Дүниежүзінде 260-тан астам өзеннің бассейндері екі немесе бірне-
ше мемлекеттің арасында бөлініп орналасқан. Егер бұл мемлекет-
тер осы бассейндерді бірлесіп пайдалану туралы айқын келісім жа-
самайтын болса, онда көршілес елдердің қарым-қатынасында айтар-
лықтай алаңдаушылық туындауы мүмкін.
Соңғы 50 жыл ішінде 507 «су» шиеленістері болғаны анықталған,
оның 21-і әскери іс-қимылдарға ұласты. Бірден бірнеше мемлекеттің
аумағында орналасқан өзендер мен
көлдерде су шығынын реттеу
бойынша туындаған шиеленістер ежелгі замандардан белгілі. Өзен
ағысының жоғарғы жағында орналасқан мемлекеттер ағыстың бо-
йында төменгі жағында орналасқан мемлекеттердің тұрғындарына
қолжетімді судың көлеміне де, сонымен бірге сапасына да әсер етуге
мүмкіндіктері бар.
Су ресурстары аясындағы негізгі шиеленіс белдеуі Солтүстік Аф-
рикадан бастап,
Таяу Шығыс, Орталық және Оңтүстік Азия арқылы
Солтүстік Қытайға қарай өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: