оқымаған немесе жазбаған, толық немесе
жартылай аударған кез-
де орын алады. Сондықтан ғылым ретіндегі топонимиканың бас ты
міндеті – үкіметке, карта жасаушыларға және әлеуметке дұрыс жазу
мен айтуға, топонимдердің мағынасын анықтауға көмектесу. Басқа
тілден енген
топонимнің әріптерін толықтай, жүйелі түрде жалғас-
тырушы-тілдің әріптеріне ауыстыру процесі
транслитерация
деп
аталады. 9-сыныпта барлық бөлімдерді оқыған кезде Қазақстанның
топонимдерін зерделеумен және транслитерациялау мен
айналы-
сасыңдар. Бұл – өте маңызды бағыт, сондықтан онымен БҰҰ дең-
гейінде айналысады. Топонимдерді әлемдік
стандарттау мәселесін
географиялық атаулар жөніндегі БҰҰ сарапшыларының тобы қарас-
тырады. Олар бес жылда бір географиялық атауларды стандарт-
тау бойынша конференция өткізіп тұрады. Топонимдердің жүйе-
ленген тіркелуі мен адекватты берілуі туралы ереже карта жасауда,
ол пошта байланысы және бұқаралық ақпарат құралдары үшін
маңызды. Сарапшылар тобының маңызды ұсыныстарының бірі –
жергілікті географиялық атауларды басқамен ауыстыруға болмай-
тындығы туралы идеялары. Бұл географиялық
нысанның бірегей-
лігін, сол аумақта тұратын халықтың өзіндік ерекшелігін сақтауға
мүмкіндік береді.
1.
Өз қалауың бойынша – жеке, топ немесе жұппен отырып жер ша-
рындағы түрлі нысандардың топонимдерін әрбір тобына жататын
геогра фиялық атауларынан мысалдар келтіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: