тозаңнан, бұлттан шашыраған Күн сәулесі түрінде жетеді. Тура және
шашыранды радиация жиынтық радиацияны құрайды. Жер бетінен
шығатын радиацияның бір бөлігі
жұтылған радиация
деп аталады
(40-сурет)
.
Қазақстанда күн сәулесінің жылдық
нұрын шашу ұзақтығы өте
ұзақ, солтүстікте 2000 сағаттан бастап оңтүстікте 3000 сағатқа дейін
созылады.
1.
Тура күн радиациясы ашық және бұлтты күндердің болу заңдылық-
тарына байланысты. Қазақстанның солтүстігінде ашық күндер саны
120 күнді, ал оңтүстікте 260 күнді құрайды. Бұл Қырымның оңтүстік
жағалауына қарағанда әлдеқайда көп. Осыған түсініктеме беріңдер.
2.
«Жиынтық күн радиациясы» картасы бойынша Петропавл мен
Шымкент қалалары маңындағы радиация мөлшерін анықтаңдар. Күн
радиациясының мөлшері неге тәуелді?
Атмосфералық айналым
– бұл атмосферадағы ауа ағыны жүйесі
және климатты қалыптастырушы маңызды түрткіжайт.
Тропосфера қабатындағы вертикаль бағытта ғана емес, сонымен
қатар горизонталь бағытта да біркелкі емес, себебі
Жер бетіне жылу-
дың біркелкі таралмауы мен жердің төсеніш бетінің әртүрлі болуына
байланысты. Тропосфераны түрлі ауа массаларына бөледі.
40-сурет
.
Достарыңызбен бөлісу: