Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет123/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Ауданның қалыптасуы
– географиялық конверттің біртектілігі, әр-
түрлі элементтердің өзара әрекеттесуінің горогендік теңсіздік қарқын-
дылығының көрінісі. 
Аудитория 
– дәріс, баяндама, сөз, т.б. тыңдаушылар.
Ауыл тұрғындары
– ауылшаруашылығы қызметін орындайтын елді 
мекендерде тұрақты тіршілік ететін халық, сонымен қатар орманшаруа-
158
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


шылығымен айналысатын адамдар. Ауылға орналастырудың басты түр-
лері: топтық (ауылдық); бытыраңқы (фермерлік).
Ауылшаруашылық
– материалдық өндірістің басты салаларының 
бірі: өнім алу үшін мәдени өсімдіктерді егу және мал өсіру.
Ауылшаруашылық алқаптары 
ауылшаруашылығына қолданы-
латын аумақтардың бір бөлігі. Өңделген жерлерден (егістік, көпжылдық 
көшеттер – бақшалар мен жүзімдіктер), жайылым мен шабындықтан
тұрады.
Ә
дістер 
– құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен 
амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсіл-
дері.
Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу 
– әлеуметтік және мәдени құ-
былыстарды зерттеу, қоғам дамуының заңдылықтарын, себептері мен 
даму көздерін айқындау.
Әлеуметтік-экономикалық география
– экономикалық география,
әлеуметтік география және тұрғындар географиясы болып бөлінеді. Оның 
зерттеу насындары – халық, шаруашылық және оның салалары, жара-
тылыс жағдайы мен ресурстар.
Әлеуметтік желі 
– көрсететіні әлеуметтік кескін болып табылатын 
әлеуметтік қарым-қатынасты құру, бейнелеу және ұйымдастыруға ар-
налған тұғырнама, онлайн-сервис немесе веб-сайт.
Әлеуметтік зерттеу 
– орынды методологиялық, әдістемелік және ұй-
ымдастырушылық-техникалық ресімдердің ретінен тұратын процесс, ол бір 
ғана мақсатта – келесі тәжірибелік тұрғыда қолдану үшін зерттеліп отыр-
ған құбылыс туралы шынайы мәліметтер алу мақсатында байланысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет