Климаттық жағдайлар. Ауа температурасы
Мемлекет қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Қазақстан-
ның ауқымды аумағында ауа температурасы біркелкі таралмаған. Бар-
лық аласа таулы-жазық жерлерінде жылдық орташа ауа температурасы
қолайлы. Ол солтүстігінде 0,4˚С-ты, оңтүстік шетінде 13,7˚С-ты құрайды.
Солтүстігінде қаңтар айындағы орташа температура –19˚С, оңтүстігін-
де –4˚С, шілдеде солтүстігінде + 19˚С, оңтүстігінде + 26˚С болады.
Жазда күн райы ыстық, жауын-шашын өте аз жауады, ауа, әсіре-
се оңтүстігінде өте құрғақ. Оңтүстікте жаз айларында температура
+ 40˚С-қа дейін, кейде тіптен одан да жоғары көтерілуі мүмкін. Қысы
суық, солтүстігінде ұзаққа созылады, ал оңтүстігінде жұмсақ, қоңыр
салқын. Қыста -50˚С-қа дейін аяз болуы мүмкін. Көктем сәуір айында
басталып, мамырдың соңына дейін созылады. Осы мезгілде күн райы
тұрақсыз болады. Ашық әрі жылы күн райы күрт салқындауға ұласуы
мүмкін. Күзде күн райы көктемге қарағанда әлдеқайда тұрақты, бірақ
түнде салқын болады.
Достарыңызбен бөлісу: