Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет31/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Баяндау еркіндігі.
Мұндай шығарманың авторына оқырманмен 
сөйлесудің сенімді үлгісін орнату маңызды; түсінікті болу үшін ол күр-
делілендірілген, анық емес, артық жазылатын қатаң құрылымдардан 
аулақ болады.
39
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Парадокстарға бейімділік. 
Эссе оқырманды (тыңдарманды) 
таңдандыруға арналған. Бұл – оның міндетті тұсы. Ойлануға арналған 
тұсы – көбінесе афористік, ашық түрде айтылған сөз, бірақ бір-бірін 
жоққа шығаратын тұжырымдарға, сипаттамаларға, тезистерге итер-
мелейтін парадоксалды анықтама.
Ішкімағыналық бірлік.
Композиция бойынша еркін, субъек-
тивтілікке бағдарланған шығарма. Сонымен бірге ішкімағыналық
бірлікке ие, яғни басты тезистері мен тұжырымдардың келісімділігіне, 
дәлелдер мен байланыстардың ішкі үйлесімділігіне, автордың жеке 
ұстанымы суреттелген пікірлердің қарама-қайшылықсыздығына ие.
Ауызша сөйлеу тіліне бейімделу.
Сонымен бірге сленгті, үлгі 
дәйексөздерді, қысқарған сөздерді, айрықша жеңіл айтылған сөздерді 
пайдаланбау қажет. Жазу барысында қолданылатын тіл байыпты түр-
де қабылдануы тиіс.
1. 
Қосымша дереккөздерін пайдаланып, Эйлер шеңберлерінде ака-
демиялық жазылым мен эссенің кез келген жанрларының арасын-
дағы айыр машылық пен ұқсастықты салыстырыңдар.
2. 
Кестенің берілген үлгісінің көмегімен ғылыми мақала мен эссенің 
негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңдар. Кесте нұсқа-
сын өз қалауларың бойынша жасауларыңа болады. 
Академиялық жазылым 
жанры 
Артықшылықтары
Кемшілікт ері
Ғылыми мақала
Эссе
Г
ЕОДЕРЕК
.
 
Қазақстандық ғалым – философ және географ, профессор 
Н.К. Мұқитанов әлемнің 9 тілінде 100-ден астам еңбек жазған. Оның 
«Страбоннан біздің уақытқа дейін: Географиялық түсініктер мен идея-
лардың эволюциясы» (Мәскеу, «Мысль» баспасы, 1985 ж.) кітабы 45 000 
дана тиражбен жарық көрген. Қазіргі кезде әлемнің көрнекті географ-
тарының еңбектерінде барынша көп аталған, география бойынша 
әлдеқайда сирек кітаптардың қатарына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет