Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет120/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   146
32
1.
География институтының директоры, география ғылымдары-
ның докторы, профессор Медеу Ахметқалмен болған сұхбаттан 
берілген үзіндіні оқыңдар және деректер базасынан осы мақала-
ны тауып алуға болатын негізгі сөздердің тізімін жасаңдар.
2016 жылдың қыркүйегінде ҚР АШМ-нің қолдауымен, ҚР БҒМ-нің
қатысуымен География институты аясында «Орталық Азияның су ре-
сурстары және олардың қолданылуы» тақырыбында ауқымды ғылыми-
тәжірибелік конференциясы өтті.
– 
Осы төңірегінде сіздердің институттарыңыз қандай зерттеулер 
жүргізеді?
– Тек соңғы 10–15 жылда еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
мәселесіне қатысты ірі маңызды зерттеулер жүргізілді. Бүгінгі күні
институт екі бағдарлама орындап жатыр: «Қазақстанның су ресурс-
тары және олардың пайдаланылуы» және «ҚР су қауіпсіздігінің страте-
гиясы» ғылыми негіздемесі. 
– 
Су дағдарысының тағы бір қыры бар: түрлі аймақтардың сумен 
біркелкі қамтамасыз етілмеуі. Бір аудандарда шелектеп құйсаң да 
бәрібір, ал енді бірінде ол алтынмен теңеседі...
– Иә, және де бұл қазіргі тапшылықты жеңілдетудің тағы бір нұс-
қасын көрсетеді: су ресурстарын аумақтарға қайта үлестіру. Бүгін-
гі күні дүниежүзінде су ағысын жіберудің жиынтық көлемі 500 текше 
километрді құрайды. Бір Канаданың өзі сулы ауданнан қуаң жерге 
қарай 140 текше километр суды айдайды. Бұл Қазақстандағы бар су-
дың жиынтық көлемінен де артық. Біздің елімізде де су ресурстары 
біркелкі таралмаған. Оның үштен бірінен астамы Ертіс бассейнінде 
жинақталған. Онда бір адамға жылына 20 мың шаршы метр суға дейін 
келеді, сол мезетте Орталық және еліміздің астанасы орналасқан Сол-
түстік Қазақстанда бұл көрсеткіш тек 1-2 мың шаршы метрге тең. Бол-
жам бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарының саны үш-төрт 
жылдан кейін 1,2 млн адамға жететіндігін есепке алсақ, онда су мәсе-
лесі бұл жерде айрықша күрделі мәселеге айналатынын болжау қиын 
емес. Осы аудандардың сумен қамтамасыз етілуін арттыру үшін біздің 
институтымыз осы жерлерде Ертіс өзені ағынының бір бөлігін жіберу 
туралы стратегиялық маңызды жобаны қоғам талқылауына ұсынды. 
– 
Сіз Сібір өзендері ағынының бір бөлігін Қазақстанның оңтүстігіне 
жіберу туралы ескі жобаны жандандыруды көздеп жүрсіз бе?
155
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


– Біздің жоба – таза қазақстандық жоба. Біз еліміздің оңтүстігіне 
Ертіс суының 5-7 шаршы километр суын бұрып жіберуді ұсынамыз. Су 
жинау орны – Шүлбі суқоймасы. Одан әрі су жолы Павлодар, Ақмола, 
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының аумағымен 
өтеді. Соңғы нүктесі Төменгі Шу суқоймасы болуы мүмкін (нұсқа түрін-
де). Каналдың жалпы ұзындығы – 3100 километр. Өздігінен ағатын су 
жиналмасын қамтамасыз етуде, суқоймасының тіреп тұратын деңге-
йін 250-260 метрге дейін жеткізу үшін Шүлбі гидроторабының бөгетін 
аздап ұлғайтуға тура келеді. Еліміздің астанасының сумен қамтама-
сыз етілуін жақсарту үшін біз Шідерті суқоймасынан Есіл өзеніне дейін 
270 километрлік Нұр-Сұлтан каналы тармағының құрылысын салуды 
қарастырудамыз. Ол арқылы Нұр-Сұлтан жылына шамамен бір шар-
шы километрдей су алатын болады. Біз мынадай тұжырымға келдік: 
трансқазақстандық канал Елімізді сумен жабдықтаудың бірыңғай
жүйесін қалыптастыруға негіз бола алады. Ол Қазақстанның сегіз су 
шаруашылық бассейнін біріктіреді, бұл өзен ағысының ресурстарын 
әлдеқайда тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
– 
Сіз, «жоба Қазақстан аумағында» 
– 
деп айтып отырсыз. Мен біле-
тіндей, Ертістің төменгі жағында орналасқан Омск қаласы және Омбы 
облысы біраздан бері су тапшылығын басынан өткеріп отыр. Егер
Қазақстан өзеннен 6-7 шаршы километр суды алатын болса, өзеннің 
Ресей жеріндегі бөлігінде жағдай одан жақсара қоймайды. Яғни жоба
қалай алғанда да басқа елдің мүддесіне әсер етпей қоймайды және қан-
дай да бір консенсусқа қол жеткізуді талап ете ме?
 
– Тіптен Кеңестер Одағынан бастап су ресурстарын үлестіру шарт-
тары мен нормалары жасалған. КСРО тараған кезде, тәуелсіз елдер қол 
қойған алғашқы құжаттар дәл осы суға қатысты болған. Олар бұрын-
дары жасалған барлық келісімдерді сол күйінде өз күшінде қалдырды. 
2010 жылы жаңа жағдайларды есепке алып, шарттарға қайта қол қо-
йылды. Онда Орал мен Ертіс бойынша біздің өз үлесіміз бар, оны Ресей 
тарабы да мойындап отыр. Егер Қазақстан Ертістен 6-7 шаршы кило-
метр су алатын болса, онда біз өз квотамыздың шеңберінен шықпай-
мыз және де ресейліктерде ешқандай қарсылықтар туындамауы тиіс. 
Біздің барлық қиындық, қазіргі күні Қара Ертіс бассейнінде Қытай 
мемлекеті ауқымды ирригациялық жұмыстар жүргізуде. Біздің баға-
лауымызша, таяу жылдары ҚХР өз қажеттіліктеріне 5-6 шаршы кило-
метр су алуы мүмкін. Осыған орай біздің Ертіс суын қалай толтыруға 
қатысты идеямыз бар. Ол Қазақстан мен Ресей үшін ортақ, өзара 
тиімді бизнес-жобаның негізі бола алады. Оның мәні неде? Алтай-
дың ресейлік бөлігінде Бийск қаласының маңында Обь өзеніне құя-
тын Қатын өзені бар. Жоғарғы тұсында ол Ертіске өте жақын тұстан 
ағып өтеді, осы Қатынның суының бір бөлігін Бұқтырма суқоймасына
156
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


бұруға нақты мүмкіндік бар. Бұдан не аламыз? Қатын суы Ертіске
құйылып, СЭС-ке электр энергиясын өндіруге жұмсалады, одан Ресей 
тарабы өз үлесін алады. Содан кейін ол Қазақстан аумағымен Омск 
арқылы дәл сол Обь өзеніне құяды. Осылайша ресейліктердің қазір-
гі кездегі су тапшылығының орнын толтырады. Ағынды су жіберу
көлемі – шамамен 5 шаршы километр. Жобаны іске асыру барысында 
ешкім де еш нәрсе жоғалтпайды, тек алады. Біз Қытай алатын судың 
мөлшерінің орнын толтыра аламыз.
Жандос Ахметов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет