3. Саяси, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық санаттар бойын-
ша судың алынуы (азаюы) нәтижесінде туындауы мүмкін мәселелерді
анықтаңдар.
Г ЕОДЕРЕК . Республиканың тауларында мұз басқан ауданы 2033 км
2
болатын барлығы
2724 мұздық бар. Мұзының жалпы көлемі – 100 км
3
тұщы су. Бұл Қазақстан аумағында түзілетін өзен ағысының жылдық
ресурсынан шамамен екі есе көп.
ОЙЫҢДЫ ТҰЖЫРЫМДА 1. Трансшегаралық су ресурстарының үлесі бойынша Қазақстанның
өзен бассейндерінің рейтингісін диаграмма түрінде жасаңдар.
2. Келесі топтар бойынша трансшегаралық суларды бірлесе пайдалану
мәселелерін шешудің қандай тәсілдерін ұсынасыңдар және ол ұсыныс-
тың артықшылықтары қандай?
– ауылшаруашылық қажеттіліктеріне суды көп мөлшерде алу, өзеннің
жоғарғы ағысында орналасқан елдердің СЭС-пен суқоймаларына су
жинақтауы;
– суландырылатын жерлердің ауданының үлкен және іргелес мемле-
кеттер мен Қазақстанның ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігінің
төмен болуы;
– су алу көлемі мен көршілес елдердің аумағына ағын суды жіберу
көлемі бойынша келісімнің болмауы;
– суландыру жүйесінің коллекторлы-дренаждық суларын, іргелес
мемлекеттер мен Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары мен елді
мекендерінің қашыртқы суларын өзенге жіберу.
3. Трансшегаралық суларды бірлесе пайдалану мәселелерін шешуге
қандай мемлекеттік органдар тартылған?
4. Трансшегаралық суларды бірлесе пайдалану бойынша қандай сала
мамандары жұмысқа тартылған? Осы мәселелерді шешу үшін оларға
су насындары туралы қандай географиялық білім қажет?
5. Басты сипаттамасын, қиындықтарын, себептері мен шешу жол-
дарын көрсете отырып,
өз қалауларың бойынша
Қазақстанның
трансшегаралық бір су нысаны туралы кез келген түрде кішігірім ха-
барлама әзірлеңдер.
154 Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы