– Біздің жоба – таза қазақстандық жоба. Біз еліміздің оңтүстігіне
Ертіс суының 5-7 шаршы километр суын бұрып жіберуді ұсынамыз. Су
жинау орны – Шүлбі суқоймасы. Одан әрі су жолы Павлодар, Ақмола,
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының аумағымен
өтеді. Соңғы нүктесі Төменгі Шу суқоймасы болуы мүмкін (нұсқа түрін-
де). Каналдың жалпы ұзындығы – 3100 километр. Өздігінен ағатын су
жиналмасын қамтамасыз етуде, суқоймасының тіреп тұратын деңге-
йін 250-260 метрге дейін жеткізу үшін Шүлбі гидроторабының бөгетін
аздап ұлғайтуға тура келеді. Еліміздің
астанасының сумен қамтама-
сыз етілуін жақсарту үшін біз Шідерті суқоймасынан Есіл өзеніне дейін
270 километрлік Нұр-Сұлтан каналы тармағының құрылысын салуды
қарастырудамыз. Ол арқылы Нұр-Сұлтан жылына шамамен бір шар-
шы километрдей су алатын болады. Біз мынадай тұжырымға келдік:
трансқазақстандық канал Елімізді сумен жабдықтаудың бірыңғай
жүйесін қалыптастыруға негіз бола алады. Ол Қазақстанның сегіз су
шаруашылық бассейнін біріктіреді, бұл өзен ағысының ресурстарын
әлдеқайда тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
–
Сіз, «жоба Қазақстан аумағында»
–
деп айтып отырсыз. Мен біле-
тіндей, Ертістің төменгі жағында орналасқан Омск қаласы және Омбы
облысы біраздан бері су тапшылығын басынан өткеріп отыр. Егер
Қазақстан өзеннен 6-7 шаршы километр суды алатын болса, өзеннің
Ресей жеріндегі бөлігінде жағдай одан жақсара қоймайды. Яғни жоба
қалай алғанда да басқа елдің мүддесіне әсер етпей қоймайды және қан-
дай да бір консенсусқа қол жеткізуді талап ете ме?
– Тіптен Кеңестер Одағынан бастап су ресурстарын үлестіру шарт-
тары мен нормалары жасалған. КСРО тараған кезде, тәуелсіз елдер қол
қойған алғашқы құжаттар дәл осы суға қатысты болған. Олар бұрын-
дары жасалған барлық келісімдерді сол күйінде өз күшінде қалдырды.
2010 жылы жаңа жағдайларды есепке алып, шарттарға қайта қол қо-
йылды. Онда Орал мен Ертіс бойынша біздің өз үлесіміз бар, оны Ресей
тарабы да мойындап отыр. Егер Қазақстан Ертістен 6-7 шаршы кило-
метр су алатын болса, онда біз өз квотамыздың шеңберінен шықпай-
мыз және де ресейліктерде ешқандай қарсылықтар туындамауы тиіс.
Біздің барлық қиындық, қазіргі күні Қара Ертіс бассейнінде Қытай
мемлекеті ауқымды ирригациялық жұмыстар жүргізуде. Біздің баға-
лауымызша, таяу жылдары ҚХР өз қажеттіліктеріне 5-6 шаршы кило-
метр су алуы мүмкін. Осыған орай біздің Ертіс суын қалай толтыруға
қатысты идеямыз бар. Ол Қазақстан мен Ресей үшін ортақ,
өзара
тиімді бизнес-жобаның негізі бола алады. Оның мәні неде? Алтай-
дың ресейлік бөлігінде Бийск қаласының маңында Обь өзеніне құя-
тын Қатын өзені бар. Жоғарғы тұсында ол
Ертіске өте жақын тұстан
ағып өтеді, осы Қатынның суының бір бөлігін Бұқтырма суқоймасына
156
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы
бұруға нақты мүмкіндік бар. Бұдан не аламыз? Қатын суы Ертіске
құйылып, СЭС-ке электр энергиясын өндіруге жұмсалады, одан Ресей
тарабы өз үлесін алады. Содан кейін ол
Қазақстан аумағымен Омск
арқылы дәл сол Обь өзеніне құяды. Осылайша ресейліктердің қазір-
гі кездегі су тапшылығының орнын толтырады. Ағынды су жіберу
көлемі – шамамен 5 шаршы километр. Жобаны іске асыру барысында
ешкім де еш нәрсе жоғалтпайды, тек алады. Біз Қытай алатын судың
мөлшерінің орнын толтыра аламыз.
Жандос Ахметов
Достарыңызбен бөлісу: