Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет122/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

А
ймақ
– осы ауданды басқа аудандардан ерекшелеп тұратын ортақ 
белгілері бар жекелеген экономикалық-географиялық ауданды білдіретін 
жақын жатқан елдер тобы.
Аймақшылдық
– шалғай жатқан кеңістіктердің дербестігіне бағдар-
лану. Бірнеше түрлері бар: экономикалық, мәдени, саяси және стратегия-
лық.
Аймақтық деңгей 
– аймақ билігінің (биліктің шаруашылық іс-әре-
кеттерге араласудан бас тартуын шамалайтын «либералдық» және мем-
лекеттік бақылаудың осы және басқа түрде сақталуын болжайтын «кон-
сервативтік») сипатының моделін таңдау.
Аймақтық қағидасы 
– басқарудың аумақтық жіктелуін қамтамасыз 
ететін географиялық және аймақтық әлеуметтік-экономикалық ортаның 
түрткіжайттарын есепке алу.
Аймақшылдық принципі 
– географиялық зерттеу мен сипаттаудың 
бастапқы нысаны нақты аумақ (аймақ) болатындығын білдіреді, оған та-
биғи феномендердің белгіленген кешені, тұрғындар мен олар құрған ша-
руашылық тән.
Ақпараттық индустрия – 
ақпарат саласын және адамдар арасын-
дағы коммуникацияны қамтамасыз ететін сала. 
Ақпарат көзінің нақтылығы
– дереккөздің ақпарат туындаған жер-
ге жақындық және қол жеткізу деңгейі.
Ақпараттың шынайылығы 
– алынған мағлұматтардың шындыққа 
жанасу көрсеткіші.
Антропогендік жүктеме
– барлық шаруашылық түрлерінің тұтас та-
биғатқа немесе оның жекелеген құрамдас бөліктеріне (бедер, топырақ, 
өсімдік және жануарлар әлемі) ықпалы. 
Антропогендік пайымдау
– басқа ой-пікірдің дұрыстығын дәлелдей-
тін тұжырым.
Астана
мемлекеттің басты қаласы, елдің әкімшілік-саяси орталығы.
Аудан құру
– ішкі өзара байланысы мен өзара әрекеттестігінің қар-
қындылығы жоғары ландшафт элементтерінің (табиғи аудан құру) неме-
се қоғамдық ұдайы өндіріс элементтерінің (экономикалық аудан құру) 
тұрақты кеңістіктік үйлесімінің пайда болу процесі. Аудан құру – геогра-
фиялық қабықтың әртектілігін, оның түрлі элементтерінің әркелкі хроно-
логиялық қарқындылығын көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет