Басқы сөйлем өте жалпылама болмауы тиіс не мағынаны егжей-
тег жейлі ашуы керек:
Көптеген топонимдердің моңғолдық шығу төркіні әрқашан да анық
бола бермейді.
Ол топонимдердегі түбір сөз «Нарын» (Нарын, Нарынқол, Нарынқұм)
моңғолдың
нарийн
сөзінің өзгеріске енген түрі болуы мүмкін және «жіңіш-
ке», «жұқа» (өте дәл) дегенді білдіцреді.
Қазақ топонимдерін дамытуға көптеген басқа да тілдер әсер етті (өте
жалпылама).
Әр азатжол сөйлемдерден тұрады. Бір сөйлем аяқталған бір ойдан
тұрады. Қарапайым сөйлем субъект пен етістіктен тұруы тиіс (баста-
уыш пен баяндауыш). Мысалы:
«Зерттеушілер қазақ топонимдерін мынадай екі топқа бөледі: 1) ана
тілі негізінде пайда болған; 2) басқа тілдегі сөздер негізінде пайда болған».
1.
Мақаланың төменде берілген үзіндісін оқып шығып, мұнда қандай
тезис дәлелденіп отырғанын анықтаңдар.
Л.Н. Гумилев пен К.П. Ивановтың «ЭТНИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР:
ЗЕРТТЕУДІІҢ ЕКІ ТӘСІЛІ» мақаласынан үзінділер
«…әрбір этнос ландшафт биоценозында
адам баласының бейім-
делуінің бірегей үлгісін көрсетеді. Әдетте
суперэтностар белгілі бір
этноландшафтылық зоналардың шегараларында
тіршілік ететінін
байқауға болады.
Рим әлемінің солтүстік шегарасы жүзім сабағының таралу зонасын
кесіп өтпеген, ал оңтүстігінде Аравия мен Африканың далалық және
шөлейтті ландшафтыларымен шектелген. Мұсылман Шығысы немесе
Левант, суперэтнос ретінде оазистерде отырғызылған құрма ағашы-
ның бейімделу шегарасынан алысқа таралған жоқ. Ол адам мен түйе-
нің таңғажайып селбесуі орын алған шөлейт зонамен сәйкес келді.
Батысында Венгр пушталарынан бастап созылған Еуразияның құрғақ
далалары, шығысында Хинган баурайына дейін Далалық суперэтнос-
тың экологиялық жұтаңдығын көрсетеді. Қазіргі уақытта түріктер мен
моңғолдардың ұрпақтары – еңбекке
ысылған бақташылар мен мал-
шылар қоныстанған. Ұлы Қытай қорғаны дала ландшафтысын субтро-
пиктік Қытайдан – Аспан асты елінен бөліп тұр. Мұнда ирелеңдеген
Хуанхэ және Янцзы алаптарында
тынымсыз еңбектеніп, күріш
өсіре
отырып,
Қытай халқы тіршілік етеді
»
.
Алғаш жарияланған // Социологиялық зерттеулер, 1992, №1, 50-57-б.
37
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы