Бейнелеуіш сөздер.Еліктеуіш сөздер есту қабілеті арқылы пайда болатын
түсініктердің аттарын білдірсе, бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер табиғатта
кездесетін құбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің
аттарын білдіреді.
Мысалы: «Ырғалып қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті» деген
сөйлемдерді алайық. Мұндағы қарқ деген сөз – қарғаның дауыстауынан естілген
дыбыстың атын аңғартатыны, соған сәйкес, еліктеуіш сөз сол түсініктің атауы
болатыны жоғарыда айтылады. Ал осындағы салп деген сөз дыбысты емес,
қарғаның аузынан ірімшіктің жергеқарай түсіп бара жатқан я түскен кезіндегі
31
бейнесін білдіреді. Тағы бір мысал: Ол жалт бұрылып, тақиясын ұстап
алмақ болып еді, жолдастарынан адасып қалды (Б.Соқпақбаев). Сәния кілт
тоқтап, артына бұрылып қарады дегендегі жалт және кілт деген сөздер
қалай бұрылғандықтың және қалай тоқтағандықтың бейнесін көрсетеді.
Еліктеуіш сөздер секілді бейнелеуіш сөздер де қосарланып қолданылады
да, солар арқылы бейнелетін құбылыстардың бірнеше рет қайталанғанын
білдіреді. Мысалы: елең-елең, жалп-жалп, жалт-жалт, жылт-жылт, қылт-
қылт, лап-лап, ағараң-ағараң, адыраң-адыраң, алшаң-алшаң, бұртаң-бұртаң,
дір-дір, ербең-ербең, жалмаң-жалмаң т.б.
Дыбыстық еліктеуіш сөздер секілді бейнелеуіш сөздер де қайталанған
екінші сыңарының ашық дауысты дыбысы қысаң дауысты еріндікке айналып,
іс-қимылдың бейнесінің бірде олай, бірде бұлай алмасып отыратынын
білдіреді. Мысалы: жалт-жұлт, жалп-жұлп, қалт-құлт, алақ-жалақ, далаң-
дұлаң, елбең-желбең, елең-алаң, жалтаң-жұлтаң, жапыр-жұпыр, жарқ-
жұрқ т.б.
Бейнелеуіш сөздердің де түбіріндегі дауысты дыбыстың ашық я қатаң
немесе жуан я жіңішке болуы сол сөздердің мағыналарына әсер етді. Мысалы:
От жалт етті және от жылт етті дегендердегі жалт деген сөзден көру қабілеті
күшті екендігі аңғарылса, жылт деген сөзден көріністің әлсіз болатынны
аңғарылады. Орамал жалп ете қалды және орамал желп ете қалды дегенде де екі
түрлі мағына аңғарылады.
Бейнелеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстардың ашық болуы
қозғалыс пен әрекеттердің ебедейсіздігін, дөрекілігін, оңтайсыздығын,
епсіздігін білдірсе, дауысты дыбыстардың қысаң болуы әрекет-қозғалыстың
мардымсыздығын, өнімсіздігін білдіреді. Мысалы: арбаң-арбаң, талтаң-
талатң, тарбаң-тарбаң, одыраң-одыраң деген сөздердің мағыналарын сол реті
бойынша ербең-ербең, тылтың-тылтың, тырбың-тырбың, едірең-едірең деген
сөздердің мағыналарымен салыстырып байқауға болады. Алдыңғы топ пен соңғы
топтың мағыналарында, әрине, айырмашылық бар. Өйткені Нұрғожа талтаң-
талтаң басып келеді екен (С.Мұқанов) деген мен Нұрғожа тылтың-тылтың
басып келеді екен дегендердегі талтаң-талтаң мен тылтың-тылтың дегендердің
мағыналары тең емес. Аю арбаң-арбаң етеді және аю ербең-ербең етеді дегенде
мағына айырмашылығы бар.
Бейнелеуіш сөздерге де сөз байланыстыратын (көптік, тәуелдік, септік,
жіктік) жалғаулар жалғанбайды. Демек, еліктеуіш сөздер секілді бұлар да
түрленбейді. Бейнелеуіш сөздер де ешбір өзгеріссіз тікелей етістіктермен тіркесіп
я дара мүше (жалт қарады, жалт-жалт қарады) болады, я күрделі мүшенің
құрамына енеді (жалт етті, жалт-жалт етті). Бұлар да еліктеуіш сөздер сияқты
дербес мүше болса, әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болып қызмет атқарады.
Мысалы, төмендегі сөйлемдердегі бейнелеуіш сөздер кілең пысықтауыш болып
32
тұр: Көк бура қанша таяқтаса да маң-маң басып асықпай келеді. Аттылар лек-
лек кетіп бара жатыр. Балалар елең-елең қарасты.
Сонымен бейнелеуіш сөздер деп табиғаттағы құбылыстар мен заттардың
және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет-
қимылдарын көру қабілеті арқылы қабылданған бейне-көрністердің атауларын,
яғни, солардың атаулары ретінде қызмет ететін сөздерді айтамыз.
Тілімізде кездесетін бейнелеуіш сөздер: ағараң, ағраң-ағараң, адыраң,
адыраң-адыраң, едірең, едірең-едірең, алақ, алақ-алақ, алақ-бұлақ, алақ-жалақ,
алақ-жұлақ, алаң, алаң-алаң, алаң-бұлаң, алшаң, алшаң-алшаң, апыл-тапыл,
апырақ-тапырақ, апыраң-тапыраң, арбаң, арбаң-арбаң, арбаң-ербең, арбаң-
құрбан, арбаң-тарбаң, арпыл-тарпыл, арса-арса, арсалаң-арсалаң, арсаң, арсаң-
арсаң, әкірең, әкірең-әкірең, әңкі, әңкі-тәңкі, әптәр-тәптәр, бағжаң, бағжаң-
бағжаң, бадыраң, бадыраң-бадыраң, бажалақ, бажалақ-бажалақ, бажалаң,
бажалаң-бажалаң, бажаң, бажаң-бажаң, бажаң-бұжаң, балп, балп-балп, балпаң,
балпаң-балпаң, барпаң, барпаң-барпаң, бедірең, бедірең-бедірең, без, без-без,
балп, балпаң-балпаң, бортаң, бортаң, бортаң-бортаң, будқ-буақ, бұлаң, бұлаң-
бұлаң, бұлғаң, бұлғаң-бұлғаң, бұлдыр, бұлдыр-бұлдыр, бұлың-бұлың, бұлт,
бұлт-бұлт, бұлтың-сылтың, бұлтың-бұлтың, бұралаң, бұралаң-бұралаң, бұраң,
бұраң-бұраң, бұртаң, бртаң-бұртаң, бұртаң-жыртаң, бүгжең, бүгжең-бүгжең,
бүгежең-бүгежең, бүкшең-бкшең, бүкшің-бүкшің, бүлк, бүлк-бүлк, бүрсең,
бүрсең-бүрсең, быжың, быжың-тыжың, былғаң, былқ, былқ-былқ, былқ-сылқ,
былп, былп-былп, былш, былш-былш, бртың, быртың-быртың, далаң, далаң-
далаң, далаң-дұлаң, далбаң, далбаң-далбаң, далбаң-дұлбаң, дал-дал, дал-дұл,
далдаң, далдаң-далдаң, далдаң-дұлдаң, далп, далп-далп, дар, дардаң, дардаң-
дұрдаң, делбең, делбең-делбең, домалаң, домалаң-домалаң, дікең, дікең-дікең,
дір, дірдек-дірдек, дір-дір, едірең-едірең, елбелең-елбелең, елбек, елбең-елбең,
елбең-желбең, елең, елең-алаң, елп, елп-елп, елп-желп, елпек, елпең, елпең,
елпең-селпең, емпелең, емпелең-емпелең, ербелең, ербелең-ербелең, ербең,
ербең-ербең, жабыр-жұбыр, жайнаң, жайнаң-жайнаң, жайпаң, жайпаң, жалаң-
жалаң, жалаң-жұлаң, жалба-жұлба, жалбаң, жалбаң-жалбаң, жалбыр-жылбыр,
жалбыр-жұлбыр, жалмаң, жалмаң-жалмаң, жалп, жалпаң-жалпаң, жалп-жалп,
жалп-жұлп, жалтаң-жалтаң, жалтаң-жұлтаң, жалтаң, жалтаң-жалтаң, жалт,
жалт-жалт, жалт-жұлт, жамп, жампаң, жап, жапыр-жұпыр, жарбаң, жарбаң-
жарбаң, жарқ, жарқ-жарқ, жарқ-жұрқ, жаутаң, жаутаң-жаутаң, желбең, желбең-
желбең, желең-желең, желп, желп-желп, жортаң, жортаң-жортаң, жыбыр-
жыбыр, жылмаң, жылмаң-жылмаң, жылмың, жылмың-жылмың, жылп, жылп-
жылп, жылпың, жымың, жымың-жымың, жып, жып-жып, жыплық, жыпылық-
жыпылық, жыпыр-жыпыр, жыртаң, жыртаң-жыртаң, жыртың, жыртың-жыртың,
имең-имең, ирелең-ирелең, ирең, кекең, кекең-секең, кекшең, кемсең, кердең-
кердең, керсең-керсең, кит, китің-китің ,көлбең, көлбең-көлбең, көлең, көлең-
33
көлең, күбің, күбің-күбің, күлмең-күлмең, күмп, күмп-күмп, кілк, кілк-кілк, кілт,
кілт-кілт, кілтің, кілтің-кілтің, кірбің, кіржің-кіржің, қадаң-қадаң, қодаң-қодаң,
қаз-қаз, қайқаң-қайқаң, қайқаң-құйқаң, қақаң, қақ, қақаң-қақаң, қақаң-сұқаң,
қақ-қақ, қалбақ, қалбалаң-қалбалаң, қалбалаң, қалбаң, қалбаң-қалбаң, қолбаң,
қалдыр-құлдыр, қалдыр-шұлдыр, құлдыр, құлдыр-шұлдыр, қалт, қалтаң, қалтаң-
қалтаң, қалтаң-құлтаң, қалт-қалт, қалт-құлт, қалш-қалш, қапыл-құпыл, қараң,
қараң-қараң, қараң-құраң, қарбаң-құрбаң, қарс, , қипақ, қипақ-қипақ, қипаң-
сипаң, қиралаң, қиралаң-қиралаң, қиралаң-сиралаң, қираң, қодаң, қодаң-қодаң,
қодыраң, қодыраң-қодыраң, қожалаң-қожалаң, қожаң-қожаң, қожыраң-қожыраң,
қойқаң,-қойқаң, қойқаң-сойқаң, қоқаң-қоқаң, қоқшыраң, қоқшыраң-қоқшыраң,
қоқыраң-қоқыраң, қолбаң, қолбаң-қолбаң, қалқ, қолп, қомп-қомп, қомпаң-
қомпаң, қоңқ, қоңқ-қоңқ, қопаң, қопаң-қопаң, қорбаң, қорбаң-қорбаң, қоржаң,
қорп, қорпаң, қорсаң, қортаң, қортаң-қортаң, қутаң-қутаң, қутың-қутың, құж,
құж-құж, құнжың-құнжың, құң, құржаң, құржаң-құржаң, қидың, қидың-қидың,
қызараң, қылаң, қылаң-қылаң, қыдың-қыдың, қыдың, қылаң-сылаң, қылжаң-
қылжаң, қылқ,қылқ-қылқ, қимаң, қимаң-қимаң, қылмың-қылмың, қылмың-
жлмың, қылп, қылп-қылп, қылт, қылт-сылт, қылтың, қылтың-қылтың, қылтың-
сылтың, лап-лап, лау, лау-лау, лақ, лақ-лақ, лек-лек, лұқ, лүк, лүп, лүп-лүп, лық,
лық-лық, лып, маймаң, маймаң-маймаң, малжаң, малжаң-малжаң, маң, маңқ,
маңқ-маңқ, маң-маң, мәймәң, мәймәң-мәймең, митың-митың, морт, мұқың-
мұқың, мүлт, мылт, мырс, мырс-мырс, мырсың, одыраң, одыраң-одыраң, олпаң-
салпаң, оралаң, өңк-өңк, өңкең-өңкең, салаң-салаң, салп, салп-салп, салтаң,
салтаң-салтаң, самп, самп-самп, сап, сарп, сарқ, сау, сау-сау, секең-секең, селк,
сек-селк, селт, селтек, селтең, селтең, селтең-селтең, серең, серең-серең, сипаң,
сипаң-сипаң, созалаң, сойдаң-сойдаң, солқ, солқ-солқ, сопаң, сопаң, сопаң-сопаң,
сораң, сораң-сораң, сумаң, сумаң-сумаң, сүмелең-сүмелең, сүмең, сүмең-сүмең,
сылаң, сылаң-сылаң, сылқ, сылқ-сылқ, сыла, сылп-сылп, сылтаң, сылтаң-сылтаң,
сылтың, сымп, сық-сық, сыңқ-сыңқ, сып, сып-сып, сыпсың, тай-тай, тайраң,
тайраң-тайраң, талтаң-талтаң, телмең-телмең, тепең-тепең, тербең, тап, тап-тап,
тарбалаң, тарбаң, тарбаң-тарбаң, тарп, тарп-тарп, тарсаң, томп, томпаң, томпаң-
томпаң, тоңқалаң-тоңқалаң, тымпың-тымпың, тымп, тыңқ, тып, тыраң, тырбаң,
тырбаң, тырбаң-тырбаң, үлп, шалп, шалп-шалп, шалп-шұлп, шошаң-шошаң,
шұбалаң, шұрқ, шұрқ-шұрқ, шүпір-шүпір, шүу, шым-шым, шымыр-шымыр,
ылпың, ылпың-жылпың, ырбаң, ырбаң-ырбаң, ырғалаң, ырғалаң-жырғалаң,
ырғаң, ырғаң-ырғаң, ыржаң-ыржаң, ыржың-тыржың, ырқ, ырқ-ырқ, ырсалаң,
ырсаң, ырс-ырс, ірк, ірк-ірк.
Еліктеуіш сөздердің тұлғалық сипаты
Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағына да, грамматикалық сыр-
сипаты жағынан да, фонетика-морфолгиялық құрылымы жағынан да өзге
34
сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес өз алдына дербес сөз табы
ретінде қаралатын бір алуан сөздер тобы – еліктеуіш сөздер (мимема) деп
аталынады.
Адамзатты қоршаған өмір – күрделі құбылыс. Күнделікті тіршілікте
қаншама іс-әрекеттердің куәсі болып, сол іс-әрекеттерді орындаймыз. Мысалы,
сағаттың тырсылы, құстың даусы, транспорттың гуілі, жапырақтардың
сыбдыры, завод-фабрикалардың дүрсілі, сарт-сұрт дыбыстар, қоңырау үні
тағы да басқа толып жатқан дыбыстарды, дауыстарды естиміз. Осы дыбыстар
мен дауыстарды естіп, көзбен көріп, күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде және
жазба әдеби тілде кеңінен қолданып та жүрміз. Бұл сөздер тобы тілімізде
семантикалық ерекшелігі жағынан да, фонетика-морфологиялық құрылымы
жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұрады, өз алдына жеке сөз табы
ретінде қаралып, еліктеуіш сөздер деп аталады. Мысалы:
Баяғы жартас – бір жартас,
Қаңқ етер, түкті байқамас (Абай).
Қара бием қалт етті,
Қабырғасы жалт етті (Жұмбақ).
Алдында айнасының қыз сыланып,
Үйінде көлбең қағып, маң-маң басты (Ж.Саин)
Осындағы қаңқ етер – дыбыстық еліктеуіш болса, жалт етті – көріністі,
көлбең, маң-маң – бейнелікті білдіріп тұр. Мұндай еліктеуіш сөздер дыбысқа,
көрініске тәуелді болып келеді.
Еліктеуіш сөздер семантикалық жағынан алып қарағанда, біріншіден,
табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысып-
соқтығысуынан туатын, неше түрлі жан-жануарлардың дыбыстауына, әртүрлі
әрекет қимылдарына еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе, екіншіден,
сол сан алуан құбылыстар мен заттардың және жан-жануарлардың сыртқы
пішіні мен қимылдарының көріністерінен пайда болатын түсініктерді де
білдіреді. Мысалы: сырт-сырт, тарс-тұрс, шылдыр-шылдыр, қарқ-қарқ,
пыш-пыш, күмп, салп, пыр-пыр, шырт-шырт, тық-тық, арс-арс, ыңқ-ыңқ,
сарт-сұрт, жалт-жұлт, сылаң-сылаң, алақ-жұлақ, бұлаң-бұлаң, гүрс, жалп,
кілт, қалт, жалт т.б.
Қазіргі қазақ тілінің грамматикасында еліктеуіш сөздер категориясының
да елеулі орны бар. Оның қазақ тілі мәтіндеріндегі қолданылуының
статистикалық сипаты туралы нақты деректерді біз тіл маманы А.Белботаевтың
қазақ мәтіндері негізінде қазақ тіліндегі сөз таптары категориясының
қолданылу сипатын анықтауға арналған «Қазақ текстеріндегі сөз таптарының
лингвостатистикалық сипаттамасы» деп аталатын зерттеуінен табамыз.
Бұл кестеден байқайтынымыз еліктеуіш сөздер түбір сөздерде тіліміздегі
сөздердің 0,14 пайызы мен 1,05 пайыз арасын қамтып, сөз таптарында сандық
35
көлемі жағынан 7-ші орынды иемденеді екен. Бұдан кейінгі орындарда ретіне
қарай «сан есім», « модаль сөздер» бар.
Еліктеуіш сөздер сөз тұлғада 0,04 пайыз бен 0,90 пайыз аралығын қамтып,
қазақ мәтіндеріндегі сөз таптарында сандық көлемі жағынан 9-ыншы орында
екен. Бұдан кейін модаль сөздер тобы бар. Ал тілдік қолданыста (сөзқолданыста)
сөз таптарының ішінде ең соңғы орында – 0,02 пайыз бен 0,66 пайыз аралығында.
Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздердің
статоморфологиялық сипаты
қ/с
Морфологиялық түрлері
Саны
Пайызы
1.
Жалаң
Негізгі түбір
211
23,6
Туынды түбір
183
20,5
2.
Күрделі
Қос сөз
500
55,9
Барлығы:
894
100.0 %
Жинастырған тілдік материалдар бойынша қазіргі қазақ тілінде 894 (сегіз
жүз тоқсан төрт) еліктеуіш сөздер бар. Оның 394-і (44 пайызы) жалаң еліктеуіш
сөздер де, 500-і (56 пайызы) күрделі еліктеуіш сөздер.
Жалаң түбір еліктеуіш сөздер сипаты
Негізгі еліктеуіш сөздер – айналадағы табиғат құбылыстарын құлақпен
есту арқылы қабылданған дыбыстардан және көзбен көру арқылы қабылданған
елес көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің атаулары. Демек, сол
дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде қызмет ететін негізгі еліктеуіш
сөздерді айтамыз.
Негізгі түбір еліктеуіш сөздерге мыналар жатады:
аң, аңқ, ар, әңк, баж, бақ, балп, барқ, барп, без, болп, борп, борс, борт, бұж, бұлт,
бұрқ, бүлк, быж, бық, былқ, былт, былш, быр, бырқ, бырс, бырт,
д а л п ,
даң, даңқ, дар, ду, дұң, дүңк, дүр, дүрс, дыз, дың, дыр, дік, діңк, дір, гу, гук, гүж,
гүр, гүрс, елп, еңк, жалп, жалт, жамп, жап, жарқ, желп, жылп, жылт, жып, зар, зу,
зың, зыр, зырқ, зірк, кит, күж, күмп, күңк, күр, күрк, күрс, күрт, кілк, кілт, кірт,
қақ, қалт, қаңқ, қарқ, қарс, қарш, қиқ, қолқ, қолп, қомп, қоңқ, қор, қорқ, қорп,
қорс, құқ, құж, қыж, қың, қылқ, қылп, қылт, қыңқ, қыр, қырт, қырш, лақ, лау, лұқ,
лүп, лық, лып, маң, маңқ, морт, мүлт, мылт, мыңқ, мырс, пақ, парт, порт, пық, пыр,
пырс, пырт, пыс, пыш, сақ, саңқ, салп, сап, сар, сарқ, сарт, сау, селк, селт, солқ, су,
сұлқ, сұңқ, сылқ, сылп, сылт, сымп, сыңқ, сып, сыр, тақ, таңқ, тап, тарп, тарс, тоқ,
томп, тоңқ, топ, торс, тыз, тық, тымп, тың, тыңқ, тып, тырқ, тырп, тырс, тыс, шаж,
шақ, шаң, шаңқ, шап, шар, шарт, шәңк, шәу, шолп, шор, шорт, шөп, шу, шұң, шұр,
шұрқ, шүр, шүу, шыж, шылқ, шың, шылп, шым, шың, шыңқ, шып, шыр, шырқ,
шырт, шіңк, үлп, үп, ыз, ық, ың, ыңқ, ыр, ырқ, ырр, ырс, ыс, ірк.
36
Негізгі түбір еліктеуіш сөздерге мыналар жатады:
Туынды еліктеуіш сөздер деп негізгі түбір еліктеуіш сөздерден және
басқа атауыш сөздерден де тиісті жұрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздерді
айтамыз. Туынды еліктеуіш сөздерге мыналар жатады: ағараң, адыраң, ала,
алаң, алшаң, арбаң, арсалаң, арсаң, әкірең, бағжаң, бадыраң, бажалақ, бажалаң,
бажаң, бажбалаң, бажыраң, балпаң, барпаң, бедірең, болпаң, борсың, бортаң,
бұлаң, бұлдыр, бұралаң, бұраң, бұртаң, бүгжең, бүгежең, бүкшең, бүкшің,
бүрсең, быжың, былғаң, быртың, далаң, далбаң, далдаң, даңғыр, дардаң,
делбең, домалаң, дікең, дыңғыр, едірең, елбең, елбек елбең елең, елпек, елпең,
емпелең, емпең, ербең, жайқаң, жайнаң, жайпаң, жалақ, жалаң, жалбаң, жалмаң,
жалпаң, жалтаң, жампаң, жарбаң, жаутаң, жортаң, жылмаң, жылмың, жылпың,
жылтың, жымпың, жымың, жыпылық, жыртаң, жыртың, ирелең, иірелең, иірең,
кекең, кекшең, кемсең, көлбең, көлең, күбің, кілтің, кірбең, қиралаң, қираң,
қодыраң, қожалаң, қожыраң, қойқаң, қоқыраң, қолбаң, қопаң, қорбаң, қоржаң,
қорпаң, қорсаң, қортаң, құйтың, құнжың, құржаң, қидың, қызараң, қылаң,
қылжаң, қылмаң, қылмың, қылтың, қытыр, маймаң, мырсың, одыраң, оралаң,
салаң, салбаң, салпаң, салпақ, салтаң, саудыр, секең, селтек, селтең, серең,
созалаң, сопаң, сораң, сумаң, сүмең, сықыр, сылаң, , сылдыр, сылтаң, сылтың,
сыпсың, сытыр, тайраң, тарбалаң, тарбаң, тарсаң, телмең, тепең, тербең, томпаң,
тоңқалаң, тықыр, тырбаң, шаңқаң, шоқаң, шолтаң, шошаң, шұбалаң, шықыр,
шылдың, шылдыр, шіңгір, ызың, ылпың, ырбаң, ырғалаң, ырғақ, ыржалаң,
ыржаң, ыржың, ырсалаң, ырсаң, ырсың.
Туынды еліктеуіш сөздер түбір еліктеуіш сөздерден де (мысалы: жалт-
аң, салп-аң,селт-ең, томп-аң, сылт-ың, қорс-аң, кілт-ің, жым-ың, жамп-аң,
ыз-ың), өзге атауыш сөздерден де жасалады (мысалы: адыр-аң, домала-ң,
қира-лаң,қызар-аң, жорт-аң).
Туынды еліктеуіш сөздер жасайтын жұрнақтар:
1.-ң, -ің, -ың,-аң, -ең жұрнағы. Осы жұрнақтармен мынадай еліктеуіш
сөздер жасалады:
а) Негізгі еліктеуіш сөздер арқылы төмендегі еліктеуіш сөздер
жасалынады: жылп-ың, қалт-аң, қиқ-аң, қорс-аң, сылт-ың, селт-ең, тыр-
аң, тарс-аң, томп-аң, балп-аң, шолт-аң, ырс-ың, кілт-ің, борс-ың, т.б.
ә) Кейбір атауыш сөздер (есімдер мен етістіктер) арқылы жасалады:
бұра-ң, былға-ң, жала-ң, жалма-ң, жорт-аң, жырт-ың, иір-ең, қара-ң,
қираң, көлбе-ң, қызар-аң, т.б.
б) Кейбір жеке-дара қолданылмайтын тұлғалар. Бұл тұлғалар қазіргі
уақытта өз алдына түбір сөз есебінде қолданылмайды, бірақ бұрын түбір
еліктеуіш сөздер болған деген болжам бар. Оларға мынадай сөздер мысалы
болады: арб-аң (арбай), ерб-ең (ерби), жарб-аң (жарби), кірб-ің (кірби),
37
қорб-аң (қорби), жым-ың (жыми), ырс-ың (ырси, ырсию), тыр-аң (тыри,
тыриған), бүрс-ең (бүрси, бүрсиме, бүрсию), салп-аң (салпи), қорс-аң
(қорсима), сер-ең (серейме, серей), сид-аң (сиди, сида).
2 . -лаң, -лең, -алаң, -елең жұрнақтары. Бұл жұрнақтар кейбір
етістіктерге жалғанып, туынды еліктеуіш сөздер жасайды. Мысалы: бұр-
алаң, иір-елең, соз-алаң, ора-лаң, қира-лаң, ырға-лаң т.б.
Күрделі түбір еліктеуіш сөздер сипаты
Күрделі еліктеуіш сөздер деп жалаң еліктеуіш сөздердің я негізгі,
я туынды формаларының не қайталауы, не қосарлануы арқылы жасалған
түрлерін айтамыз.
Күрделі еліктеуіш сөздер тілдегі қолданысында 6 түрлі лексика-
граматикалық тұлғалық топтарда қолданылады.
1-топ: Бір буынды бастапқы түбірдің сол тұлғасында қайталануынан
жасалған күрделі еліктеуіш сөздер аңқ, ар-ар, арс-арс, аф-аф, әңк-әңк, баж-
баж, бақ-бақ, балп-балп, барқ-барқ, барп-барп, без-без, борп-борп, борт-борт,
бұж-бұж, бұлт-бұлт, бұрқ-бұрқ, бүлк-бүлк, быж-быж, бық-бық, былқ-былқ,
былп-былп, былш-былш, быр-быр, бырқ-бырқ, бырс-бырс, бырт-бырт, гу-гу,
гук-гук, гүж-гүж, гүр-гүр, гүрс-гүрс, дал-дал, далп-далп, даң-даң, дар-дар,
дөңк-дөңк, ду-ду, дұң-дұң, дүңк-дүңк, дүр-дүр, дүрс-дүрс, дыз-дыз, дың-дың,
дыр-дыр, дік-дік, діңк-діңк, дір-дір, елп-елп, еңк-еңк, жалп-жалп, жалт-жалт,
жарқ-жарқ, желп-желп, жылп, жылт-жылт, жып-жып, зар-зар, зу-зу, зың-зың,
зыр-зыр, зырқ-зырқ, зірк-зірк, кеңк-кеңк, күж-күж, күмп-күмп, күңк-күңк,
күрк-күрк, күр-күр, күрс-күрс, күрт-күрт, кілк-кілк, кірт-кірт, кірт-кірт, қаз-
қаз, қақ-қақ, қалт-қалт, қалш-қалш, қаңқ-қаңқ, қарқ-қарқ, қарш-қарш, қиқ-
қиқ, қолп- қолп, қомп-қомп, қоңқ-қоңқ, қорқ-қорқ, қор-қор, қорс-қорс, құж-
құж, қыж-қыж, қыз-қыз, қылқ-қылқ, қылп-қылп, қылт-қылт, қылш-қылш,
қыңқ-қыңқ, қыр-қыр, қырт-қырт, қырш-қырш, лақ-лақ, лап-лап, лау-лау, лек-
лек, лүп-лүп, лық-лық, лып-лып, маңқ-маңқ, маң-маң, мыңқ-мыңқ, мырс-
мырс, өңк-өңк, пақ-пақ, пар-пар, парт-парт, порт-порт, пық-пық, пыр-пыр,
пырт-пырт, пыс-пыс, пыш-пыш, сақ-сақ, салп-салп, салп-салп, саңқ-саңқ,
сарқ-сарқ, сарт-сарт, сарт-сарт, сау-сау, селк-селк, солқ-солқ, сұңқ-сұңқ, сық-
сық, сылқ-сылқ, сылп-сылп, сың-сың, сыңқ-сыңқ, сып-сып, сыр-сыр, сырт-
сырт, тай-тай, тақ-тақ, тап-тап, тарқ-тарқ, тарп-тарп, тарс-тарс, тоқ-тоқ,
тоңқ-тоңқ, топ-топ, торс-торс, тыз-тыз, тық-тық, тр-тр, тырқ-тырқ, тырқ-
тырқ, тырп-тырп, тыр-тыр, тырр-тырр, тырс-тырс, шақ-шақ, шалп-шалп,
шаңқ-шаңқ, шап-шап, шарт-шарт, шир-шир, шәңк-шәңк, шәу-шәу, шиқ-шиқ,
шолп-шолп, шор-шор, шу-шу, шұрқ-шұрқ, шұр-шұр, шүп-шүп, шыж-шыж,
шық-шық, шылқ-шылқ, шым-шым, шым-шым, шың-шың, шыңқ-шыңқ,
шып-шып, шырт-шырт, шыр-шыр, шіңк-шіңк, ызың-ызың, ыңқ-ыңқ, ырқ-
ырқ, ырс-ырс, ірк-ірк
38
2-топ:Бір буынды бастапқы түбірдің қайталанған екінші сыңарындағы
дауысты не дауыссыз бір дыбыстың өзгеріліп айтылуы арқылы жасалынған
күрделі еліктеуіш сөздер алақ, алаң, алшаң, аңқ-аңқ, ар-ар, арс-арс, арбаң, арсаң,
арс-ұрс, аф-аф, әңк-әңк, бағжаң, баж-баж, бажаң, баж-бұж, бақ-бақ, балпаң,
балп-балп, барқ-барқ, барпаң, барп-барп, без-без, болпаң, борп-борп, борсың,
борт-борт, боржаң, бұж-бұж, бұлаң, бұлдыр, бұлт-бұлт, бұраң, бұрқ, бұрқ-сарқ,
бұртаң, бүгжең, бүкшің, бүлк-бүлк, бүрсең, быж-быж, быж-тыж, быжың, бық-
бық, былғаң, былқ-былқ, былқ-сылқ, былп-былп, былш-былш, быр-быр, бырқ-
бырқ, бырс-бырс, бырт-бырт, быртың, гу-гу, гук-гук, гүж-гүж, гүр-гүр, гүр-сар,
гүрс-гүрс, далаң, далбаң, дал-дал, дал-дұл, далдаң, далп-далп, даң-даң, даң-дұң,
даңғыр, дар-дар, дар-дұр, дардаң, делбең, дөңк-дөңк, ду-ду, дұң-дұң, дүңк-дүңк,
дүр-дүр, дүрс-дүрс, дыз-дыз, дың-дың, дыңғыр, дыр-дыр, дік-дік, дікең, діңк-
діңк, дір-дір, елбек, елбең, елең, елп-елп, елп-желп, елпең, еңк-еңк, ербең, жайқаң,
жайнаң, жайпаң, жалаң, жалбаң, жалмаң, жалпаң, жалп-жалп, жалп-жұлп,
жалтаң, жалт-жұлт, жампаң, жарбаң, жарқ-жырқ, жарқ-жұрқ, жаутаң, желп-желп,
жортаң, жылмаң, жылмың, жылп-жылп, жылпың, жылт-жылт, жылтың, жымпың,
жымың, жып, жыртаң, зар-зар, зу-зу, зың-зың, зырқ-зырқ, зірк-зірк, иірең, кекң,
кекшең, кемсең, кеңк-кеңк, көлбең, көлең, күбің, күж-күж, күмп-күмп, күңк-
күңк, күр-күр, күрк-күрк, күрс-күрс, күрт-күрт, кілк-кілк, кілтің, кірбең, кірт-кірт,
кірш-кірш, қаз-қаз, қайқаң, қақаң, қақ-қақ, қалбақ, қалбаң, қалжаң, қалт-қалт,
қалт-құлт, қалш-қалш, қаңғыр, қаңқ-қаңқ, қаңқ-құңқ, қараң, қарқ-қарқ, қарш-
қарш, қарш-құрш, қаудыр, қолбаң, қиқ-иққ, қиқаң, қираң, қодаң, қойқаң, қолбаң,
қолп-қолп, қомп-қомп, қоңқ-қоңқ, қопаң, қор-қор, қорбаң, қоржаң, қорқ-қорқ,
қорпаң, қорсаң, қорс-қорс, қортаң, құж-құж, құйтың, құлдыр, құнжың, құржаң,
қидың, қыж-қыж, қыз-қыз, қылаң, қылжаң, қылқ-қылқ, қылмаң, қылмың, қылп-
қылп, қылт-қылт, қыр-қыр, қырт-қырт, қырш-қырш, қытыр, лақ-лақ, лап-лап,
лау-лау, лек-лек, лүп-лүп, лып-лып, маймаң, маң-маң, мыңқ-мыңқ, мыңқ, мырс-
мырс, мырсың, мырыс, өңк-өңк, пақ-пақ, пар-пар, парт-парт, порт-порт, пық-пық,
пыр-пыр, пырт-пырт, пыс-пыс,пытыр, пыш-пыш, сақ-сақ, сақ-сұқ, салаң, салбаң,
салпаң, салп-салп, салтаң, самп-самп, саңқ-саңқ, саңқ-сұңқ, сарқ-сарқ, сарқ-сұрқ,
сар-сар, сарт-сарт, сарт-сұрт, саудыр, сау-сау, секең, селк-селк, селтек, селтең,
серең, солқ-солқ, сопаң, сораң, сумаң, сұңқ-сұңқ, сүмең, сық-сық, сықыр, сылдыр,
сылаң,сылқ-сылқ, сылп-сылп, сылтаң, сылтың, сың-сың, сыңқ-сыңқ, сып-сып,
сыжың, сыр-сыр, сырт-сырт, сытыр, тай-тай, тайраң, тақ-тақ, тақ-тұқ, тарс-тарс,
тарс-тұрс, тасыр, тап-тап, тар-тар, тарбаң, тарқ-тарқ, тар-тұрқ, тарп-тарп, тарсаң,
тарс-күрс, телмең, тербең, тепең, тоқ-тоқ, томпаң, тоңқ-тоңқ, топ-топ, торс-торс,
тыз-тыз, тық-тық, тықыр, тыраң, тр-тр, тырбаң, тырқ-тырқ, тырң-тырң, тыр-тыр,
тырр-тырр, тырс-тырс, шақ-шақ, шақ-шұқ, шалп-шалп, шалп-шұлп, шаңқаң,
шаңқ-шұңқ, шаң-шұң, шалп-шалп, шалп-шұлп, шаңқ-шаңқ, шаң-шұң, шап-
шап, шап-шұп, шар-шар, шарт-шарт, шарт-шұрт, шәңк-шәңк, шиқ-шиқ, шоқаң,
39
шолп-шолп, шолтаң, шор-шор, шошаң, шу-шу, шұрқ-шұрқ, шұр-шұр, шүп-шүп,
шыж-быж, шыж-мыж, шық-шық, шықыр, шылдың, шылдыр, шылқ-былқ, шылқ-
шылқ, шылп-шылп, шым-шым, шып-шып, шырт-шырт, шыр-шыр, шіңгір, ызың,
ылпың, ың-жың, ың-шың, ырғаң, ыңқ-ыңқ, ырбаң, ыржың, ырқ-ырқ, ырсаң,
ырсың, ырс-ырс, ірк-ірк
Достарыңызбен бөлісу: |