Себепті-тексеру тәртібінде қандай да бір әрекеттің, оқиға не про-
цестің себебі не салдары (нәтижесі) талқыланады. Мәтінде бір мезетте
себебі де, салдары да талқылануы мүмкін. Мысалы, Шымкент қаласы-
ның әкімшілік мәртебесінің өзгеруінің немесе Түркістан
облысының
құрылуының аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жұмысына
әсері.
Салыстыру/қарсы қою
–
бұл ойға қонымды тәртіп, онда екі не
одан да көп құбылыстың не заттың арасындағы ұқсастық пен айыр-
машылықтар талқыланады. Мысалы,
Қазақстанның белгілі бір ай-
мағының елді дамытудың қандай да бір мемлекеттік бағдарламасын
енгізуге дейінгі және кейінгі табысы.
Мәтін азатжолдардан тұрады. Азатжолдың үш элементтен тұра-
тын құрылымы болады: барлық азатжолдың
тақырыптық сөйлемі
мен онымен байланысып тұратын тірек сөйлемдері болады, ал кейбір
азатжолдың қорытынды сөйлемі де болады.
Басқы сөйлем
азатжолдың негізгі ойын білдіреді. Ол тек азатжол-
дың тақырыбын атап қана қоймайды, сонымен бірге осы тақырыпты
өзіне тән аясында шектеп тұрады. Ол толықтай бір азатжолда қарас-
тырылуы мүмкін. Тақырыптық сөйлемнің өзіндік қырын атайтын бөлі-
гі қорытынды ой деп аталады. Мысалы:
«Белгілі бір мемлекеттің географиялық жағдайын көрсету үшін қолда-
нылатын кейбір ұғымдар әрқашан да нақты және дұрыс бола бермейді».
Тірек сөйлемдер
тақырыпты дамытады.
Олар егжей-тегжей-
лі ақпарат ұсына отырып, тақырыптық сөйлемді түсіндіреді
немесе
растайды. Жоғарыда келтірілген тақырыптық сөйлемге қатысты тірек
сөйлемдерге бірқатар мысал келтірейік:
«Алыс шетел» және «жақын шетел» ұғымдары бұқаралық ақпарат
құралдарында кейбір мемлекеттердің көршілік дәрежесін көрсеткісі кел-
ген жағдайда қолданылады. Сонымен бірге бұл үнемі
дұрыс бола бер-
мейді, өйткені Қазақстанмен тікелей шегаралас жатқан Қытай мемлекеті
«алыс шетелге», ал елімізбен мүлде шектеспейтін Украина «жақын ше-
телге» жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: