағынасына әсер етеді. Мысалы: шыңқ-шыңқ етеді, 

29
шіңк-шіңк етеді дегендердің мағыналарында айырмашылық бар. Шіңк-шіңк 
дегендегі дауысты дыбыстың жіңішке болуынан мағынасы сәл өзгеше, әлсіз 
дыбыс екенін аңғартып тұр. Бұған мына сөздерді де мысал етсек болады: 
қырш-қырш, қырт-қырт, қылқ-қылқ, кілк-кілк, , зірк-зірк, дық-дық, т.б.
Ауызекі  тілде  адамның  көңіл-күйіне,  эмоциалық  жайына  байланысты 
еліктеуіш  сөздердің  кейбір  дыбыстарының  айтылуында  ерекшеліктер 
болады. Ашық дауысты еліктеуіш сөздердің дауысты дыбыстары созылып 
айтылады. Мысалы: сарт ете түсті, саарт ете түсті деп, тарс ете түсті, 
таарс етте түсті деп және таасыр, саатыр, саақыр, паарт, дааңғыр ете 
қалды деп айтқанымызда түбірдегі а дауысты дыбысы созылып айтылады. 
Ал  түбірдегі  дауысты  қысаң  болса,  соңғы  дауыссыз  созылып  айтылады, 
мысалы: тыз ете түсті, тырс ете түсті, шыж ете түсті, шыр ете түсті, 
шың ете түсті деген секілді еліктеуіш сөздерді ауызекі сөйлеуде соңғы з, 
с, ж, р, ң дыбыстарын созып, мысалы, тызз, тырсс, шыжж, бырсс, бырр, 
гүрр, зырр, зыңққ, тырр, дызз, сарр, дыңққ, дірр, ырр, күрр, пырр, қырр, ысс, 
сырр, тысс, тызз, шырр, шұрр деп те айтамыз.
Еліктеуіш  сөздерге  жұрнақтар  жалғау  арқылы  зат  есім,  етістік  сөздер 
жасалады.  Мысалы:  дүрс,  тарс,  шыж,  быж,  күрс,  тырс,  баж  деген 
еліктеуіш  сөздерге  -ыл,  -іл  жұрнақтарын  жалғау  арқылы  дүрсіл,  тарсыл, 
шыжыл, быжыл, күрсіл, тырсыл, бажыл деген зат есімдер жасалады. Бұларға 
-да,-де жұрнақтарын жалғап дүрсілде, күрсілде, бажылда деген сияқты етістіктер 
жасалады.
Сонымен, еліктеуіш сөздер дегеніміз – өзіне тән лексикалық-семантикалық 
мағынасы,  морфологиялық  тұлға-тұрпаты  (формалық  структурасы)  бар,  дара 
түрлерін де, қосарланған түрлерін де көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары 
тікелей  жалғанбайтын,  сөйлемде  әрқашан,  сын-қимыл  пысықтауыш  болатын 
және бастапқы түбірлерінен жұрнақтар арқылы туынды есімдер және етістіктер 
жасалатын сөздер.
Тілімізде кездесетін дыбыстық еліктеуіш түбірлер: аң, аңқ, аңқ-аңқ, ар, 
ар-ар,  арс,  арс-арс,  арс-ұрс,  асыр-тасыр,  асыр-тұсыр,  аср-аср,  әңк,  әңк-әңк, 
баж, баж-баж, баж-бұж, бақ, бақ-бақ, балдыр-бұлдыр, барқ, барқ-барқ, барп-
барп-барп, батыр-батыр, бытыр-бытыр, батыр-бұтыр, батыр-пұтыр, борп- 
борп-борп, борс, борт, борт-борт, бұж, бұж-бұж, бұрқ, бұрқ-бұрқ, бұрқ-сарқ, 
быж,  быж-быж,  быж-тыж,  бық,  бық-бық,  бықыр-бықыр,  былдыр-былдыр, 
быр, быр-быр, бырқ, бырқ-бырқ, бырқ, бырс, бырс-бырс, бырт-бырт, гу, гу-гу, 
гук, гук-гук, гүж, гүж-гүж, гүр, гүр-гүр, гүрс, гүрс-гүрс, гүр-сар, гүрс те-гүрс, 
дабыр-дұбыр, даң, даң-даң, даң-дұң, даңғыр, дар-дар, дар-дұр, дөңк, дөңк-дөңк, 
ду, ду-ду, дұң, дұң-дұң, дүңк, дүңк-дүңк, дүр, дүр-дүр, дүрс, дүрс-дүрс, дүрік-дүрік, 
дыз, дыз-дыз, дік, дік-дік, діңк, діңк-діңк, еңк, еңк-еңк, зу, зу-зу, зың, зың-зың, зыр, 
зыр-зыр, зырқ, зырқ-зырқ, зірк, зірк-зірк, кеңк, кеңк-кеңк, күж, күж-күж, күңк, 

30
күңк-күңк, күр, күрк, күрк-күрк, күр-күр, күрс, күрс-күрс, күрт, күрт-күрт, кірт, 
кірт-ікрт, кірш, кірш-кірш, қаңғыр-даңғыр, қаңғыр-гүңгір, қаңғыр-күңгір, қаң, 
қаңқ,  қаңңқ-қаңқ,  қаңқ-құңқ,  қарқ,  қарқ-қарқ,  қарш,  қарш-қарш,  қарш-құрш, 
қаудыр-қаудыр, қаудыр, қатыр-құтыр, қашыр-қашыр, қашыр-құшыр, шыр, қиқ, 
қиқ-қиқ, қиқ-шиқ, қор, қорқ, қорқ- қорқ, қор-қор, қорс, қорс-қорс, қыбыр-жыбыр, 
қыбыр-қыбыр, қыбыр-сыбыр, қыж, қыж-қыж, қың, қылш-қылш, қыңқ, қыңқ-
қыңқ,  қыр,  қыр-қыр,  қырт,  қырт-қырт,  қырш,  қырш-қырш,  қытыр,  қытыр-
қытыр,  мыңқ,  мыңқ-мыңқ,  міңгір-міңгір,  пақ,  пақ-пақ,  пар-пар,  парт,  парт-
парт, патыр-патыр, патыр-пұтыр, порт, порт, пық, пық-пық, пыр, пыр-пыр, 
пырс, пырт, пырт-пырт, пыс, пыс-пыс, пытыр, пытыр-пытыр, пыш, пыш-пыш, 
сақ, сақ-сақ, сақ-сұқ, сақұр-сұқыр, салдыр-гүлдір, салдыр-күлдір, салдыр-салдыр, 
салдыр-сұлдыр, самбыр-самбыр, самбыр-күмбір, саңқ, саңқ-саңқ, саңқ-сұңқ, сар, 
сарқ-сарқ, сарқ-сұрқ, сар-сар, сарт, сартсарт, сарт-сұрт, сатыр-күтір, сатыр-
сатыр,  сатыр-сұтыр,  саудыр,  саудыр-саудыр,  сорап-сорап,  сұңқ,  сұңқ-сұңқ, 
сыбдыр-сыбдыр,  сыбыр-күбір,  сыбыр-сыбыр,  сық-сық,  сықыр,  сықыр-сықыр, 
сылдыр, сылдыр-сылдыр, сылдыр-күлдір, сырт-сырт, сырт, сыр-сыр, сыпсың-
сыпсың,  сытыр,  сытыр-сытыр,  тақ,  тақ-тақ,  тақ-тұқ,  тарс-тарс,  тарс-
тұрс,  тасыр,  тасыр-тасыр,  тасыр-тұсыр,  таңқ,  тапыр-тұпыр,  тар-тар, 
тарқ-тарқ, тарқ-тұрқ, тарс-күрс, тоқ, тоқтоқ, тоңқ, тоңқ-тоңқ, топ, топ-
топ, торс, торс-торс, тыз, тыз-тыз, тық, тық-тық, тықыр, тықыр-тықыр, 
тың,  тр-тр,  тырқ-тырқ,  тырқ,  тырң-тырң,  тырп-тырп,  тыр-тыр,  тырр-
тырр, тырс, тырс-тырс, тыс, үр, шаж, шақ, шақ-шақ, шақ-шұқ, шақұр-шұқыр, 
шаң, шаңқ,шаңқ-шаңқ, шаңқ-шұңқ, шаң-шұң, шаңғыршұңғыр, шаңғұр-шалдыр, 
шап, шап-шап, шап-шұп, шар, шарт, шарт-шарт, шартпа-шұрт, шарт-шұрт, 
шар-шар, шар-шұр, шатыр-шұтыр, шәңк, шәңк-шәңк, шәу, шәу-шәу, шиқ, шиқ-
шиқ,  шолп,  шолп-шолп,  шор,  шор-шор,  шу,  шу-шу,  шұң,  шұр,  шұр-шұр,  шөп, 
шүп, шүп-шүп, шыж, шыж-быж, шыж-мыж, шыж-шыж, шық- шық, шықыр, 
шықыр-шықыр,  шылдыр,  шылдыр-шылдыр,  шылқ,  шылқ-былқ,  мылқ-шылқ, 
шылп, шылп-шылп, шың. Шың-шың, шыңқ, шыңқ-шыңқ, шып, шып-шып, шыр, 
шыр-шыр, шырт, шырт-шырт, шіңгір, шіңгір-шіңгір, шіңк, шіңк-шіңк, ыз, ызу- 
қию, ызың, ызың-ызың, ың, ың-жың, ыңқ, ыңқ, ың-шың, ыр, ырр, ырс, ыс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет