Қазақстанның су бассейндеріндегі су ресурстары ахуалының на-
шарлауын туындататын негізгі себептер мыналар:
– суды ауылшаруашық қажеттіліктеріне көп мөлшерде алу, өзен-
нің жоғарғы жағында орналасқан елдерде СЭС-пен суқоймаларында
суды жинақтау;
– суландырылатын жер ауданының үлкен болуы және іргелес мем-
лекеттер мен Қазақстанның ауылшаруашылық өндірісінің тиімділі-
гінің төмен болуы;
– су алу көлемі мен көршілес елдердің аумағына ағын суды жіберу
көлемі бойынша келісімнің болмауы;
– суландыру жүйесінің коллекторлы-дренаждық суларын, іргелес
мемлекеттер мен Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары мен елді
мекендерінің қашыртқы суларын өзенге жіберу.
Достарыңызбен бөлісу: