шылығымен айналысатын адамдар. Ауылға орналастырудың басты түр-
лері: топтық (ауылдық); бытыраңқы (фермерлік).
Ауылшаруашылық
– материалдық өндірістің басты салаларының
бірі: өнім алу үшін мәдени өсімдіктерді егу және мал өсіру.
Ауылшаруашылық алқаптары
– ауылшаруашылығына қолданы-
латын аумақтардың бір бөлігі. Өңделген жерлерден (егістік, көпжылдық
көшеттер – бақшалар мен жүзімдіктер), жайылым мен шабындықтан
тұрады.
Ә
дістер
– құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен
амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсіл-
дері.
Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу
– әлеуметтік және мәдени құ-
былыстарды зерттеу, қоғам дамуының заңдылықтарын, себептері мен
даму көздерін айқындау.
Әлеуметтік-экономикалық география
– экономикалық география,
әлеуметтік география және тұрғындар географиясы болып бөлінеді. Оның
зерттеу насындары – халық, шаруашылық және оның салалары, жара-
тылыс жағдайы мен ресурстар.
Әлеуметтік желі
– көрсететіні әлеуметтік кескін болып табылатын
әлеуметтік қарым-қатынасты құру, бейнелеу және ұйымдастыруға ар-
налған тұғырнама, онлайн-сервис немесе веб-сайт.
Әлеуметтік зерттеу
– орынды методологиялық, әдістемелік және ұй-
ымдастырушылық-техникалық ресімдердің ретінен тұратын процесс, ол бір
ғана мақсатта – келесі тәжірибелік тұрғыда қолдану үшін зерттеліп отыр-
ған құбылыс туралы шынайы мәліметтер алу мақсатында байланысқан.
Достарыңызбен бөлісу: