Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет30/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   146
Қорытынды (Conclusion)
– негізгі бөлімде берілген әрбір тезис
бойынша жасалған негізгі тұжырымдарды қысқаша жалпылау және 
баяндау. Оқырман келтірілген дәлелдердің негізінде қисынды қоры-
тындыға келуі тиіс.
Егер де кіріспе бөлімнің мақсаты оқырманды қызықтыру болса,
онда соңғы сөйлемнің мақсаты – жалпы суреттемені толықтыру, оқыр-
манның есінде шығарманы қалдыру және оны ойлануға итермелеу.
Эссе жазу бойынша берілетін ұсыныстар
Кіріспе мен қорытынды мәселеге назар аудару тиіс (ол кіріспеде 
қойылады, қорытындыда автордың пікірі түйінделеді).
Эссе жазған кезде қысқа сөйлемдерді ұзын сөйлемдермен кезек-
тестіріп отыру қажет. 
Мағынасы аса таныс емес күрделі және түсініксіз сөздерді қолдану-
дың қажеті жоқ.
Ортақ сөз орамдарын барынша азырақ қолдану керек. Эссе біре-
гей, дараланған, автордың жеке тұлғасын көрсететін болуы тиіс.
Жеке басының тәжірибесін, естеліктер мен алған әсерін суреттеу – 
өз көзқарасың мен оқырманның пікірін дәлелдеудің тәсілі.
Тақырыпты және негізгі идеяны ұстану, одан ауытқымай және қа-
жетсіз жерлерді сипаттамай жазу қажет.
Эссені аяқтағаннан кейін оны қайта оқып шығып, жазу барысында 
баяндау логикасының сақталғандығына көз жеткізу керек.
Эсседе фактілер мен зерттеу нәтижелерін қолданып, оларды нақты 
жазу қажет.
Эссе белгілері
Жанрдың кейбір ортақ белгілерін (ерекшеліктерін) айтуға болады:
Кішігірім көлем. 
Қандай да бір қатаң шектеулер жоқ. Көлем – 
компьютерде терілген үш-жеті бет.
Нақты тақырып және айқын субъективті түсіндірілуі. Эссе тақыры-
бы әрқашанда нақты. Ол көп тақырыптан немесе идеядан (ойдан) тұр-
майды және бір ғана нұсқаны, бір ойды білдіреді, және оны дамытады. 
Бұл – бір сұрақтың жауабы. 
Еркін композиция
– жанрдың маңызды артықшылығы. Эссе үшін 
белгілі бір жасанды шектеулер жоқ. Баяндау логикасын автордың өзі 
анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет